- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Биоселак
Биоселак
Өнім мәліметтері
Өндіруші | ИББС Биомед IBSS Biomed S.A. |
---|---|
Өндіруші елі | Польша |
Форма | суппозиторий |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Лактобактерялар Lactobacillus rhamnosus, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 6490 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Саудалық атауы
Биоселак
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қынаптық капсулалар
Құрамы
1 капсуланың құрамында
белсенді зат –Lactobacillus rhamnosus 573 таяқшалары - 1010 жуық (108 КТБ кем емес),
қосымша заттар: майсыз ұнтақ тәрізді сүт, сахароза, натрий L-глутаматы, картоп крахмалы, магний стеараты, маннитол.
Капсула құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин.
Сипаттамасы
Ақ түсті капсулалар. Капсула ішіндегісі: сарғыш-крем түсті біртекті ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G02C X
Фармакологиялық қасиеттері
Биоселак сау әйелдер қынабының қалыпты микрофлорасының құрамына кіретін және патогенді микроорганизмдер дамуының қорғаныш функциясын қамтамасыз ететін сүтқышқылды бактериялар болатын қынаптық капсулалар түрінде шығарылады.
Қынаптық жұқпаларды антибиотиктермен және сульфаниламидтермен жергілікті немесе жүйелі емдеу, гормональді ем, гигиенаның дұрыс болмауы қынаптың табиғи микрофлорасын бұзады, аурулардың қайталану қаупін арттырады. Биоселак емдік әсері тікелей қынапта сүт-қант жеткізушіде лиофилизацияланған Lactobacillus rhamnosus 573 сүтқышқылды бактерияларының белсенді штаммдарын енгізу жолымен қамтамасыз етіледі және қынаптың 4,0 - 4,7 дейін рН жылдам төмендеуінде, ауру тудыратын бактериялардың өсуі мен көбеюін белсенді басуда, қынаптың өзіндік микрофлора мен қынаптағы физиологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруде байқалады.
Зерттеулер ко-тримоксазолға және метронидазолға Lactobacillus rhamnosus 573 төзімділігін in vitroрастаған, сондықтан Биоселакты құрамында осы заттар бар препараттармен емдеу кезінде пайдалануға болады.
Қолданылуы
Биоселак төмендегі жағдайларда қынаптың қалыпты микрофлорасын қалпына келтіру мен демеу үшін қолданылады:
- спецификалық және спецификалық емес қынаптық жұқпалардың алдын алу мен емдеуде
- вагинитті, оның ішінде шығу тегі бактериялық вагинитті кешенді емдеуде
- вульвоқынаптық кандидоздың алдын алуда
- шығу тегі әртүрлі қынап дисбиозының алдын алуда
- әртүрлі антибиотиктерді, пероральді немесе қынаптық контрацептивтерді қолданғанда
- жергілікті гинекологиялық араласулар жүргізгенге дейін
- тампондар, жергілікті контрацептивтер пайдаланғанда, гигиена жеткіліксіз болғанда алдын алу іс-шарасы ретінде
- қынаптық бөлінулер туындағанда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті қолдану үшін (қынап ішіне).
Капсуланы жеке гигиена ережесін сақтай отырып, қынапқа терең енгізу қажет.
Биоселакты тәулігіне 1 - 2 капсуладан (біреуін таңертең және біреуін кешке ұйықтар алдында) 7-10 күн бойы пайдаланады.
Қажет болғанда емдеуді қайталау керек.
Жағымсыз әсерлері
Препарат жақсы көтерімді.
Бірлі-жарым жағдайларда жергілікті аллергиялық реакциялар (қышыну, күйдіру сезімі, қынап секрециясының ұлғаюы) болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Биоселакты емделушілер бактерияға қарсы, трихомонацидтік немесе зеңге қарсы (метронидазол мен ко-тримоксазолды қоспағанда) дәрілермен бір мезгілде пакйдаланбауы тиіс, сондай-ақ емдеу кезеңінде антисептикалық ерітінділерді пайдаланып қынаптық бүркіп жуудан тартына тұрғандары жөн, өйткені олар препарат тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Иммунитет жүйесінің күрделі бұзылуы жағдайында Биоселак препаратын сақтықпен қолдану қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде емдеуші дәрігердің көрсетілімі бойынша тағайындалады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген.
Артық дозалануы
Қазіргі кезде препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Артық дозалану емделушінің жай-күйіне қауіп төндірмейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Құтыда 10 капсула.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
10 капсула поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
2 ºC-ден 8ºC-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек.
25ºC-ден аспайтын сақтау температурасында препараттың жарамдылық мерзімі 4 аптаны құрайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«БИОМЕД С.А. сарысулар және вакциналар биотехнология институты »