Ливарол

Өнім мәліметтері
ӨндірушіНижфарм
Өндіруші еліРесей
Формасуппозиторий
Саны5
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Кетоконазол, негізгі400 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік затты медициналық қолдану

          жөніндегі нұсқаулық

 

Ливарол®

 

Саудалық  атауы

Ливарол®

 

Халықаралық  патенттелмеген атауы

Кетоконазол

 

Дәрілік түрі

400 мг қынаптық суппозиторийлер

 

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат – кетоконазол              400 мг,

қосымша заттар: бутилгидроксианизол,

суппозиторийлерге арналған негіз: макрогол 1500, макрогол 400 – салмағы 3,0 г суппозиторий алғанға дейін 

 

Сипаттамасы

Торпеда пішінді, ақ, сарғыш немесе сұрғылт, немесе крем реңдес ақ түсті суппозиторийлер. Суппозиторийлер біртекті болуы тиіс. Қимасында теңбілдер болмауы тиіс. Беткейінің мәрмәрлануына жол беріледі 

 

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімді қоспағанда). Имидазол туындысы. Кетоконазол. 

АТХ коды G01AF11

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қынап ішіне қолданған кезде жүйелі сіңуі елеусіз жүреді. 

 

Фармакодинамикасы

Ливарол® – имидазолдиоксолан туындысы, зеңдерге қарсы дәрі. Дерматофиттерге (Trichophyton spp., Epidermophyton floccosum, Microsporum spp.) және ашытқыларға (Candida spp., Pityrosporum spp.) қатысты фунгицидтік және фунгистатикалық әсер етеді. Сондай-ақ стафилококктар және стрептококктарға қатысты да белсенді. Әсер ету механизмі зеңдер жарғақшасының эргостерол синтезін тежеуге және жасуша қабырғаларының өткізгіштігін бұзуға негізделген. 

 

Қолданылуы 

-   жедел және созылмалы қайталанатын қынаптық кандидозда

-   организмнің төзімділігі төмендегенде және бактерияларға қарсы дәрілермен және қынаптың қалыпты микрофлорасын бұзатын басқа да препараттармен емдеу аясында қынапта зеңдік жұқпалар туындауының алдын алуда

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийді алдын ала пішінді ұяшығынан босатып алып, тәулігіне 1 суппозиторийден аурудың ағымына байланысты 3-5 күн бойы, шалқасынан жатқан қалыпта қынапқа тереңдете енгізеді. Созылмалы кандидоз кезінде 1 суппозиторийден 10 күн қолданады. 

 

Жағымсыз әсерлері

-   аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем

-   жергілікті реакциялар: гиперемия және қынаптық шырышты қабықтың тітіркенуі, қынаптың қышынуы

сирек жағдайларда

-   сексуалдық жұптастың жыныстық мүшесінің гиперемиясы және ауыруы

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-   препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

-   жүктіліктің I триместрі

-   жыныстық қатынасқа түспеген жасөспірімдерге 

 

Дәрілермен  өзара  әрекеттесуі

Ливаролды® қолданған кезде басқа дәрілік заттармен теріс өзара әрекеттесуі белгісіз және оларды күтудің қажеті жоқ, өйткені кетоконазолдың резорбциялық қабілеті төмен. 

 

 

Айрықша нұсқаулар

Аурудың қайталану қаупін төмендету үшін жыныстық жұптасын бір мезгілде емдеу ұсынылады.   

Латекстен жасалған (контрацептивті диафрагма, мүшеқап) бұйымдармен жанасудан аулақ болу керек. 

Жүктілік және  лактация кезеңінде

Егер ана үшін күтілген пайда ұрық немесе балаға төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда Ливарол® жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрі кезінде және лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі 

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Артық дозалануы 

Анықталмаған

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 

 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.