Макмирор Комплекс

Макмирор Комплекс

Өнім мәліметтері
ӨндірушіПоликем С р л
Өндіруші еліИталия
Формасуппозиторий
Саны8
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Нифурател, негізгі10 гр
Нистатин, негізгі40 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі 

Фармация комитеті төрағасының 

№ 12 бұйрығымен 

2006 ж. 26 қантар

БЕКІТІЛДІ

 

 

Дәрілік препаратты қолданудың алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесу және нұсқаулықты зейін оқып шығу керек!

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде

тұтынушыларға арналған нұсқаулық

(аннотация-қосымша бет)

 

МАКМИРОР® ЖИЫНТЫҚ

(Makmіror® Complex)

 

Саудалық атауы

МАКМИРОР® ЖИЫНТЫҚ 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрінің түрі

Сықпада 30г қынаптық крем, градуирленген (шамаларға бөлінген) шприцпен жиынтықта; 

Қынаптық суппозиторий. 

 

Құрамы

100г қынаптық крем құрамында мыналар бар

белсенді заттар: нифурател - 10,0г

нистатин - 4 000 000 ӘБ

қосымша заттар: ксалифин 15, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидрокси-бензоат, глицерин, сорбитол 70%, пропиленгликоль, карбомер, триэтаноламин 30%, тазартылған су. 

Бір қынаптық свеча құрамында мыналар бар

белсенді заттар: нифурател - 500,0 мг

нистатин - 200 000 ӘБ

қосымша зат - диметилполиксилосан АК 1000.

Суппозиторий қабығының құрамы

Желатин, глицерин, натрий этилпарагидроксибензоат, натрий пропилпарагидроксибензоат, титан диоксиді, сары темір тотығы. 

 

Сипаттамасы 

Қынаптық крем: күңгірт сары түсті бір текті масса. 

Қынаптық суппозиторий: қыша түстес, сопақша түрдегі суппозиторий, құрамы – ашық сары түсті майлы масса. 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

МАКМИРОР® ЖИЫНТЫҚ – гинекологияда жергілікті қолдануға арналған қоспа препарат, оның әсері құрамына кіретін компоненттердің: нифурател мен нистатиннің әсерлеріне байланысты. 

Нифурател протозойға қарсы, бактерияға қарсы және грибоктарға қарсы айқын әсерге ие нитрофуран туындысы болып табылады. 

Нифурател аралас этиологиядағы вагинитті емдеу кезінде қолданылады, трихомониаз бен хламидиозды емдеу және микоздардың алдын алу. 

Грамоң және грамтеріс микроағзалар жөнінде тиімділігі жоғары: 12.5-25 мкг/мл ең аз күйзелтетін шоғырлануында (АКШ) 44.3-тен 93.2 пайызға дейін өскіндерді күйзелтеді. Нистатин – жалпыға белгілі фунгицидті (грибокқа қарсы) әсері бар полиендер тобының антибиотигі. Кандидоздарды емдегенде тиімділігі жоғары. 

МАКМИРОР® ЖИЫНТЫҚ физиологиялық флораға әсер етпейді, бұл дисбактериоздың өршуінен аулақ болуға және нормоценозды жылдам қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Препаратты қолдану бастапқы инфекцияларды ықтимал емдеуден кейін пайда болуы мүмкін қайталанулардың жолын кесуге мүмкіндік береді. 

 

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал қоздырғыштар: бактериялар, трихомонадтар, Кандида текті грибоктар, хламидиялар туғызған вульвоқынаптық инфекциялардың жиынтық терапиясы мен микоздардың алдын алу. 

 

Қолдану тәсілдері және дозасы

Суппозиторий: 8 күн ішінде немесе дәрігердің ұсынысына сәйкес күн сайын кешке қарай ұйқының алдында 1 қынаптық суппозиторий енгізіледі. Қажет болғанда емдеуді етеккірден кейін жалғастыруға болады. 

Ең жоғары терапиялық тиімділігіне қол жеткізу үшін суппозиторийді қынаптың жоғары бөлігіне енгізу керек . 

Крем: 2,5г кремді кешке немесе таң ертең дәрігердің ұсыныстарына сәйкес күніне бір немесе екі реттен қынап ішіне енгізу керек. 

Кремнің қажетті мөлшерін градуирленген аппликатордың көмегімен қынап ішіне енгізу қажет. 

Градуирленген аппликаторды қолдану жөніндегі нұсқаулық 

Градуирленген аппликаторды жақпа май бар сықпаға бұрап бекіту керек. Сықпаны қыса отырып, кремнің қажетті мөлшерін (көлемі грамдармен белгіленетін шкала сызықтарына сәйкес) алу қажет. Сықпадан ажыратып алып, қынапқа енгізу, оның ішіндегісін стерженді қыса отырып, қынап ішіне сығып шығарады. 

Арнайы қондырманың болуы кремді қыз жарғақшасын зақымдамай енгізуге мүмкіндік береді. Ол үшін кремді қынапқа енгізудің алдында канюляны стерженнің жоғарғы бөлігінен шығарып алу және қарама қарсы жағынан шприцтің басына бұрап бекіту керек. 

 

Жағымсыз әсері

Сирек жағдайларда тері бөртпесі немесе қышыма түріндегі аллергиялық реакциялар болуы ықтимал.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат нистатин мен нифурателге жоғары сезімталдығы бар емделушілерге қарсы көрсетілімде. 

 

Дәрілермен әрекеттесуі 

Макмирор® Жиынтық препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттестігі анықталмаған.

 

Айырықша нұсқаулар 

Қайталап жұқтыру қаупіне байланысты жыныстық жұптастың да бір мезгілде емделуі қажет. Емделу кезеңінде жыныстық қатынастардан іркіле тұру немесе Макмирор® Жиынтықты әрбір жыныстық актінің алдында қосымша қолдану керек. 

Жанама әсерлерінің күшеюінен сақтану үшін Макмирор® Жиынтық препаратымен терапия кезеңі ішінде алкогольдік ішімдіктерді қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік пен лактация

Нифурател артық мөлшерленгеннен кейін гематоплацентарлық кедергіден өтеді, сондықтан препаратты егер күтілетін терапия тиімділігі ұрыққа келетін әлеуетті зияннан артса ғана қатаң көрсетілімдер бойынша жүктіліктің І триместрінде қолдануға болады.

Нифурател омырау сүтіне өтеді, сондықтан лактация кезеңінде препаратты тағайындау қажет болғанда бала емізуді тоқтату мәселесін шешу керек. 

Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсері 

Қандай да бір жағымсыз әсері анықталмаған. 

 

Артық мөлшерлеу 

Препаратты артық мөлшерлеу жағдайы туралы хабарланбаған.

 

Шығарылу түрі және қапталуы

МАКМИРОР® ЖИЫНТЫҚ қынаптық суппозиторийлері: орамында 8 немесе 12 қынаптық суппозиторий (свеча) қолдану жөніндегі нұсқаулығымен картон орамында бар. 

МАКМИРОР® ЖИЫНТЫҚ қынаптық кремі: сықпадағы 30г крем және арнайы аппликатор мен қолдану жөніндегі нұсқаулығымен картон орамында.

 

Сақтау шарттары 

+25ºС төмен температурада сақтау қажет. 

Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек!

 

Жарамдылық мерзімі 

3 жыл

Орамында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолданбау керек. 

 

Босату шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші 

“Doppel Farmaceutіcі S.r.І.”, Италия, сауда лицензиясының иесі                       “Polі Іndustrіa Chіmіca S.p.A”, Италия

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.