- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Метронидазол
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Акушерлік, гинекология
- Метронидазол
Метронидазол
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Фармаприм |
---|---|
Өндіруші елі | Молдова |
Форма | суппозиторий |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Метронидазол, негізгі | 500 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
МЕТРОНИДАЗОЛ
Саудалық атауы
Метронидазол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Метронидазол
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер 500 мг
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында
белсенді зат 500 мг метронидазол,
қосымша заттар: қатты май.
Сипаттамасы
Цилиндр-конус пішінді, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторийлер.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Метронидазол.
АТХ коды: G01AF01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қынап ішіне енгізгенде метронидазолдың биожетімділігі пероральді қабылдаумен салыстырғанда 20% шамасында болады. Метронидазол бауырда метаболизденеді. Гидроксильді метаболиттер белсенді. Метронидазолдың жартылай шығарылу кезеңі 6-11 сағатты құрайды. Дозаның 20 % жуығы несеппен өзгермеген түрде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі метронидазол 5-нитротобының анаэробты микроорганизмдер мен қарапайымдардың жасуша ішілік тасымалдаушы протеиндерімен биохимиялық қалпына келуіне байланысты. Қалпына келген метронидазол 5-нитротобы микроорганизмдер жасушасы олардың нуклеин қышқылдарының синтезін тежей отырып ДНҚ-мен өзара әрекеттеседі, бұл бактериялардың қырылуына алып келеді. Метронидазол Gardnerella vaginalis; қарапайымдыларға: Trichomonas vaginalis, Giardia intestinalis, Entamoeba histolytica; анаэробты грамтеріс бактерияларға: Bacteroides spp. (Bacteroides fragilis, Bacteroides distasоnis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus), Fusobacterium spp., Prevotella spp. (Prevotella bivia, Prevotella buccae, Prevotella disiens), анаэробты грамоңбактерияларға: Clostridium spp., Eubacterium spp.; анаэробты грамоң кокктарға: Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp қатысты белсенді. Аэробтымикроорганизмдер және факультативті анаэробтар метронидазолға төзімді.
Қолданылуы
- трихомонадты вагинитте және уретритте
- метронидазолға сезімтал микроорганизмдерден туындаған қынаптың анаэробты инфекциясында
- спецификалық емес вагиниттерде
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне.
Тәулігіне 1 рет бір суппозиторийден, 10 күн бойы дәл ұйықтар алдында. Емді аурудың барлық симптомдары жойылғаннан кейін бірнеше күн бойы жалғастырады. Емдеу курсының ұзақтығы мен оны жүргізудің жиілігі жеке анықталады.
Жағымсыз әсерлері
- қышыну, ашыту сезімі
- қынаптың шырышты қабығының тітіркенуі, әсіресе емнің бастапқы кезеңінде
- жүрек айнуы, іштің ауыруы
- бас ауыруы, бас айналуы
- аллергиялық реакциялар
- қынап кандидозының дамуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- метронидазолға немесе нитроимидазолдың басқа да туындыларына аса жоғары сезімталдық
- жүктіліктің I триместрі
- лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тікелей емес антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда олардың әсерін күшейтуі мүмкін (протромбин түзілу уақытын арттырады).
Метронидазолды дисульфираммен бір мезгілде қолданғанда ОЖЖ тарапынан бұзылулар байқалуы мүмкін (сананың көмескіленуі, психоздық бұзылулардың дамуы). Циметидинмен бір мезгілде қолданғанда метронидазолдың қандағы деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Литий препараттарымен бір мезгілде қолданғанда литийдің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылағаны байқалуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Trichomonas vaginalis-пен туындаған вагинитте жыныстық жұптарды бірге емдеу тиімді, жұптасының емін ішке қабылдайтын метронидазолмен жүргізу ұсынылады.
Препаратты ішке қабылдауға арналған метронидазолмен бірге қолданғанда, әсіресе қайталанған курста, шеткері қан көрінісіне бақылау жасау керек (лейкопения қаупі).
Емдеу кезінде алкоголь қабылдауға болмайды – оның жақпаушылығы мен дисульфирамға ұқсас реакциялар болуы мүмкін.
Метронидазолды қолданғанда Нельсон тестінің жалғаноң нәтижесі туындауы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Балаларға қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік
Жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінде препаратты ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы шаранаға төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда ғана және дәрігердің бақылауымен қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік жүргізу мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың сіңірілу төмендігіне байланысты ұсынылған дозаны сақтағанда артық дозалану жағдайлары болуы анықталмаған.