Мидиана

Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары

«Мидиана» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 3150.4 ₸ (қалыпты баға: 3938 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.

Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.

Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.

Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.

Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс беруге болады: 225 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).

Ең аз тапсырыс сомасы:

  • жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
  • заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸

* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Өнім мәліметтері
ӨндірушіГедеон Рихтер
Өндіруші еліГермания
Форматаблетки
Саны21
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Дроспиренон, негізгі3 мг
Этинилэстрадиол, негізгі0.03 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 3938 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйіҚол жетімді
Тапсырыс бағасы 3938 ₸  0 ₸
Мерзімнің өту күні 22.04.2025

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

МИДИАНА

                 

Саудалық атауы 

Мидиана

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 3мг/0,03 мг таблеткалар. 

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 3 мг кристаллды дроспиренон және 0,03 мг микронизделген этинилэстрадиол,  

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, прежелатинделген крахмал, повидон K-25, магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы: ақ опадрай II, поливинил спирті, титанның қостотығы (E171), макрогол 3350, тальк,  соя лецитині.

 

Сипаттамасы 

Ақ немесе ақ дерлік түсті, екі жағы дөңес, бір жағында «G63» деген таңбалы жазуы бар, үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар.

 

Фармакотерапиялық тобы

Ішу арқылы қабылданатын гормональдік контрацептивтер. Прогестагендер мен эстрогендер (белгіленген қосылымдар).

АТЖ коды    G03AA12

 

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дроспиренон (3 мг)

Сіңуі

Ішу арқылы қабылдағанда дроспиренон тез әрі толық дерлік сіңіріледі. Белсенді заттың сарысудағы 37 нг/мл-ге тең ең жоғары концентрациясына бірдүркіндік қабылдаудан кейін 1-2 сағат өткенде қол жеткізіледі. Қабылдаудың бір айналымы кезінде дроспиренонның сарысудағы ең жоғары тепе-тең концентрациясы 60 нг/мл-ге жуық құрап, 7-14 сағаттан кейін қол жеткізіледі. Биожетімділік 76-дан 85%-ға дейін ауытқиды. Ас ішу дроспиренонның биожетімділігіне әсер етпейді. 

Таралуы

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін сарысудағы препарат деңгейінің екі кезеңдік төмендеуі байқалады, ол тиісінше 1,6±0,7 сағат пен 27,0±7,5 сағаттағы жартылай шығарылу кезеңімен сипатталады. Дроспиренон  сарысулық альбуминмен байланысады және жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен (sex hormone binding globulin,  SHBG), немесе кортикостероидпен байланысатын глобулинмен (corticoid binding globulin,  CBG) байланыспайды. Белсенді заттың жалпы сарысулық концентрациясының 3-5%-ы ғана еркін гормондар түрінде болып келеді. Этинилэстрадиолмен ынталанған SHBG жоғарылауы дроспиренонның сарысу ақуыздарымен байланысуына әсер етпейді. Орташа болжамды таралу көлемі 3,7±1,2 л/кг құрайды. 

Биоөзгерісі

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін дроспиренон аса қарқынды метаболизденеді. Плазмадағы метаболиттердің басым көпшілігі Р450 жүйесін тартпай-ақ түзілетін ашық лактонды сақинамен және 4,5-дигидр-дросперинон-3-сульфатпен өндірілген дроспиренонның қышқылды түрлерінде көрінеді. Дроспиренон Р450 3А4 цитохроманың аз қатысуымен метаболизденеді.

Шығарылуы

Дроспиренонның сарысудағы метаболикалық клиренс жылдамдығы минутына 1,5±0,2 мл/кг құрайды. Дроспиренон тек іздік  мөлшерлерде өзгеріссіз күйде шығады. Дроспиренон метаболиттері нәжістермен және шамамен 1,2:1,4 арақатынасындағы несеппен шығарылады. Метаболиттердің несеппен және нәжістермен бөлінуі үшін жартылай шығарылу кезеңі шамамен 40 сағатты құрайды. 

Тепе-тең концентрация 

Емдеудің бір айналымы кезінде дроспиренонның сарысудағы ең жоғары тепе-тең концентрациясына (шамамен 60 нг/мл) 7-14 сағаттан кейін қол жеткізіледі.Дроспиренон деңгейінің 2-3 дүркіндік ұлғаюы байқалады. Дроспиренонның сарысулық концентрациясының әріқарай артуы қабылдаудың 1-6 айналымынан кейін нышан береді, одан кейін концентрацияның ұлғаюы байқалмайды. 

 

Этинилэстрадиол (30 мкг)

Сіңуі

Этинилэстрадиол, ішу арқылы қабылдағаннан кейін, тез әрі толық дерлік сіңіріледі. Бірдүркіндік қабылдаудан кейінгі сарысулық 30 мкг жоғары  концентрациясына 1-2 сағатта қол жеткізіліп, 100 нг/мл-ге жуық мөлшерді құрайды. Этинилэстрадиолға бауыр арқылы жекеше жоғары ауытқымалылықпен өтетін алғашқы пассаждың елеулі әсер етуі тән. Нағыз биожетімділік ауытқумен болады және шамамен 45%-ға жуық құрайды. 

Таралуы

Таралудың болжамды көлемі 5 л/кг-ға жуық құрайды, қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы - 98%-ға жуық. Этинилэстрадиол бауырдағы SHBG және CBG синтезін ынталандырады. 30 мкг этинилэстрадиолды күн сайын қабылдағанда SHBG плазмалық концентрациясы  70-тен шамамен 350 нмоль/л-ге дейін жоғарылайды. Этинилэстрадиол аздаған мөлшерлерде омырау сүтіне енеді (шамамен дозаның 0,02%-ы). 

Биоөзгерісі

Этинилэстрадиол толығымен метаболизденеді. Метаболикалық клиренс жылдамдығы минутына 5 мл/кг құрайды. 

Шығарылуы

Этинилэстрадиол өзгеріссіз күйде мүлде шығарылмайды. Этинилэстрадиолдың метаболиттері 4:6 арақатынасындағы несеппен және өтпен шығарылады.Метаболиттердің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 күнді құрайды. Жартылай шығарылатын элиминациялық кезең 20 сағатты құрайды. 

Тепе-тең концентрация

Тепе-тең концентрация жағдайына емдеу айналымының екінші жартысы кезінде қол жеткізіледі, бұл орайда этинилэстрадиолдың сарысулық деңгейі шамамен 1,4-2,1 дүркінділігімен жинақталады. 

 

Тұрғын халықтың жекелеген топтамалары

Бүйрек қызметіне әсері

Дроспиренонның сарысудағы тепе-тең деңгейі бүйрек жеткіліксіздігінің әлсіз дәрежесі бар әйелдерде (креатинин клиренсі минутына CLcr = 50-80 мл) бүйрегі қалыпты жұмыс істейтін әйелдердегі (/минутына CLcr > 80 мл) осындай деңгеймен салыстырмалы. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі бар t (минутына CLcr = 30-50 мл) әйелдерде бүйрегі қалыпты жұмыс істейтін әйелдердегі осындай деңгеймен салыстырғанда Дроспиренонның сарысудағы деңгейі, орташа алғанда, 37%-дан жоғары болды. Дроспиренонмен емді бүйрек жеткіліксіздігінің әлсіз де, орташа да дәрежелері бар әйелдер жақсы көтерді.

Дроспиренонмен емдеу сарысудағы калий концентрациясына клиникалық елеулі әсер еткен жоқ. 

Бауыр қызметіне әсері

Бауырдың бірқалыпты жеткіліксіздігі бар әйелдерде (Чайлд-Пью жүйесі бойынша В тобы) плазмадағы қиғаш орташа концентрациялар бауыры қалыпты жұмыс істейтін әйелдердегі осындай деңгейге сәйкес келмеді. Сіңірілу және таралу кезеңінде байқалған Cmax, шамалары бірдей болды. Таралу кезеңі аяқталған уақытта дроспиренон концентрациясының төмендеуі бірқалыпты бүйрек жеткіліксіздігі бар еріктілерде, бауыры қалыпты жұмыс істейтін адамдармен салыстырғанда, шамамен 1,8 есе жоғары болды. 

Бір дозалық зерттеулерде бірқалыпты бүйрек жеткіліксіздігі бар еріктілердегі жалпы клиренс (CL/f), бауыры қалыпты жұмыс істейтін адамдармен салыстырғанда, шамамен 50%-ға төмен болды. 

Бірқалыпты бүйрек жеткіліксіздігі бар еріктілерде байқалған дроспиренон клиренсінің төмендеуі сарысудағы калий концентрациясына қатысты қандай да бір елеулі айырмашылықтарға әкелмейді. 

Тіпті диабетте және спиронолактонмен бір мезгілде емдегенде (емделушіде гиперкалиемияға түрткі болатын екі фактор) сарысудағы калий концентрациясының нормалық жоғарғы шекарадан аса артуы байқалған жоқ. 

Бірқалыпты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер (Чайлд-Пью жүйесі бойынша В тобы)  дроспиренон/этинилэстрадиол біріктірілімін жақсы көтереді деп тұжырым жасауға болады.

Фармакодинамикасы

Препараттың контрацептивтік әсері түрліше факторлардың өзара әрекеттестігіне негізделеді, олардың ішіндегі мейлінше маңыздылары – овуляцияның тежелісі мен эндометрия өзгерістері.

Мидиана – бұл құрамында этинилэстрадиол мен прогестин – дроспиренон бар біріктіріліп ішілетін контрацептив. Сондай-ақ емдік дозада дроспиренон андрогенге қарсы және әлсіз түрде минералкортикоидтарға қарсы қасиеттер иеленеді. Ол эстрогендік, глюккортикоидтық және глюккортикоидтықтарға қарсы қандай да бір белсенділігінен айырылған.  Бұл дроспиренонды  табиғи прогестерон гормонына тым ұқсас фармакологиялық сипатпен қамтамасыз етеді. 

Клиникалық зерттеулер жүзінде Мидиананың әлсіз минералкортикоидтарға қарсы қасиеттері әлсіз минералкортикоидтарға қарсы әсерге әкелетіні туралы деректер алынды. 

Жоғары дозада біріктіріліп ішілетін контрацептивтерді (БІК) (50 мкг этинилэстрадиол) пайдалану эндометрий мен аналық бездер обырының қаупін кемітеді. Бұл төмен дозаланған БІК-тер үшін де расталған.

 

Қолданылуы

- ішуге арналған контрацепция

 Препарат өзінің минералкортикоидқа қарсы және андрогенге қарсы әрекетінің нәтижесінде ағзадағы сұйықтықтың кідірісімен байланысты белгілерге, сонымен қатар акне мен себореяға оң әсер иеленеді.

 

Қолдану тәсілі мен дозалары

Таблеткаларды қаптамада көрсетілген бірізділікпен, қажет болса, аздаған мөлшерлі сұйықтықпен жұта отырып, күн сайын белгіленген бір уақытта қабылдау керек. Қатарынан 21 күн бойына күніне бір таблеткадан қабылдау қажет. Әр келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдау 7-күндік аралықтан кейін басталуға тиіс, осы аралықта әдетте етеккір тәріздес қан кету болады. Ол әдетте соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-3 күн өткенде басталады және келесі қаптаманың басталу сәтінде аяқталмауы да мүмкін.  

Егер бұрын гормональдік контрацептивтер пайдаланылмаса (соңғы айда)

Мидиананың қабылдануы әйелдің табиғи етеккір айналымының алғашқы күні (яғни етеккірлік қан кетудің бірінші күні) басталады. 

Басқа БІК-термен, қынаптық  сақина немесе трансдермальді бұласырмен алмастырған жағдайда

Әйелге Мидиананы қабылдауды алдыңғы БІК-тің соңғы белсенді таблеткасын қабылдағаннан кейін келесі күні бастау ұтымдырақ; мұндай жағдайларда Мидиананы қабылдау таблеткалар қабылдаудағы әдеттегі үзілістен немесе алдыңғы БІК-тің белсенді емес таблеткаларын қабылдағаннан кейінгі келесі күннен кеш басталмауға тиіс. Қынап сақинасын немесе трансдермальді бұласырды алмастырғанда Мидиананы қабылдауды алдыңғы құралды алып тастаған күні бастаған дұрыс; мұндай жағдайларда Мидиананы қабылдау алмастыру шарасы белгіленген күннен кешікпей басталуға тиіс.

Әдісті тек прогестиндерді (мини-пили, инъекциялық түрлер, имплантаттар) немесе прогестин босатылатын жатырішілік жүйені  (intrauterine system, IUS) қолданумен ауыстырған жағдайда

Әйел мини-пилиден кез келген күні (имплантаттан немесе IUS-тен – оны алып тастаған күні, инъекциялық түрден - келесі инъекция жасалуға тиіс күннен бастап)көше алады. Алайда бұл жағдайлардың бәрінде таблеткалар қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша кедергілік әдісін пайдаланған дұрыс.

Бірінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін

Әйелдің қабылдауды шұғыл бастауына болады. Бұл шарт  қадағаланса, контрацепцияның қосалқы шараларының қажеттілігі жоқ. 

Босанудан соң немесе екінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін

Әйелдің Мидиананы қабылдауды босанудан соң 21-28 күні немесе үшінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін бастағаны жөн. Егер қабылдау кеш басталса,таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның кедергілік әдісін қосымша пайдалану қажет. Препаратты қабылдай бастағанға дейін жыныстық байланыс болған жағдайда жүктіліктің болмағанына көз жеткізу немесе алғашқы етеккірді күту керек.  

 

 

 

Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау

Егер таблеткалар қабылдаудағы кешігу кем дегенде 12 сағатты құраса, контрацептивтік қорғаныс кемімейді. Әйел таблетканы барынша тезірек қабылдауы қажет, келесі таблеткалар әдепкі уақытта қабылданады. 

Егер таблеткалар қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан асып кетсе, контрацептивтік қорғаныс кемиді. Өткізіп алынған таблеткаларды реттегенде келесі екі қарапайым ережені жетекшілікке алған жөн: 

1.         Таблеткалар қабылдауды 7 күннен артық кешіктіруге болмайды;

2.         Гипоталамдық-гипофизарлық-аналық бездік осьтің талапқа сай бәсеңдеуіне қол жеткізу үшін таблеткаларды 7 күн үздіксіз қабылдау қажет. 

Күнделікті тәжірибеде тиісінше келесі кеңестерді беруге болады:  

1 апта

Соңғы өткізіп алған таблетканы, тіпті екі  таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Қосымша кедергілік контрацепция әдісі келесі 7 күн бойына пайдаланылуға тиіс. Егер таблетканы өткізу алдындағы 7 күн ішінде жыныстық қатынас болса, жүкті болу ықтималдығы ескерілуі қажет. Неғұрлым көп таблеткалар өткізіп алынса, әрі бұл өткізу препарат қабылдаудағы 7-күндік үзіліске жақын болса, соғұрлым жүктілік қаупі жоғары. 

2 апта

Өткізіп алынған соңғы таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Егер әйел алдыңғы 7 күн бойына таблеткаларды дұрыс қабылдаса, контрацепцияның қосалқы әдістерін пайдаланудың қажеті жоқ. Алайда, егер ол 1 таблеткадан да көбірек өткізіп алса, келесі 7 күнде қосымша сақтану шараларын пайдалану қажет. 

3 апта

Контрацепциялық әсердің таблеткалар қабылдаудағы алдағы 7-күндік үзіліс салдарынан төмендеу ықтималдығы айтарлықтай. Алайда, таблеткалар қабылдау сызбасын реттей отырып, контрацепциялық қорғаныстың кемуін болғызбауға болады. Егер келесі екі кеңестің кез келгені қадағаланса, әрі әйел алдыңғы 7 күн бойына таблеткалардың бәрін дұрыс қабылдаса, контрацепцияның қосалқы тәсілдері керек болмайды. Егер бұлай болмаса, ол екі тәсілдің біріншісіне сүйенуге, сондай-ақ келесі 7 күн бойына қосымша сақтану шараларын пайдалануға тиіс. 

1. Соңғы өткізіп алған таблетканы, тіпті екі  таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Жаңа қаптамадан таблеткалар қабылдау ағымдағы қаптама біткен бойда, яғни екі қаптаманы қабылдау арасындағы үзіліссіз басталуға тиіс. Қан кету білінуінің, екінші қаптаманың аяғына дейін «тоқтату» қан кетуінің ықтималдығы аса зор, бірақ таблеткаларды қабылдау күндерінде жағылмалы қанды бөліністер немесе өршіген жатырішілік қан кету байқалуы мүмкін. 

2. Әйелге осы қаптамадан таблеткалар қабылдауды тоқтатуды ұсынуға болады. Ізінше, таблеткалар қабылдауды ұмытқан күндерін қоса, таблеткалар қабылдауды 7 күнге тоқтатып, сонан соң жаңа қаптаманы бастау қажет. 

Таблеткалар қабылдауды өткізіп алған және «тоқтату» қан кетуінің препаратты қабылдауға байланыссыз алғашқы аралығы болмаған жағдайда жүктілікті болғызбау қажет. 

Асқазан-ішек жолының бұзылыстары жағдайында берілетін кеңестер

Асқазан-ішек жолы жағынан болатын ауыр сипатты реакциялар жағдайында (құсу немесе диарея сияқты) сіңу толық болмауы мүмкін, демек контрацепцияның қосалқы шараларын қолдану қажет. 

Таблетка қабылдағаннан кейінгі 3-4 сағат шегінде құсқан жағдайда барынша дереу жаңа ауыспалы таблетканы қабылдау керек. Жаңа таблетканы, мүмкіндігінше, қабылдаудың әдепкі уақытынан кейін 12 сағат ішінде қабылдау қажет. Егер 12 сағаттан артық уақыт өтіп кетсе, мүмкіндігінше, «Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау» бөлімінде көрсетілген препаратты қабылдау ережелерін қадағалау керек. Егер әйел препаратты қабылдаудың қалыпты тәртібін өзгерткісі келмесе, ол басқа қаптамадан қосымша таблетка (немесе бірнеше таблетка) қабылдауға тиіс. 

 «Тоқтату» қан кетуін қалай кейін шегеруге болады

Етеккірдің басталатын күнін кейін шегеру үшін қабылдаудағы үзіліссіз жаңа қаптамадан Мидиананы қабылдауды жалғастыру қажет. Екінші қаптамадағы таблеткалар біткенше кейін шегерілу мүмкіндігі бар. 

Айналым ұзартылған кезде қынаптан жағылмалы қанды бөліністер немесе жатырішілік өршіген қан кетулер болуы ықтимал. Жаңа пашкеден Мидиананы қабылдауды әдепкі 7-күндік үзілістен соң жаңғыртқан жөн. Етеккірдің басталу күнін әдепкі кесте аптасының басқа күніне ауыстыру үшін таблеткалар қабылдаудағы жақын үзілісті қанша қажет болса, сонша күнге қысқартуға болады. Аралық неғұрлым қысқа болса, «тоқтату» қан кетуінің болмау қаупі соғұрлым жоғары, ал екінші қаптамадан қабылдаған кезде жағылмалы қанды бөліністер және өршіген қан кетулер (етеккір басталуын кейінге шегерген жағдайдағы сияқты) болады.

 

Жағымсыз әсерлер

Жиі (>1/100-ден <1/10-ға дейін)

- бас ауыруы, бас сақинасы

-  жабығу ахуалы, көңіл-күйдің түсуі, эмоциональді лабильдік

- лоқсу

- етеккір айналымының бұзылулары, етеккіраралық қан кетулер, іштің ауыруы, кеуде тұсындағы ауырулар

- қынаптық бөліністер, қынап кандидозы

- сүт бездерінің аурушаңдығы мен ауырлығы

Жиі емес (>1/1 000-нан <1/100-ге дейін)

- акне, экзема, тері қышымасы

- құсу, диарея

- гипертензия, гипотензия

- есекжем

- ағзадағы сұйықтықтың кідірісі

- дене салмағының артуы

- либидоның төмендеуі

Сирек (>1/10 000-нан  <1/1 000-ға  дейін)

-  салмақтың азаюы

- бронх демікпесі

- естудің кемуі

- сүт бездерінің сөлінісі

- либидоның артуы

- тромбоэмболия, көктамырлық тромбоздар/тромбоэмболиялар, артериялық тромбоздар/тромбоэмболиялар

- артериялық гипертензия

- бауыр ісіктері

- Крон ауруы, арнайы емес ойық жаралы колит

- эпилепсия

- эндометриоз, жатыр миомасы

- порфирия

- жүйелі қызыл жегі

- жүктілер ұшығы

- Сиденгам хореясы

- гемолитикалық уремиялық синдром

- холестаттық сары ауру

- хлоазма

- ангионевротикалық ісіну

- түйінді эритема, мультитүрлік эритема

- жанаспа линзаларды нашар көтеру

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жүктілік және лактация кезеңі

- қазіргі уақытта немесе сыртартқыда көктамыр тромбоздарының болуы (мысалы, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

- қазіргі уақытта немесе сыртартқыда артерия тромбоздарының (мысалы, миокард инфарктісі) немесе оның алдындағы ахуалдардың болуы (мысалы, стенокардия және өтпелі ишемиялық шабуыл)

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы ми қан тамырларының аурулары

- артериялық тромбоздың ауыр және көптеген  қатерлі факторларының болуы

- қан тамырларының асқынулары бар қант диабеті

- айқын артериялық гипертензия

- айқын дислипопротеинемия

- БСП-не төзімділік (activated protein C, белсенділендірілген С протеиніне) сияқты көктамырлық немесе артериялық тромбоздарға тұқым қуалаған немесе жүре пайда болған бейімділік, III-антитромбин жеткіліксіздігі, С протеинінің жетіспеуі, S протеинінің жетпеуі, асқын гомоцистеинемия және фосфолипидке қарсы антиденелер (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт) 

- айқын асқын үштік глицеридемиясы бар панкреатит, соның ішінде сыртартқыдағы

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы ауыр сипатты бауыр аурулары (бауыр сынамаларының қалыптануына дейін)

- айқын созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бауыр жеткіліксіздігі

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы бауыр ісіктері (қатерлі емес немесе қатерлі)

- жыныс жүйесінің гормонға тәуелді қатерлі аурулары (жыныс мүшелерінің, сүт бездерінің) немесе олардан күдіктену

- түсініксіз генездегі қынаптық қан кету

- сыртартқыдағы жергілікті неврологиялық белгісі бар бас сақинасы

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бауырдағы метаболизм

Кейбір препараттар микросомальдік ферменттердің ынталануы нәтижесінде жыныс гормондарының (фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин менрифампицин) клиренсін арттыруға қабілетті; сондай-ақ оксикарбазепиннің, топираматтың, фелбаматтың, ритонавирдің, гризеофульвиннің және шайқурай (Hypericum perforatum) негізіндегі өсімдік дәрісінің осындай әсері болуы мүмкін.

АИВ-протеазалары тежегіштерінің (мысалы, ритонавирдің) және кері транскриптазалық нуклеозидтік емес тежегіштердің (мысалы, невирапиннің) және олардың қосылымдарының бауыр метаболизміне болжамды ықпалы туралы хабарламалар болды.

Ішек-бауырлық қайта айналым

Пенициллиндер мен тетрациклиндер сияқты кейбір антибиотиктермен бір мезгілде тағайындалуы эстрогендердің ішек-бауырлық қайта айналымын төмендетеді,бұл этинилэстрадиол концентрациясының кемуіне әкеледі. 

Дәрілік препараттардың жоғарыда аталған топтамаларының кез келгенін немесе жекелеген белсенді заттарды алатын әйелдер Мидианаға қосымша контрацепцияның кедергілік әдісін пайдалануға немесе контрацепцияның кез келген басқа тәсіліне көшуге тиіс. Құрамында бауыр ферменттеріне әсер ететін белсенді заттар бар препаратпен тұрақты ем алатын әйелдер оларды тоқтатқаннан кейін 28 күн бойына контрацепцияның гормональдік емес әдісін қосымша пайдалануға тиісті. Антибиотиктер (рифампициннен немесе гризеофульвиннен басқа) қабылдайтын әйелдер препаратты қабылдау кезінде де, оны тоқтатқаннан кейінгі 7 күн ішінде де БІК-терге қосымша контрацепцияның кедергілік әдісін уақытша пайдалану керек. Егер препараттың қатарлас тағайындалуы Мидиана қаптамасын қабылдаудың соңында басталса, келесі қаптама қабылдаудағы әдепкі үзіліссіз басталуға тиіс. 

Адам плазмасындағы дроспиренонның негізгі метаболизмі Р450 цитохромы жүйесінің тартылуынсыз жүзеге асырылады. Бұл ферменттік жүйенің тежегіштері, осылайша, дроспиренон метаболизміне әсер етпейді. 

Мидиананың басқа дәрілік препараттарға әсері

Ішілетін контрацептивтер жекелеген басқа белсенді біріктірілімдердің метаболизміне ықпал етуі ықтимал. Бұдан басқа, олардың плазмадағы және тіндердегі концентрациялары өзгеріп, жоғарылауы да (мысалы, циклоспорин), төмендеуі де (мысалы, ламотриджин) мүмкін. 

Тежегіш субстраттар ретінде омепразол, симвастатин және мидазоламды қабылдаған ерікті әйелдерде 3 мг дозадағы дроспиренонның басқа белсенді заттардың метаболизміне әсер ету ықтималдығы аз. 

Басқа өзара әрекеттесулер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде дроспиренон мен АПФ немесе NSAID (non-steroidal anti-inflammatory drug, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілер) тежегіштерінің бір мезгілде пайдаланылуы қан сарысуындағы калий деңгейіне елеулі әсер етпейді. Алайда, Мидиана мен альдостерон антагонистерінің немесе калий сақтағыш диуретиктердің бір мезгілде пайдаланылуы зерттелмеген. Бұл жағдайда препаратты қабылдаудың алғашқы айналымы кезінде сарысудағы калий деңгейін зерттеу қажет. 

Ескертпе: Болжамды дәрілік өзара әрекеттестіктерді анықтау үшін  препараттардың бір мезгілде тағайындалуын талқыға салу қажет. 

Зертханалық зерттеулер

Контрацепциялық мақсатта гормондарды қабылдау бауыр қызметінің, қалқанша бездің, бүйрек үсті бездері мен бүйректің биохимиялық көрсеткіштерін, сонымен қатар кортикстероид байланыстырғыш глобулин  мен липидтік/липопротеидік фракциялар сияқты плазманың тасымалдық ақуыздарының деңгейлерін, көмірсу алмасудың, коагуляция мен фибринолиздің көрсеткіштерін қоса жекелеген зертханалық тестілердің нәтижелеріне ықпал етеді. Өзгерістер әдетте зертханалық нормалар шегінде болады. 

Дроспиренон өзінің минералкортикоидқа қарсы аздаған белсенділігінің нәтижесінде қан плазмасындағы ренин мен альдостероннің белсенділігін арттырады.

 

Айрықша нұсқаулар

Сақтық шаралары

Егер төменде көрсетілген ахуалдар/қауіпті факторлардың қайсыбірі қазіргі уақытта бар болса, онда БІК-терді әркімнің жеке жағдайында қолданудың зор қауіптілігі мен болжамды пайдасы тиянақты таразыланып, әйел препаратты қабылдауды бастайтын болып шешкенше онымен өзара талқылаған жөн. Осы ахуалдар мен қатерлі факторлар ауырлаған, күшейген немесе алғаш білінген жағдайда әйел БІК-терді тоқтату қажеттілігі жөнінде шешім қабылдай алатын өзінің дәрігерімен кеңесуге тиіс. 

Қан айналымы жүйесінің бұзылулары

Эпидемиологиялық зерттеулер эстрогендердің төмен дозасымен ішілетін біріктірілімді контрацептивтер қабылдап жүрген КТЭ қатерлі факторлары жоқ әйелдерде КТЭ (көктамырлық тромбоэмболия) жиілігі (<50 мкг этинилэстрадиол) (Мидиана сияқтылар) шамамен жыл ішінде 100 000 әйелде болатын 20 жағдайдан жыл ішінде 100 000 әйелде болатын 40 жағдайға дейінгі көрсеткішті құрайды. Бұл контрацептивтерді пайдаланбайтын 100 000 әйелде болатын 5-тен 10-ға дейінгі жағдайдың, әрі 100 000 жүктіліктегі 60 жағдайдың сандарымен салыстырмалы. 

Кез келген біріктіріліп ішілетін контрацептивтердің қолданылуы көктамыр тромбоэмболиясының ұлғайған қатерімен байланысты әрі олардың қолданылмауындағы осындай қатермен салыстырмалы болады. Қосымша қатер біріктіріліп ішілетін контрацептивтерді пайдаланған алғашқы жыл бойына жоғары. Көктамыр тромбоэмболиясы жағдайлардың 1-2%-ында өліммен аяқталады.

Контрацептивтік таблеткалар қабылдайтындарда, мәселен, бауыр, мезентериялық, бүйрек, бас миының тамырлары және артерияның да, көктамырдың да торқабықтары сияқты басқа қан жүретін тамырлар тромбозының тым сирек жағдайлары сипатталған. Біріктіріліп ішілетін контрацептивтерді қабылдаумен байланысы дәлелденбеген. 

Көктамырлық немесе артериялық тромбоздар/тромбоэмболияларға немесе ми қан тамырларының ауруларына мыналар жатады:

·            Әдеттен тыс біржақты ауыру және/немесе аяқ-қолдың ісінуі;

·            Кеуде тұсының сол қолға тарала отырып немесе таралмай кенет қатты ауыруы;

·            Кенеттен ентігу;

·            Кенеттен болатын жөтел ұстамасы;

·            Кез келген әдеттен тыс қатты, ұзаққа созылатын бас ауыруы;

·            Кенеттен жартылай немесе толық көрмей қалу;

·            Диплопия;

·            Былдырлап сөйлеу немесе афазия;

·            Бас айналуы;

·            Құрысу ұстамалы немесе ондай ұстамасыз естен тану;

·            Кенеттен дененің бір жағынан немесе бір бөлігінде білінетін сезімталдықтың әлсіреуі немесе өте елеулі жоғалуы;

·            Қимыл-қозғалыс бұзылулары;

·            «Іштің жедел» белгісі.

 

 

БІК-терді қабылдағанда көктамыр тромбоэмболиясымен байланысты асқынулар қаупі мына жағдайларда артады:

·            Жас ерекшелігіне қарай;

·            Отбасылық сыртартқының (қай уақытта болсын, жақын туыстары немесе ата-анасының жасырақ кездерінде көктамырлық немесе артериялықтромбоэмболияның) болуы; егер тұқым қуалаған бейімділік болжанса, БІК-тер тағайындалар алдында әйелге маман кеңесі қажет;

·            Ұзақ уақыт қалыпқа келуден, салмақты хирургиялық араласудан, аяққа жасалатын кез келген операциядан немесе ауқымды жарақаттан кейін. Бұл жағдаяттарда препаратты қабылдауды тоқтатып (жоспарлы операция жағдайында, ең болмаса, оған дейінгі төрт апта бұрын), қалыпқа келу аяқталғаннан кейін екі апта бойы қабылдауды жаңғыртпау ұсынылады. Егер  таблеткаларды қабылдау ұсынылған мерзімдерде тоқтатылмаған болса, қосымша тромбозға қарсы ем тағайындауға болады;

·            Май басу (дене салмағының 30 мг/м²-тан асатын индексі);

·            Көктамырлық тромбоздың бас шенінде немесе үдеуінде көктамырдың түйінделіп кеңеюі мен үстіңгі көктамырлар тромбофлебитінің болжамды рөлі туралы бірауызды пікір жоқ.

БІК-терді қабылдағанда артериялық тромбоз бен  тромбоэмболияның қаупі мына жағдайларда артады:

·            Жас ерекшелігіне қарай;

·            Шылым шегетіндерде (35 жастан асқан әйелдерге, егер олар БІК-терді қолданғылары келсе, шылым шегу ұсынылмайды);

·            Дислипопротеинемияда;

·            Гипертензияда;

·            Бас сақинасында;

·            Жүрек қақпақшаларының ауруларында;

·            Жүрекшенің талшықтануларында.

Артериялар мен көктамырлар ауруларының салмақты сипаттағы қауіпті факторларының немесе көптеген қатерлі факторларының бірінің болуы, тиісінше, қарсы көрсетілім болып саналуы мүмкін. БІК-терді қолданатын әйелдер болжамды тромбоз білінгенде шұғыл дәрігерге қаралуға тиіс. Тромбоздан күдіктенген немесе расталған тромбоз жағдайларында БІК қабылдау тоқтатылады. Антикоагулянттық емнің (жинақтаушылар) тератогендігі нәтижесінде контрацепцияның талапқа сай тәсілін таңдау қажет. 

Босанудан кейінгі кезеңде тромбоэмболияның жоғары қаупін есепке алған дұрыс.

Ауыр қан тамырлық патологиямен байланысты басқа ауруларға қант диабеті, жүйелі қызыл жегі, гемолитикалық уремиялық синдром, ішектің созылмалы қабыну аурулары (Крон ауруы немесе арнайы емес ойық жаралы колит) мен орақтәріздес-жасушалық анемия жатады. 

БІК-терді пайдалану кезінде бас сақинасының жиілігі мен ауырлығының артуы (бұл ми қан тамырларының бұзылуларына жол ашуы мүмкін) бұл препараттарды қабылдауды шұғыл тоқтатуға негіз бола алады.

Ісіктер

Жатыр мойындық обыры өршуінің ең елеулі қатерлі факторы адам папилломасының вирус жұқтыруы (human papilloma virus,  HPV) болып табылады. Кейбір эпидемиологиялық зерттеулерде БІК-терді ұзақ қолданғанда жатыр мойындық обыры өршуінің жоғары қаупі туралы хабарланған, алайда бұл табылған белгілердің қандай қатар жүретін факторларға, мысалы, жатыр мойыны обырының бар-жоғын зерттеуге немесе контрацепцияның кедергілік әдістерін пайдалануғақатыстылығы жөнінде қарама-қайшы пікірлер сақталумен келеді. 54 эпидемиологиялық зерттеулердің мета-талдауы зерттеу жүргізілу сәтінде БІК-терді пайдаланып жүрген әйелдерде диагностикаланған сүт безі обыры өршуінің салыстырмалы жоғары қаупінің (RR=1,24)  бірнешеуі барын жария етті. БІК қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 10 жыл жүзінде артықша қаупі біртіндеп төмендеп келеді. Сүт безінің обыры 40 жастан аспаған әйелдерде сирек кездесетіндіктен, сүт безінің обыры өршуінің жалпы қаупімен салыстырғанда, БІК-терді қолданған немесе қолданбаған әйелдерде соңғы жылдары диагностикаланған сүт безінің обыры санының артуы азырақ болып табылады. Бұл зерттеулер БІК қабылдау мен сүт безінің обыры арасындағы себеп-салдарлық байланысты растамайды. Қатердің байқалған артуы БІК-терді қолданатын әйелдердегі сүт безі обырының бұрынырақтағы диагностикасының нәтижесі, БІК-тердің биологиялық әсері немесе екі нұсқаның да біріктірілуі болып табылады. Қай уақытта болсын, БІК-терді қолданған әйелдерде сүт бездерінің обырлық ісіктері, оларды ешқашан қолданбаған әйелдерге қарағанда, клиникалық тұрғыда аз айқындалды.

БІК қолдану аясындағы сирек жағдайларда бауырдың қатерлі емес, ал одан да сирегірек қатерлі ісіктерінің өршуі байқалды. Жекелеген жағдайларда бұл ісіктер өмірге қауіпті құрсақішілік қан кетуді туғызды. Бауыр ісігінің дифференциялық диагностикасында БІК қабылдайтын әйелдерде іштің жоғарғы жағындағы қатты ауыру, бауырдың ұлғаюы немесе құрсақішілік қан кету белгілерінің пайда болуын есепке алу керек.

Басқа ахуалдар

Мидианадағы прогестерондық құрамдас бөлік калийді бөгейтін қасиеті бар альдостерон антагонисі болып табылады. Басым көпшілік жағдайларда калий деңгейінің артуы байқалмайды. Әлсіз немесе бірқалыпты бүйректік жеткіліксіздігі бар және калий сақтағыш дәрілік препараттар бір мезгілде тағайындалған кейбір емделушілерде дроспиренон қабылдағанда сарысудағы калий деңгейі ұлғайды, дегенмен ол болымсыз. Осылайша, бүйректік жеткіліксіздігі және емдеуге дейін калий деңгейі норманың жоғарғы шегінде болған емделушілерде, сонымен қатар ағзада калийді бөгейтін дәрілік препараттар бір мезгілде тағайындалғанда препаратты қабылдаудың алғашқы айналымында сарысудағы калий деңгейін тексерту ұсынылады.   

Асқын үштік глицеридемиясы немесе отбасылық сыртартқысы бар әйелдерде БІК қабылдаған уақытта панкреатит өршуінің жоғары қаупін жоққа шығаруға болмайды.

БІК қабылдайтын көптеген әйелдерде артериялық қысымның аздап артуы сипатталса да, клиникалық тұрғыда маңызды жоғарылаулар сирек кездесті. Тек сирек жағдайларда БІК қабылдауды шұғыл тоқтату қажет. Егер БІК қабылдау кезінде бұрын болған артериялық гипертензия жағдайларында қан қысымының шамалары үнемі көтерілсе немесе қысымның айтарлықтай жоғарылауы гипотензиялық емге талапқа сай жауап бермесе, БІК-терді қабылдауды тоқтату қажет. Қажеттілік туындағанда, гипотензиялық ем көмегімен артериялық қысымның қалыпты шамаларына қол жеткізілсе, БІК қабылдауды жалғастыруға болады.

Келесі ахуалдар: холестазбен байланысты сары ауру және/немесе қышыма; өт қабында тастардың түзілуі; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолитикалық уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктілердің ұшығы; отосклерозбен байланысты естудің жоғалуы, бұрын хабарланғандай, жүктілік кезіндегі сияқты БІК қабылдағанда да өршиді немесе нашарлайды, бірақ олардың БІК қабылдаумен байланыстылығы дәлелденбеген.

Тұқым қуалаған ангионевротикалық ісінуі бар әйелдерде экзогендік эстрогендер ангионевротикалық ісіну белгілерін туғызуы немесе күшейтуі мүмкін. 

Бауыр қызметінің жедел немесе созылмалы бұзылулары, әзірге бауыр қызметінің көрсеткіштері қалыпқа келгенше, БІК-тердің пайдаланылуын тоқтатуды талап етуі ықтимал.  Жүктілік кезінде алғаш өршитін немесе алдыңғы жыныс гормондарын қабылдаған уақытта қайталап соққан холестатикалық сары ауру және/немесе холестаз туғызған қышыма БІК қабылдауды тоқтатуды талап етеді.

БІК инсулиннің шеткергі төзімділігіне және глюкозаның төзімділігіне әсер ете алады, төмен дозаланған БІК-терді (құрамында < 0,05 мг этинилэстрадиол бар) пайдаланатын қант диабеті бар науқастарда ем тәртібін өзгертудің қажеті жоқ. Соның өзінде, қант диабеті бар әйелдер, әсіресе, БІК қабылдаудың басында дәрігердің мұқият қадағалауында болуға тиіс.

Сондай-ақ БІК-терді пайдаланғанда эндогендік жабығудың, қояншық аурудың, Крон ауруының, арнайы емес ойық жаралы  колиттің күшеюі туралы хабарланды.

Кейде, әсіресе, сыртартқысында жүктілік хлоазмасы болған әйелдерде хлоазма өршуі мүмкін. Хлоазмаға бейімділігі бар әйелдер БІК қабылдаған кезде күн астында ұзақ болудан және ультракүлгінді сәулеленуден қашық болуға тиіс. 

Бұл дәрілік препараттың құрамында бір таблеткалық 48,17 мг лактоза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалаған галактозаға төзімсіздігі, саамдардың лактазалық жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылулары бар, лактозасыз емдәм ұстанатын емделушілер мұны қаперге алғандары дұрыс. 

Медициналық тексеру/кеңес беру

Біріктіріліп ішілетін контрацептивті қолдану алдында тиянақты сыртартқы жинап (туысқандары туралы деректерді қоса) және қарсы көрсетілімдер мен жағымсызреакцияларды басшылыққа алып, медициналық тексеруден өтулері керек. Әйелдің медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықты зейінмен оқып, онда көрсетілген кеңестерді ескеруі қажет. Тексерулердің жиілігі мен түрі жетекші нұсқауларға негізделуге және әрбір нақты әйел үшін қолайлануға тиіс. 

Әйелді ішілетін контрацептивтердің АИВ-жұқпасынан (ЖИТС) және жыныс жолымен берілетін басқа аурулардан сақтамайтыны жөнінде ескерткен жөн. 

Тиімділіктің төмендеуі

БІК тиімділігі таблеткаларды өткізіп алған жағдайда, асқазан-ішек жолының бұзылыстарында немесе басқа медициналық препараттарды бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі ықтимал. 

Азайған айналымды бақылау

БІК қабылдау аясында, әсіресе, пайдаланудың алғашқы айлары кезінде тұрақты емес қан кетулер (жағылмалы қанды бөліністер немесе өршулі қан кетулер)байқалуы мүмкін. Сондықтан, кез келген тұрақты емес қан кетулерді бағалау шамамен үш айналымнан тұратын бейімделу кезеңінен кейін ғана елеулі болып табылады. 

Егер тұрақты емес қан кетулер алдыңғы тұрақты айналымдардан кейін қайталанса немесе өршісе, онда қатерлі жаңа түзілімдерді немесе жүктілікті болғызбау үшін гормональдік емес себептері қарастырылып, талапқа сай диагностикалық шаралар жүзеге асырылуға тиіс. Олардың ішінде диагностикалық қырнау да бар. 

Кейбір әйелдерде БІК қабылдау үзілісі кезінде тоқтату қан кетуі өршімеуі де мүмкін. Егер бұған дейін БІК тұрақты емес қабылданса немесе егер екі тоқтату қан кетуі қатарынан болмаса, БІК қабылдауды жалғастырғанға дейін жүктілік жоққа шығарылуға тиіс. 

Бауыр қызметінің жедел немесе созылмалы бұзылулары бауыр қызметінің зертханалық маркерлері қалыптанғанша БІК тоқтатылуын талап етуі ықтимал.

Тұқым қуалаған ангионевротикалық ісінуі бар әйелдерде экзогендік эстрогендер ангионевротикалық ісіну белгіле

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.