Гидрокортизон Көзге арналған

Гидрокортизон Көзге арналған

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіКурган Синтез Акос
Өндіруші еліРесей
Формамазь
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Гидрокортизон ацетаты, негізгі0.05 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 340 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Саудалық атауы

Гидрокортизон

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрокортизон 

 

Дәрілік түрі

Көзге арналған 0,5 % жақпамай

 

Құрамы

100 г жақпамай құрамында

белсенді зат –   0,5 г гидрокортизон ацетаты,

қосымша заттарнипагин (метилпарагидроксибензоат немесе метилпарабен), вазелин – 100 г-ға дейін.

 

Сипаттамасы

Ақ түсті, сарғыш реңді ақ немесе сары түсті жақпамай.  

 

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикостероид   

АТЖ коды    S01BA02

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде жүйелік сіңуі төмен.  

Фармакодинамикасы

Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер етеді.  Қабыну кезінде болатын жасушалық инфильтраттарды азайтады, қабыну аймағында лейкоциттер мен  лимфоциттердің миграциясын төмендетеді.    

 

 

 

Қолданылуы

- көздің қасаң қабығының эпителийі бұзылмағанда химиялық және физикалық әсерлер кезінде көздің алдыңғы бөлігі қабынғанда 

- көз алмасы жарақаттанғанда және оған хирургиялық араласым жасалғанда  

- симпатиялық офтальмияда 

- конъюнктивитте, блефаритте, иритте, иридоциклитте, кератитте, увеитте.

 

Қолдану тәсілдері және дозасы

Жергілікті.

Көздің  қабағының  қалтасына көз жақпамайын тәулігіне 2-3 рет  1-2 см-ден   енгізеді. 

Ол үшін сықпаны ашып, басты сәл шалқайтып, астыңғы қабаққа жақпаймай жолағын салу қажет.  Көзді абайлап жұму керек. Пайдаланып болғаннан кейін сықпаны жақсылап жабу керек.   

Көз жақпамайын жапсырған кезде сықпа ұшын теріге немесе конъюнктивтің сыртына тигізіп алмаған жөн.   

Емделу ұзақтығы әдетте 2, ең көп дегенде 3 аптадан аспайды.  

 

Жағымсыз әсерлері

- шымылдату

- көздің ақ қабығының қызаруы

- көзде салдарлы зеңдік, бактериялық немесе вирустық жұқпаларының дамуы

- көздің қасаң қабығының трофикалық өзгеріске ұшырауы  

Ұзақ уақыт қолданған кезде – артқы субкапсулярлы катаракта, көзішілік қысымның жоғарылауы,   экзофтальм.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- осы препаратқа асқын сезімталдықта  

- вакцинация кезеңінде

- көздің вирустық, зеңдік және жұқпалы зақымдануын  

- көз эпителийінің тұтастығы бұзылғанда  

- трахомада 

- көз туберкулезінде 

- 2 жасқа дейінгі балаларға   

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Катарактаның даму қаупі глюкокортикостероидтар фонында антипсихотикалық дәрілерді  (нейролептиктерді), карбутамидті және  азатиопридті қолданған кезде жоғарылайды. 

Холиноблокаторлармен (антигистаминдік препараттармен, трициклді антидепрессанттармен), нитраттармен бір мезгілде қолдану көзішілік қысымның артуына мүмкіндік береді.   

 

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: артериялық гипертензияда, қантты диабетте.

Емделу кезінде жанаспалы линзаларды қолданбаған жөн.   

Көз тамшыларын қолданған кезде оларды жабыстыру мен жақпамайды жағу арасындағы аралық   – кем дегенде 15 минут. 

Жақпамайды  2 аптадан астам қолданған кезде және сыртартқысында глаукома болған жағдайда    көзішілік қысымды бақылау керек. 

Жақпамайды қолданғаннан кейін  30 минут ішінде зейінді жұмылдыруды қажет ететін жұмыспен айналысуды тоқтата тұру қажет.   

Балаларға қолданылуы

Балаларды емдеу үшін гидрокортизон, егер күтілентін емдік әсер мүмкін болатын жағымсыз әсерлердің даму қаупінен басым болса, қолданылуы мүмкін.   

Балаларда, ересектерге қарағанда,  гидрокортизонның жүйелік әсерінің даму қаупі жоғары болатыны байқалады. Сондықтан препаратты балаларға, мүмкіндігінше, қысқа курспен  (5-7 күн) абайлап қолданған жөн.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде препаратты қолдану, егер ана үшін мүмкін болатын пайдасы ұрық үшін ықтимал қаупінен басым болса, дұрыс болады.  Препаратты жүктілік кезінде қабылдау 7-10 күннен аспайды.    

Препаратты қолдану кезінде бала емізуді тоқтата тұрған жөн.  

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері  

Препаратты қолдану бойына көру өткірлігі  азғантай уақыт нашарлап, психикалық және физикалық реакцияларға әкеп соқтыруы мүмкін.  Сондықтан препаратты механизмдермен жұмыс жасар алдында және автокөлікті жүргізер алдында қолданбау керек.  

 

Артық дозаланғанда

Препараттың артық дозалану жағдайлары жөнінде осы уақытқа дейін мәлімет жоқ.   

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көзге арналған   0,5 %  жақпамай  5 г-нан  алюминийлік түбекте.

Әрбір түбек медицинада  қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.   

 

Сақтау шарттары

5С-ден 15 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.

 

Дәріханадан босату шарттары

Рецептісіз

 

 Өндіруші

«Синтез» ЖАҚ. 

Ресей Федерациясы, 640008,   Қорған қаласы,  Конституция даңғылы, 7.

тел./факс (3522) 48-16-89

 

 

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы және мекен-жайы:

 «СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы, 

Қостанай облысы,   Қостанай қаласы, Уральская  көшесі, 14 

тел. 714 228 01 79

 

 

 

Сарапшы Центра

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.