- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Алергозол
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Аллергия
- Алергозол
Алергозол
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Досфарм Dosfarm DF |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Нафазолин, негізгі | 6 мг |
Дифенгидрамин гиддрохлориды, көмекші | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 640 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
Алергозол-DF®
Саудалық атауы
Алергозол-DF®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көзге және мұрынға тамызатын дәрі 0,03 % және 0,06 %, 10 мл
Құрамы
10 мл препараттың құрамында 0,03 % 0,06 %
белсенді заттар: нафазолин нитраты - 3,0 мг 6,0 мг,
дифенгидрамин гидрохлориді - 5,0 мг 10,0 мг
қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш түсті сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар мен мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер, біріктірілімдер, кортикостероидтарды қоспағанда.
АТХ коды R01АВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Алергозол-DF® препаратының белсенді заттары жергілікті қолданғанда жүйелі қан ағымына сіңуі және резорбциялық әсер етуі мүмкін.
Препаратты тамызғаннан кейін 5 минуттан соң емдік әсер байқалады да, 6 сағатқа дейін жалғасады, препаратты жиі қолданғанда әсер ету ұзақтығы 4 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Алергозол-DF® құрамында нафазолин және димедрол болғандықтан аллергияға қарсы және тамырларды тарылтқыш әсер етеді. Препараттың құрамына кіретін димедрол (дифенгидрамин) - гистаминді H1-рецепторлардың бөгегіші. Н1-бөгегіш белсенділігі бар, гистамин туындататын тегіс бұлшықеттердің түйілуін, капилляр өткізгіштігінің жоғарылауын, тіндердің ісінуін, қышуын, гиперемияны азайтады немесе оның алдын алады.
Нафазолин шырышты қабықтардың тамырларына жылдам, ұзақ уақыт бойы тамыр тарылтқыш әсер етеді (ісінуді, гиперемияны, экссудацияны азайтады). Нафазолин мұрын ішіне қолданғанда ринит кезіндегі мұрынмен тыныстаудың жеңілдеуіне ықпал етеді. Мұрынның қосалқы қойнауларының шығару арналарының ашылуына және кеңеюіне әрі Евстахиев түтіктерінің босауына ықпал етеді. Бұл секреттің ағып шығуына ықпал етіп, бактериялардың мұрын шырышында жинақталуына жол бермейді.
Қолданылуы
— маусымдық аллергиялық конъюнктивиттің асқынуында;
— жыл бойғы аллергиялық конъюнктивиттің асқынуында;
— жедел ринитте;
— аллергиялық риносинуситте;
— аллергиялық вазомоторлы ринитте.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ринит кезінде ересектерге 0,06% әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан күніне 3 рет;
Балаларға арналған 0,03% тамшылар:
- 2-ден 6 жасқа дейінгілерге – күніне 1-2 рет әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан;
- 6-дан 18 жасқа дейінгілерге – күніне 3 рет әрбір мұрын қуысына 2 тамшыдан;
Емдеу курсы 5-6 күн.
Конъюнктивиттерде
Ересектерге 0,06 % тамшылар: жедел құбылыстарда – көздің ісінуін және тітіркенуін азайту үшін коньюнктивальді қапшыққа 1 тамшыдан әр 3 сағат сайын, содан соң клиникалық белгілер жойылғанға дейін 1 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет. 2 жастан асқан балаларға 0,03 % тәулігіне 1-2 тамшыдан тағайындайды. 5 күннен артық қолдануға болмайды. Конъюнктива тітіркенуінің белгілері 72 сағаттан артық сақталғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек.
Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен тығыздап жабу керек!
Жағымсыз әсерлері
Жиі
— көздің ашуы, қышуы, ауыруы, көру бұзылыстары, гиперемия, конъюнктиваның тітіркенуі.
Сирек
— ұйқышылдық, жүрек қағуы, гипертензия, бас ауыруы және бас айналуы, жүрек айнуы, көзішілік қысымның жоғарылауы.
Жүйелі реакциялардың пайда болуы немесе сақталатын жергілікті тітіркену препаратты тоқтатуға көрсетілім болып табылады.
Ұзақ қолдану гипоксиясымен (нашарлатушы болжам) байланысты эпителийдің жергілікті өзгерістеріне әкелуі мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
— препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғарғы сезімталдық
— конъюнктива ксерозы (құрғақ кератоконьюнктивит, Съегрен синдромы)
— жабықбұрышты глаукома
— артериялық гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз
— қант диабеті
— қуық асты безінің гипертрофиясы
— гипертиреоз
— моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күндік мерзім
— 2 жасқа дейінгі балалар (0,03%)
— 18 жасқа дейінгі балалар (0,06%).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда нафазолиннің тамыр тарылтқыш әсері күшеюі мүмкін. Нафазолинді моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде және оны тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы қолдану гипертониялық кризді туғызуы мүмкін.
Препарат жергілікті жансыздандыратын заттардың сіңуін баяулатады (беткейлік анезтезия жүргізген кезде олардың әсерін ұзартады).
Айрықша нұсқаулар
Препаратты қолданған кезде жұмсақ жанаспалы линзаларды тағуға болмайды.
Көз тамшы дәрісін тамызудың алдында қатты жанаспалы линзаларды шешу керек, оларды қайтадан препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15-20 минут өткеннен кейін ғана тағуға болады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде анаға деген пайда бала және ұрыққа болуы мүмкін қауіптен асатын болса ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.
Артық дозалануы
Белгілері: тері жабындарының бозаруы, тахикардия, жүрек тұсының ауыруы, артериялық қысымның көтерілуі, тер бөлінудің күшеюі, дірілдеу, бас ауыруы, қозу, жүрек айнуы, ұйқышылдық, бас айналуы, ұзақ мидриаз.
Емі: препаратты қолдануды тоқтату, аурудың белгілеріне қарай ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл препараттан алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда және қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда. Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құты ашылғаннан кейінгі препараттың қолданылу кезеңі – 15 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз