- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Кестин
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Аллергия
- Кестин
Кестин
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Индастриас Фармасьютикас Адмирал Продесфарма С.Л. |
---|---|
Өндіруші елі | Испания |
Форма | таблетки |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Эбастин, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
КЕСТИН СИРОБЫН, ТАБЛЕТКАЛАРЫН
дәрілік затын қолдану жөнінде
тұтынушыларға арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
(аннтотация-қосымша бет)
Сауда атауы
Кестин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эбастин
Дәрілік нысаны
Қабықпен қапталған таблеткалар
Сироп
Құрамы
Сироптың 1 мл-інде: Белсенді зат: Эбастин 1 мг, Қосалқы заттар: 85( сүт қышқылы, глицерин оксистеараты, неогесперидин дигидрохалконы, анетол, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий метилпарагидроксибен-зоаты, глицерин, 70 сорбитол ерітіндісі, диметилполисилоксан, натрий идрототығы, дистилляцияланған су.
бір таблетка: Белсенді зат: Эбастин - 10 мг (20 мг), Қосалқы заттар: микрокристалдық целлюлоза, гель тәріздес маис крахмалы, лактоза моногидраты, құрылымдық натрий карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты.
Қолдану көрсетілімдері
маусымдық және/немесе жыл бойғы аллергиялық ринит (тұрмыстық, тозаңдық, эпидермальдық, тамақ, дәрілік аллергендер туғызған);
есекжем (бәлкім, тұрмыстық, тозаңдық, эпидермальдық, тамақ, инсектілік, дәрілік аллергендер, күн сәулесінің, суықтың және т.б. әсерінен туындаған);
гистамин бөлінуінің жоғарылауымен байланысты аллергиялық аурулар мен жай-күйлер.
Қарсы көрсетілімдері
препаратқа жоғары сезімталдық, жүктілік, бала емізу кезеңі;
бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі кезінде балаларға (2 жасқа дейін) сақтықпен қолдану керек.
Жанама әсері
Бас ауыруы, ауыздың кеберсуі пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайларда - диспепсия, жүрек айнуы, ұйқысыздық, ұйқышылдық.
Қолдану тәсілі мен мөлшерлері
Ересектерге тәулігіне бір рет 10-20 мг (10-20 мл сироп немесе 1-2 таблетка) тағайындайды.
12 жастан үлкен балаларға тәулігіне бір рет 10-20 мг (10-20 мл) тағайындайды.
6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне бір рет 5 мг (5 мл).
2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне бір рет 2,5 мг (2,5 мл).
Кестинді тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кестинді кетоконазолмен және эритромицинмен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Кестин теофиллинмен, тікелей емес антикоагулянттармен, циметидинмен, диазепаммен, этанолмен және құрамында этанол бар препараттармен өзара әрекеттеспейді.
Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану
Кестиннің жүкті әйелдерге қауіпсіз қолданылуы зерттелмеген, сондықтан Кестинді жүктілікте қабылдау ұсынылмайды. Бала емізетін аналарға Кестинді қабылдау ұсынылмайды, өйткені эбастиннің емшек сүтінен бөлінуі зерттелмеген.
Артық мөлшерлеу
Препарат үшін арнайы у қайтарғы жоқ. Артық мөлшерленген жағдайда асқазанды шаю, организмнің өмірлік маңызды функцияларын бақылау ұсынылады. Симптоматикалық емдеу.
Айрықша нұсқаулары
Кестин көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Шығарылу түрі
Блистерлі орамға 5 және 10 таблеткадан буып-түйілген, картон қорапта нұсқаулықпен бірге 1 блистер.
Пластикалық тығынмен тығындалған және оның үстінен алғашқы ашылуын бақылауды қамтамасыз ететін алюмин қақпақпен жабылған қоңыр шыны сауытта 60 мл немесе 120 мл сироп. Бір сауыт қолдану жөніндегі нұсқаулықпен және өлшеуіш қондырғы түріндегі шприцпен бірге картон қорапқа орналастырылған.
Сақтау шарттары
15ºС-дан 25ºС-ға дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау қажет.
Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі
Таблеткалар - 3 жыл, сироп - 2 жыл. Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдану ұсынылмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Дәрігердің рецептісінсіз босатылады.
Өндіруші:
“Никомед Дания А/С (Дания), өндірген: Индастриас Фармасьютикас Алмирал Продесфарма С.Л.”, Испания.
ҚР-дағы өкілдігі:
“Никомед Остевропа Маткетинг Сервис ГмбХ”,
Абылай хан, 96, 11-пәтер, тел. 50 70 79, 61 66 89, факс 61 38 59