- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Антигриппин-П
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Анестезия, реанимация
- Антигриппин-П
Антигриппин-П
Қолдану көрсеткіштері
- Жансыздандыру
- Седативті
- Қызбаны түсіретін
- Невралгия
- Тіс ауруы
- Жарақаттар, созылулар, көгерулер
- Жану
- Қанның сұйылтуы
- Авитаминоз
- Кальций тапшылығы
- Гепатит
- Нефрит
- Гиперкалемия
- Тері аурулары
- Әртүрлі шыққан патологиялық процестерде тамырлардың өткізгіштігін төмендету
- Аллергия
- Жоғары температура
- Тұмау, суық
- ЖРВИ жедел респираторлық вирустық инфекциялар
- ЖРА Жедел респираторлық аурулар
- Ұйқы проблемалары, ұйқысыздық
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Эйкос Фарм |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | таблетки |
Саны | 10 |
Қаптамасы | көпіршік |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Парацетамол, негізгі | 0.25 гр |
Аскорбин қышқылы, негізгі | 0.15 гр |
Кальций глюконаты, негізгі | 0.05 гр |
Димедрол, негізгі | 0.01 гр |
Рутин, негізгі | 0.01 гр |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 560 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
«Антигриппин» - П
Саудалық атауы
«Антигриппин» - П
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетка құрамында:
белсенді заттар: парацетамол – 0.25, аскорбин қышқылы – 0.15 г, кальций глюконаты – 0.05 г, димедрол – 0.01 г, рутин – 0.01 г.
қосымша заттар: крахмал, тальк, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Сары түсті жазық беткейлі, ойығы және сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию және жөтел симптомдарын жою үшін. Суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттардың басқа комбинациялары.
АТХ коды R05X.
Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың фармакологиялық белсенділігі оның құрамына кіретін әсер етуші заттардың қасиеттеріне байланысты.
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін парацетамол АІЖ жылдам сіңеді, майлы тіндер мен жұлын сұйықтығын қоспағанда тіндерде және организмнің сұйық ортасында кеңінен тарайды. Ақуыздармен байланысуы 10 %-дан кем. Негізінен бауырда метаболизденеді, несеппен, ең бастысы глюкуронидті және сульфаттық конъюгат түрінде шығарылады. Парацетамол плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен бөлінеді.
Аскорбин қышқылы ішу арқылы қабылданғаннан кейін жақсы сіңеді. Шамамен 25%-ы плазма протеиндерімен байланысады, плазма мен жасушаларда жинақталады, безді тіндерде ең жоғары концентрациясына жетеді (негізінен бүйрек үсті безінің қыртыстарында және гипофизде). Бауырда метаболизденеді, несеппен оксалат түрінде және өзгермеген түрде шығарылады. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін иондалған кальцийдің шамамен 30%-ы АІЖ сіңеді. Ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 1,2–1,3 сағаттан соң жетеді. Организмнен негізінен нәжіспен (80%) және несеппен (20%) шығарылады.
Димедрол АІЖ жылдам сіңеді. Биожетімділігі 50% құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 98-99%. ГЭБ арқылы өтеді. Негізінен бауырда, ішінара – өкпе және бүйректе метаболизденеді. Тәулік бойы бүйрекпен метаболит түрінде толық шығарылады. Сондай-ақ сүтпен шығарылады әрі емшек еметін жастағы балаларда тыныштандырушы әсер туындатуы мүмкін.
Рутиннің ең жоғары концентрациясына ішу арқылы қабылдағаннан кейін 1-9 сағаттан соң жетеді. Негізінен өтпен және аз дәрежеде – бүйрекпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Парацетамол ауыруды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әлсіз әсері бар. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезі тежелуімен, негізінен гипоталамустағы терморегуляция орталығына әсеріне байланысты.
Аскорбин қышқылы организмде С витаминінің тапшылығын толықтырады, айқын антиоксидантты қасиетке ие, тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейді, организмнің жұқпаларға төзімділігін жоғарылатады.
Кальций глюконаты аллергияға қарсы, гемостатикалық әсер көрсетеді, буын сынғыштығы мен өткізгіштігін, организмдегі кальций жеткіліксіздігі симптомдарын азайтады, бұлшықет дистрофиясында, миастенияда бұлшықет жиырылуын жақсартады.
Димедролдың аллергияға қарсы белсенділігі бар, жергілікті жансыздандыратын, спазмолитикалық және орташа ганглиобөгегіш әсері бар. Ішу арқылы қабылдағанда тыныштандырушы әрі ұйықтататын әсері бар, құсуға қарсы орташа әсер етеді.
Рутин ангиопротекторы Р витаминдер тобына жатады, аскорбин қышқылымен бірге қылтамырлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын азайтады, тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, антиоксидантты қасиеті бар.
Қолданылуы
Қызба, тамақ ауыруы, бас ауыруы, ринит қатар жүретін тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирустық жұқпаларды симптоматикалық емдеу
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге ішке күніне 3 рет 1 таблеткадан; 7 жастан үлкен балаларға тамақтан кейін 3-5 күн бойы ½ таблеткадан күніне 3 реттен тағайындайды.
Ересектерге арналған ең жоғарғы бір реттік доза – 2 таблетка, тәуліктік – 6 таблетка; 7 жастан асқан балаларға – 1 таблетка және сәйкесінше 3 таблетка.
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар сақталса дәрігерге қаралу керек.
Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
- диспепсиялық құбылыстар, ауыздың құрғауы, эпигастриядағы ауырулар, жүрек айнуы, құсу, асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда парацетамол гепатоуытты, нефроуытты әсер көрсетеді
- бас ауыруы, шаршау сезімі, ұйқышылдық, ОЖЖ қозуының артуы, психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі, балаларда димедрол ұйқысыздықтың парадоксальді дамуын, тітіркенгіштік пен эйфория туыдыруы мүмкін
- жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда ұйқы безі инсулярлық аппаратының функциясының нашарлауы (гипергликемия, глюкозурия), гипероксалурия және кальций оксалатынан несеп тастарының түзілуі мүмкін
- қылтамыр өткізгіштігінің төмендеуі және тін трофикасының нашарлауы
- тромбоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, анемия, гемолитикалық анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар емделушілер үшін), гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильный лейкоцитоз, гипокалиемия
- аллергиялық реакциялар: есекжем, терінің қышынуы, тері гиперемиясы
- несеп шығарудың қиындауы (әсіресе қуықасты безі ұлғайған еркектерде)
- тыныс алу жолы секреттерінің жоғары тұтқырлығы
Барлық жағымсыз әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары туралы емдеуші дәрігерге хабарлап, препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамына кіретін кез келген компоненттің жеке жақпаушылығы
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуында
- созылмалы алкоголизм
- асқазан-ішек жолының эрозивтік-ойық жаралы зақымдануы (өршу сатысында)
- асқазан-ішектен қан кету
- қан құйылуға бейім қан аурулары
- бүйрек-тас ауруы (немесе шеткергіде аталған аурудың болуы)
- эпилепсия
- 7 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңінде
- анемия, лейкопения
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторларымен, гепатоуытты әсері бар заттармен (салициламидтер, барбитураттар, эпилепсияға қарсы дәрілер, үшциклдық антидепресанттар, алкоголь, рифампицин) бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың гепатоуытты әсерінің күшею қаупі (уытты метаболиттердің деңгейі артады) туындайды.
Доксорубицинмен бір мезгілде қолданғанда бауыр функциясының бұзылу қаупі ұлғаяды.
Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен бір мезгілде қабылдағанда парацетамолдың организмнен шығарылуы жылдамдайды және оның анальгетикалық әсері азаюы мүмкін.
Белсендірілген көмір парацетамолдың биожетімділігін төмендетеді.
Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда протромбиндік уақыттың аздап немесе орташа артуы мүмкін, қан кету қаупі өседі.
Метаклопромидпен және домперидонмен бір мезгілде қолданғанда парацетамол абсорбциясының ұлғаюы және оның қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін, ал холестирамин парацетамол концентрациясын төмендетеді.
Изониазидпен бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың уытты әсерінің байқалған жағдайлары сипатталған, парацетамол клиренсін төмендетеді.
Парацетамол мен фенобарбиталды бір мезгілде қолданғанда гепатоуыттылық жағдайлары хабарланған. Гепатоуытты әсері этанол болғанда күшейеді.
Карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал, примидон парацетамолдың тиімділігін азайтады.
Дәрілермен өзара әрекеттестігі жиі аскорбин қышқылын үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда пайда болады.
Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттар (кристаллурия қаупін жоғарлатады), этинилэстрадиол, бензилпенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады.
Эстрогендермен - қансарысуындағы гормон деңгейі артады.
Құрамында эстрогендер бар оральді котрацептивтермен – контрацептивтік әсері азаяды.
Кумарин және гепарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін азайтады.
Темір препараттарының ішекте сіңірілуін жақсартады.
Этил спиртінің жалпы клиренсін жоғарылатады, ол өз кезегінде аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді.
Хинолиндік қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтер ұзақ уақыт қолданылғанда аскорбин қышқылының қорын азайтады.
Ацетилсалицил қышқылы, пероралды контрацептивтер, жаңа жасалған шырын және сілтілік сусын (ішімдік) аскорбин қышқылының сіңуін және сіңірілуін төмендетеді. Аскорбин қышқылын изопреналинмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының хронотроптық әсері төмендейді. Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрек арқылы шығуын арттырады. Барбитураттар мен пиримидин аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады. Аскорбин қышқылы антипсихотикалық ДЗ (нейролептиктер) – фенотиазин туындыларының терапиялық әсерін, амфетамин мен үшциклдық антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді.
Бір мезгілде қабылдағанда димедрол этанол және ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың, барбитураттардың, ұйықтатқыштардың, опиаттық анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Сондықтан бұл препараттарды біріктіріп қолданғанда потенцияланған әсерге жол бермеу үшін дәрігермен кеңесу қажет.
МАО тежегіштері димедролдың антихолинергиялық әсерін күшейтеді.
Антагонистік өзара әрекетестігі психостимуляторлармен бір мезгілде тағайындағанда байқалады.
Уыттануды емдегенде құстыратын зат ретінде апоморфиннің тиімділігін төмендетеді.
Холинді бөгейтін белсенділігі бар препараттардың антихолинэргиялық әсерін күшейтеді.
Кальций бір мезгілде қабылдағанда тетрациклиндік антибиотиктердің және фтор препараттарының сіңуін төмендетуі мүмкін. D витаминін бір мезгілде қабылдау кальцийдің сіңуін жоғарылатады. Сіңірілмейтін кешендердің түзілу мүмкіндігіне байланысты кальций эстрамустиннің, этидронаттың абсорбциясын төмендетуі мүмкін және басқа да бисфосфонаттардың, фенитоинның, хинолондардың, пероралды тетрациклиндік антибиотиктер мен препараттардың абсорбциясы минимум 3 сағ. құрауы тиіс. Кальцийдің АІЖ сіңірілуі тағамның бірнеше түрі, мысалы, шпинатты, ревеньді, кебекті және дәнді дақылдарды бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Оймақгүл препараттарын қабылдайтын науқастарға кальцийдің жоғары дозаларын тағайындау кезінде аритмия туындау қаупі ұлғаюы мүмкін. Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен экскрециясын азайтады. Сондықтан оларды бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемия даму қаупін ескеру керек.
Аскорбин қышқылы рутиннің фармакологиялық әсерін күшейтеді.
Рутин аскорбин қышқылы мен адреналинді қышқылданудан сақтандырады.
Айрықша нұсқаулар
«Антигриппин»-П емдеген кезде құрамында парацетамол бар басқа препараттармен қабылдауға болмайды. Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған науқастарға сақтықпен қабылдау керек. Ұйықтататын дәрілермен араластыруға болмайды.
Парацетамолды созылмалы бауыр және бүйрек ауруларында, подаграда, асқазан мен он екі елі ішектің ойық-жаралы ауруында (шеткергіде) сақтықпен тағайындауды. Аталған органдардағы функционалдық өзгерістердің сипаты мен дәрежесін ескеру керек, өйткені бұл науқастарда парацетамолдың жартылай шығарылу уақытының ұлғаюы мүмкін. Парацетамол қабылдау фосфор-вольфрам қышқылының көмегімен қандағы несеп қышқылын анықтау және глюкоза-оксидаза-пероксидаза тәсілімен гликемияны анықтау нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін. Препаратты қабылдағанда және әсерінің байқалу барысында алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынады.
Аскорбин қышқылының кортикостериоидтық гормондардың синтезіне көтермелегіш әсерін ескере отырып, бүйрек функциясын АҚ бақылап отыру қажет. Аскорбин қышқылы жылдам пролиферирлейтін және қарқынды метастаздайтын ісінулері бар емделушілерде ауыру ағымын қиындатуы мүмкін. Аскорбин қышқылы әртүрлі зертханалық тесттердің (глюкоза құрамын, билирубинді және бауыр трансаминазалары белсенділігін, қан плазмасындағы ЛДГ анықтау) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Аскорбин қышқылын гипероксалатуриясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды. Кальций глюконатын бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге немесе D витаминінің жоғары деңгейімен байланысты ауруларда, саркоидоз типті ауруларда сақтықпен тағайындайды.
Барлық жағымсыз (ерекше) әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Жағдайы жақсармаса препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Егер емделушіге хирургиялық араласу керек болса, ол препаратты қабылдағаны туралы дәрігерге ертерек ескерту қажет.
Жүктілік және лактация
Препаратты қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіпті деп саналатын қызмет түрлерімен шұғылданатын емделушілерде сақтықпен қолданылады.
Артық дозалануы
Димедрол мен парацетамолдың артық дозалану симптомдары байқалады: жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, көз қарашығының ұлғаюы, ОЖЖ бәсеңдеуі, құрысулар, қозудың немесе депрессияның дамуы (әсіресе балаларда).
Гиперкальциемия белгілері: анорексия, жүрек айнуы, құсу, сананың бұзылуы, нефрокальциноз, кальциурия және күрделі жағдайларда аритмия және кома.
Емдеу: асқазанды белсендірілген көмірмен шаю және симптоматикалық ем, жеделдетілген диурез, гемодиализ жүргізу. Парацетамолдың у қайтарғысы ацетилцистеин.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Таблеткалар 10 данадан екі жағынан полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. Пішінді ұяшықсыз қаптамалар мемлекеттік және орыс тілдерінде медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен топтық қаптама – картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.
Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Алматы қ-сы, Нүсіпбеков к-сі, 32
тел: 397 64 29, факс: 250 71 78
e-mail: pharm@eikos.kz