Облепиховые свечи с Кызыл Май

Облепиховые свечи с Кызыл Май

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіФитОлеум
Өндіруші еліҚазақстан
Формасуппозиторий
Саны10
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Облепиховое масло, негізгі0.05 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2690 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік препаратты медициналық  қолдану

жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)

 

Саудалық атауы

Қызыл май шырғанақ майы қосылған

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ 

 

Дәрілік түрі, дозасы

Суппозиторийлер

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар. 

V03AX

 

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:   

- кольпитте, цервицитте, жатыр мойнының эрозиясында  

- циститте, простатитте  

- проктитте, колитте, геморройда, сәулелік зақымдануда, тік ішек жарықтарында, ойық жараларында.

 

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі  

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғарғы сезімталдық  

 

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған 

Арнайы ескертулер

Қатысты емес

Педиатрияда қолдану

Препаратты балалар практикасында қолдану тәжірбиесі жоқ.    

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданады.  

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  

Препаратты қолдану көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

1 суппозиторийден күніне 1-2 рет ректальді (немесе қынап  ішіне).   Емдеу курсы 10-15  күн. 

Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар 

Анықталмаған

 

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз

 

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар 

сирек

- қышыну, бөртпе

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: шырғанақ майы 0.05 г, Қызыл май  полифитті             майы  0.20 г.

қосымша заттар: какао майы, сары балауыз. 

                                                                   

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Қызғылт сарыдан қоңырлау-қызғылт сары түске дейінгі суппозиторий. Тоңазытқышта сақтау кезінде, бөлме температурасында жоқ болып кететін балауыздың кристалдары пайда болуы мүмкін. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы 

5 суппозиторийден поливинилхлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.   

Екі пішінді қаптамадан қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық мәтінін тікелей қорапшаға жазуға жол беріледі.  

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

 

Сақтау шарттары

10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші туралы мәліметтер  

«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК, 

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6  

т. +727 382-19-21, факс +727 382-19-20

Е – mailreception@kyzylmay.com

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6  

т. +727 382-19-21, факс +727 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта) 

«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК 

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6  

т. +727 382-19-21, факс +727 382-19-20

Е – mailreception@kyzylmay.com

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.