- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Доксициклин
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Антибиотиктер
- Доксициклин
Доксициклин
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | ТК Фарм Актобе |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | таблетки |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Доксициклин, негізгі | 100 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 690 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
Доксициклин – ТК
Саудалық атауы
Доксициклин – ТК
Халықаралық патенттелмеген атауы
Доксициклин
Дәрілік түрі
Капсулалар 100 мг
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 100 мг доксициклин (доксициклин хиклаты түрінде)
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты
Капсуланың құрамы: қақпағы – қан қызыл (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), желатин; корпусы - қан қызыл (Е 124), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Сипаттамасы
Цилиндр пішінді, №3 өлшемді, корпусы және қақпағы қызғылт түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – сары түсті ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияларға қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар. Тетрациклиндер. Доксициклин.
АТХ коды J01АА02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Доксициклин ас қорыту жолынан қабылданған дозаға пропорционалды түрде тез сіңеді. Сіңу үдерісі тағамдық заттармен, әсіресе сүт өнімдерімен және құрамында металл иондары бар препараттармен бәсеңдеуі мүмкін. Ішке 200 мг препаратты қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң доксициклин плазмада 2,6 мкг/мл құрайтын ең жоғары концентрацияға жетеді.
Доксициклиннің шамамен 50%-ы бауырда метаболизденеді. Доксициклин сарысу ақуыздарымен 80-90%-ға байланысады.
Препараттың биологиялық жартылай шығарылу кезеңі 18-ден 22 сағатқа дейінді құрайды және бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарда 25 сағатқа дейін созылады. Жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығының арқасында препаратты тәулігіне бір рет қабылдауға болады.
Доксициклин майларда жақсы ериді. Организмнің көптеген биологиялық сұйықтықтарына және тіндеріне жеңіл енеді. Препарат көздің сулы ылғалында, қуықасты безінде, анабезде, жатырда, қуықта, өтте, бауырда, бұлшық еттерде, тіс пен сүйек бастамасында, бронх тармақтарының бөлінділерінде, өкпеде, лимфа түйіндерінде, мұрын маңы қуыстарында, таңдай бадамша безінде жоғары концентрацияға жетеді. Плацента арқылы өтеді. Ана сүтіне енеді.
Бүйрек функциясы сақталған пациенттерде препараттың шамамен 40%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге, ал препараттың қалған бөлігі нәжіспен бірге, көбінесе метаболиттер түрінде шығарылады.
Доксициклин бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде айтарлықтай жиналмайды. Доксициклиннің жартылай шығарылуының биологиялық кезеңі және АUС мәні өзгермейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, мұндай пациенттерде доксициклиннің өттегі концентрациясының жоғарылауына байланысты, дозаны түзету қажет емес, соның нәтижесінде оның нәжіспен бірге шығарылуы ұлғаяды.
Гемодиализ препараттың сарысудан жартылай шығарылуының биологиялық кезеңіне ықпал етпейді.
Фармакодинамикасы
Доксициклин-ТК тетрациклиндер тобына жататын антибиотик болып табылады. Грамтеріс және грамоң бактерияларға, сондай-ақ қарапайымдыларға әсер ету ауқымы кең. Препараттың әсер етуінің бактериостатикалық механизмі ақуыз синтезінің рибосомалық деңгейде тежелуі болып табылады.
Бактерияларға қарсы белсенділігі
Доксициклиннің in vitro төмендегілерге бактерияға қарсы әсері бар:
- грамтеріс бактериялар
Neisseria gonorrhoeae, Campylobacter granulomatis, Haemophilus ducreyi, Haemophilis influenzae, Pasteurella pestis, Pasteurella tularensis, Vibrio cholerae, Bartonella bacilliformis, Brucella spp.; өзгеретін сезімталдығы өзгеретіндер: Escherichia coli, Klebsiella spp., Enterobacter aerogenes, Shigella spp., Mima spp., Herella spp., Bacteroides spp.
- грамоң бактериялар
Streptococcus pyogenes, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus faecalis, Streptococcus faecium, Staphylococcus aureus; viridans тобының a-гемолиздік стрептококктары
- Басқа да микроорганизмдер
Rickettsia, Chlamydia psittaci, Chlamydia trachomatis, Mycoplasma pneumoniae, Ureaplasma urealyticum, Borrelia recurrentis, Treponema pallidum, Clostradium spp., Fusobacterium fusoforme, Actinomyces spp., Bacillus anthracis, Propinibacterium acnes, Entamoeba spp., Balantidium coli, Plasmodium falciparum. Доксициклинге төзімділік көптеген штаммдар арасында, әсіресе грамоң бактериялар арасында байқалады. Бұл құбылыс біркелкі еместігімен сипатталады, өйткені әлемнің әр түрлі аумағындағы бактериялардың төзімділігінде көптеген айырмашылықтар байқалады. Доксициклиннің төзімділік механизмі препараттың бактериялық жасуша ішінде пенетрациялау қабілетінің төмендеуімен байланысты. Бұл төзімділік жасушада тасымалданатын R-плазмидтермен жүзеге асады.
Доксициклинге төзімді Streptococcus pneumoniae штаммдары басқа тетрациклиндерге, ал жиі – пенициллиндерге және макролидтерге (айқаспалы төзімділік) төзімділік білдіреді. Доксициклин мен макролидтер арасында синергизм байқалады.
Қолданылуы
Доксициклин грамоң және грамтеріс бактериялар мен кейбір басқа да микроорганизмдердің сезімтал штаммдары туындатқан әртүрлі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады.
- тыныс алу жолдарының инфекциялары: пневмония және Streptococcus pneumoniae, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae және басқа организмдердің сезімтал штаммдары туындатқан төменгі тыныс алу жолдарының басқа инфекциялары, микоплазмалық пневмония, созылмалы бронхит, синусит.
- Несеп-жыныс жүйесінің инфекциялары: Klebsiella species, Enterobacter species. Escherichia coli, Streptococcus faecalis және басқа организмдердің сезімтал штаммдары туындатқан инфекциялар; оның ішінде жыныс жолымен берілетін инфекциялар: асқынбаған уретральді, эндоцервикальді немесе ректальді инфекцияларды қоса, Chlamydia trachomatis туындатқан инфекциялар., Ureaplasma urealyticum (Т-микоплазмалық) туындатқан гонококты емес уретрит, жұмсақ шанкр, шаптық гранулёма және венерологиялық лимфогранулема.
Доксициклин соз және мерезді емдеуде баламалы препарат болып табылады.
- Тері инфекциялары: безеу ауруының ауыр түрлері (біріктірілген емнің құрамында).
- Басқа да аурулар: фрамбезия, легионеллез, орналасуы әртүрлі хламидиоз (оның ішінде простатит және проктит), риккетсиоз, Ку қызбасы, жартасты таулар теңбілді қызбасы, сүзек (оның ішінде бөртпелі, қайтымды кене), Лайм ауруы (I сатысы - erythema migrans), туляремия, оба, актиномикоз, безгек; инфекциялық көз аурулары, біріктірілген емнің құрамында – трахома; лептоспироз, пситтакоз, орнитоз, сібір ойық жарасы (оның ішінде өкпелік түрі), бартонеллез, гранулоцитарлық эрлихиоз; көкжөтел, бруцеллез, остеомиелит; сепсис, жеделге жуық септистік эндокардит, перитонит;
- операциядан кейінгі іріңді асқынулардың профилактикасы;
- хлорохинге және/немесе пириметамин-сульфадоксинге төзімді штамдар таралған аумақта қысқа мерзімді (4 айдан аздау) саяхат кезінде Plasmodium falciparum туындатқан безгек.
Қолдану тәсілі және дозалары
Асқынуға жол бермеу үшін қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Доксициклин тек абсолютті көрсетілімдер болғанда ғана тағайындалады.
Капсулаларда көп мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек. Препаратты өңештің тітіркенуі мен оның ойық жаралану ықтималдығын азайту үшін жатқан немесе түрегеп тұрған күйде түнде ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.
Асқазан тітіркенуі туындағанда Доксициклинді тамақтану кезінде және сүтпен қабылдау ұсынылады. Зерттеулер тамақтану немесе сүт ішудің доксициклин сіңірілуіне елеулі әсер етпейтінін көрсетіп отыр.
Ересектер: Емдеудің алғашқы күні әдетте 200 мг доксициклинді 1 қабылдауға тағайындайды немесе 2 қабылдауға бөледі – 100 мг әрбір 12 сағат сайын, ал содан кейін демеуші дозаға – тәулігіне 100 мг көшеді.
Ауыр инфекцияларда емдеудің барлық кезеңі бойы тәулігіне 200 мг доксициклин тағайындайды.
Емдеу курсы: препаратты ішке қабылдаған кезде, ағымының ерекшелігіне және аурудың ауырлығына байланысты, емдеу курсы 7-10 күнді құрайды.
Ұсынылған дозаны жоғарылату жағымсыз әсерлер жиілігінің артуына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Доксициклинді қоса, тетрациклиндер қабылдайтын пациенттерде мынадай жағымсыз реакциялар байқалған:
Инфекциялар және инвазиялар
Асқын инфекция: Басқа антибиотиктер жағдайындағы сияқты, сезімтал емес организмдердің шамадан тыс жылдам өсуі кандидозға, глосситке, стафилококты энтероколитке, жалған жарғақшалы колитке (Clostridiaшамадан тыс жылдам өсуін туындатуы мүмкін) және несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің қабынбалы зақымдануларына (урогенитальді кандидоз) әкелуі мүмкін.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан
Гемолиздік анемия, тромбоцитопения, нейтропения, порфирия және эозинофилия.
Иммун жүйесі тарапынан
Анафилаксиялық шок, анафилактоидты реакцияларды қоса, аллергиялық реакциялар анафилаксиялық пурпура, гипотония, перикардит, ангионевроздық ісіну, есекжем, жүйелі қызыл жегінің өршуі, ентігу, сарысу құю ауруы, шеткері ісінулер, тахикардия.
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар
Тетрациклиндерді ұзақ қолданғанда микроскоппен зерттеу кезінде қалқанша без тіндерінің қоңыр-қараға боялуы байқалған. Қалқанша без функциясының бұзылуы айқындалмаған.
Жүйке жүйесі тарапынан
Бас ауыруы, бас айналуы, айқын көрмеу, скотома, диплопия арқылы байқалуы мүмкін қатерсіз бассүйекішілік гипертензия.
Есту мүшелері мен вестибулярлық аппарат тарапынан: құлақтың шуылдауы.
Ас қорыту жолы тарапынан
Асқазан-ішек симптомдарының әдетте айқындылығы шамалы және емді тоқтатуды сирек қажет етеді. Олар мыналарды қамтиды: іштің ауыруы, стоматит, анорексия, жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия және сирек дисфагия. Эзофагит пен өңеш ойық жарасының пайда бола бастауы туралы хабарланған. Тетрациклиндер тістер түсінің өзгеруі немесе тіс эмалінің гипоплазиясына себеп болуы мүмкін, бұл әдетте препаратты ұзақ қолданғанда байқалады.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: бауыр трансаминазалары деңгейінің транзиторлы жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы, гепатит, сарғаю және панкреатит. Бауыр жеткіліксіздігі гепатоуыттылығының бірлі-жарым жағдайлары байқалған.
Тері жабындары: макулопапулезді және эритематозды бөртпе, тері фотосенсибилизациясы, фотоонихолизис, мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз.
Сүйек пен буын тарапынан: артралгия, миалгия.
Бүйрек және несеп жолдары функциясының бұзылуы: қалдық мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы.
Басқалар: кандидоз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- доксициклинге, басқа тетрациклиндерге немесе препараттың құрамына енетін қандай да бір затқа жоғары сезімталдық
- бүйрек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалаған лактоза, галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Темір препараттарын, құрамында алюминий, кальций, магний, мырыш немесе висмут бар препараттарды бір мезгілде қолдану доксициклиннің сіңуін бұзады. Бұл препараттарды бір мезгілде қолданбаған дұрыс.
Эрготамин және метисергид
Доксициклинді эрготаминмен және метисергидпен бір мезгілде қолданғанда эрготизм қаупі жоғары болады.
Метотрексат
Доксициклин метотрексаттың уыттылық қаупін арттырады. Метотрексатпен емделіп жүрген пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн.
Каолин және сукральфат доксициклиннің сіңуін азайтуы мүмкін.
Хинаприл құрамында магний карбонаты бар және доксициклиннің сіңуін азайтуы мүмкін.
Доксициклиннің сіңуін азайтатындықтан мүмкіндігінше бір мезгілде доксициклинді пенициллинмен үйлесімде қолданбаған дұрыс. Доксициклин мен варфаринді қолдану протромбин уақытын ұзартады. Тетрациклиндер плазманың протромбиндік белсенділігін бәсеңдетеді, осыған байланысты қатар жүретін антикоагулянттардың дозасын азайту керек.
Барбитураттар, карбамазепин, фенитоин немесе примидонды бір мезгілде қолдану доксициклиннің жартылай шығарылу кезеңін қысқартады. Мұндай жағдайларда доксициклиннің тәуліктік дозасын ұлғайту жайлы мәселені қарастырған жөн.
Алкоголь доксициклиннің жартылай ыдырау кезеңін азайтуы мүмкін.
Доксициклин ішілетін контрацептивтердің тиімділігін төмендетеді және құрамында эстроген бар пероральді контрацептивтерді қабылдағанда "құйылып" қан кету жиілігін арттырады.
Доксициклин плазмада циклоспориннің концентрациясын арттыруы мүмкін. Бұл препараттарды дәрігердің бақылауымен ғана бірге қолданған жөн.
Рифампицин сияқты бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттар доксициклиннің шығарылуын жылдамдатуы, сонысымен оның жартылай ыдырау кезеңін азайтуы мүмкін, бұл қанда доксициклиннің субтерапиялық концентрациясына әкелуі ықтимал. Мұндай жағдайларда дәрігердің бақылауында болу және қажет болған жағдайда доксициклиннің дозасын арттыру мәселесін қарастыру ұсынылады.
Қатерсіз бассүйекішілік гипертензия дамуы қаупінің жоғарылауына байланысты доксициклинді ретиноидтармен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.
Тетрациклиндер мен метоксифлуранды бір мезгілде қолдану өліммен аяқталу ықтималдығы бар нефроуыттылық қаупін арттырады.
Антибиотикпен белсенділігінің жойылуына байланысты доксициклинмен емдеу кезінде сүзекке қарсы пероральді вакцинация жасамаған жөн.
Флюоресцентті тест жүргізгенде несепте катехоламиндер деңгейінің жалған жоғарылауы байқалуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер.
Доксициклинді бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге, сондай-ақ потенциалды гепатоуытты препараттар қабылдайтын адамдарда сақтықпен қолданған жөн.
Доксициклинді қоса, тетрациклиндерді пероральді немесе парентеральді қабылдаумен байланысты бауыр функциясының бұзылуы сирек байқалған. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер.
Доксициклиннің бүйрек арқылы шығарылуы бүйрек функциясы сақталған адамдарда 72 сағат ішінде шамамен 40% құрайды. Бұл диапазон ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда 72 сағат ішінде 1-5% дейін төмендеуі мүмкін (креатинин клиренсі 10 мл / мин төмен).
Зерттеулер қан сарысуынан доксициклиннің жартылай шығарылуы кезеңінің бүйрек функциясы сақталған және бұзылған адамдарда елеулі айырмашылықтарын айқындамаған. Гемодиализ препараттың қан сарысуынан жартылай шығарылуы кезеңіне әсер етпейді.
Тетрациклиндердің анаболизмге қарсы әсері қанда мочевина деңгейінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Доксициклинді бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге қолданғанда анаболизмге қарсы әсері болмаған.
Фотосенсибилизация.
Доксициклинді қоса, тетрациклиндер қабылдаған кейбір пациенттерде жарыққа сезімталдық реакциялары байқалған. Доксициклинмен емдеу кезінде, емдеу аяқталғаннан кейін 4-5 күн бойы дененің ашық жерлеріне тікелей күн сәулесі түсуінен және жасанды УК–сәулеленуден сақтану ұсынылады. Теріде эритеманың алғашқы көріністері пайда болғанда тетрациклиндермен, оның ішінде доксициклинмен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.
Төзімді микрофлораның өсуі.
Кандидоз дамуының профилактикасы үшін Доксициклинмен бір мезгілде зеңге қарсы препараттарды қолдану ұсынылады.
Жалған жарғақшалы колит
Доксициклинді қоса, барлық дерлік бактерияға қарсы заттарды қолданғанда жалған жарғақшалы колит дамуы туралы хабарлар түспеген. Асқынудың ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төнуіне дейін құбылып тұрған. Доксициклинмен емді тоқтатуға қатысты шешім қабылдаған, қажет болғанда тиісті ем (спецификалық антибиотиктер мен химиотерапиялық дәрілерді қабылдау) жүргізген жөн.
Бактерияға қарсы препараттармен емдеу жуан ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл Clostridium difficile қоса, сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкеледі. Барлық дерлік бактерияға қарсы заттарды қолданғанда Clostridium difficile туындатқан диарея жағдайлары тіркелген. Бактерияға қарсы препараттармен емделіп жүрген пациенттер Clostridium difficile туындатқан диареяның даму қаупіне байланысты емдеу курсы аяқталғаннан кейін екі ай бойы қатты қадағалауда болулары тиіс.
Эзофагит.
Доксициклинді қоса, тетрациклиндер класы препараттарын капсула немесе таблетка түрінде қолданған пациенттерде эзофагит және өңеш ойық жарасы жағдайлары тіркелген. Бұл пациенттердің көпшілігі препаратты тікелей ұйықтар алдында немесе сұйықтықтың жеткіліксіз мөлшерімен қабылдаған.
Бассүйек ішінің жеңіл гипертензиясы препаратты ең жоғары емдік дозада қабылдаған адамдарда тіркелген. Препаратты тоқтатқаннан кейін жылдам жоғалып отырған.
Порфирия
Порфирия туындауының сирек жағдайлары тетрациклин қабылдаған пациенттерде байқалған.
Венерологиялық ауруларды емдеу
Мерездің қатар жүруіне күдіктенген венерологиялық ауруларды емдеуде қараңғы өріс микроскопиясын және басқа да талдауларды қоса, сәйкес диагностикалық ем-шаралар қолданылуы тиіс. Мұндай жағдайларда ай сайын серологиялық тестілер кем дегенде төрт ай бойы жүргізілуі тиіс. Бета-гемолитикалық стрептококк
А тобы бета-гемолитикалық стрептококтары туындатқан инфекциялары бар пациенттерде емдеу курсы 10 күннен кем болмауы тиіс.
Гравис миастениясы
Тетрациклиндер тобының препараттары нейробұлшықет блокадасын туғызуы мүмкін, сондықтан гравис миастениясымен пациенттерде доксициклинді қолданғанда сақ болу қажет.
Жүйелі қызыл жегі
Тетрациклиндер жүйелі қызыл жегінің өршуін туындатуы мүмкін. Метоксифлуран
Нефроуыттылық жоғарылауына байланысты метоксифлуранды тетрациклиндермен бір мезгілде қолданғанда сақ болған жөн.
Автокөлік басқарғанда және механизмдермен жұмыс істегенде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті.
Доксициклинмен емдеу кезінде көруді жоғалту, айқын көрмеу, бас айналу байқалатынын ескере отырып, пациенттің препаратқа жекелей реакциясы анықталғанша автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарудан тартына тұрғаны жөн.
Артық дозалануы
Досициклиннің артық дозалану симптомдары қызба, беттің қызаруы, бас айналу болып табылады, кейде коллапс дамуы мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, өмірлік маңызы бар негізгі қызметтерді (тамырдың соғуын, тыныс алуды) бақылау және қажет болған кезде – симптоматикалық ем.
Препаратты қаннан кетіру үшін гемодиализді қолдану тиімсіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан поливинилхлоридті марка үлбірінен және/немесе баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы