- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Левомицетин
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Антибиотиктер
- Левомицетин
Левомицетин
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Медоптик |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Хлорамфеникол, негізгі | 5 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 159 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Саудалық атауы
Левомицетин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Хлорамфеникол
Дәрілік түрі
0,5% 8 мл, 10 мл көз тамшы дәрісі
Құрамында
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 5 мг хлорамфеникол,
қосымша заттар: бор қышқылы, поливинилпирролидон, инъекцияға арналған су бар
Сипаттамасы
Сарылау мөлдір немесе сәл бозаңданатын сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар. Антибиотиктер. Хлорамфеникол
АТХ коды S01AA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көзге тамызған кезде левомицетиннің емдік концентрациясы көздің шыны тәрізді денесінде, мөлдір қабығында, нұрлы қабығында, сулы ылғалында түзіледі. Левомицетин көз бұршағына енбейді. Поливинилпирролидонның болуы есебінен, препарат жоғары тұтқырлық және көздің алдыңғы жақ бетіне қатысты жақсы адгезиялық қасиеттерді иеленеді, ерітіндінің мөлдір қабықпен жанасу ұзақтығы ұлғаяды, тамшылардың емдік әсері ұзарады. Бірқалыпты, ұзақ уақыт бойы сақталатын, мөлдір қабық алдындағы көз жасының үлбірі түзіледі, ол кірпік қаққан кезде ұзақ уақыт жуылмайды және көру жітілігінің төмендеуін туғызбайды.
Фармакодинамикасы
Левомицетин әсер ету ауқымы кең антибиотик болып табылады, көптеген грам оң және грам теріс бактерияларға қатысты тиімді. Микробқа қарсы әсер ету механизмірибосомалардың 50-S субстанциялары деңгейіндегі РНҚ синтезінің тежелуімен және ақуыз синтезінің бәсеңдеуімен байланысты.
Пенициллинге, тетрациклинге, сульфаниламидтерге төзімді бактериялар штаммдарына қатысты тиімді. Escherchia Coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae-ге, Enterobacter мен Neisseria-ның кейбір түрлеріне, Staphylococcus aureus, Streptococus spp.-ға қатысты белсенді. Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens-ке қатысты тиімді емес.
Бактериостатикалық әсер етеді. Микроорганизмдердің левомицетинге төзімділігі баяу дамиды.
Қолданылуы
конъюнктивиттер
кератиттер
кератоконъюнктивиттер
мөлдір қабықтың ойық жаралануы
блефариттер
блефароконъюнктивиттер
Қолдану тәсілі мен дозалары
1-2 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет 5-7 күн бойы. Сонан соң 3-5 күнге үзіліс жасайды.
Жағымсыз әсерлері
жергілікті аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
ұзақ уақыт қолданғанда – көру жітілігінің төмендеуі
көру және шеткергі жүйкелер невриті
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препаратқа жекелей жоғары сезімталдық
сүйек-кеміктік қан түзудің бәсеңдеуі
тері аурулары (псориаз, экзема, зең ауруларында)
жүктілік және лактация кезеңі
жедел интермиттирленген порфирия
глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі
1 жасқа дейінгі сәбилер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қан түзілуін бәсеңдететін әсерінің күшеюінің алдын алу үшін сульфаниламидтік дәрілермен, цитостатиктермен бірге қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты негізсіз қолдануға болмайды, әсіресе балаларда.
Көздің вирустық және зеңдік зақымдарында қолдануға болмайды.
Сәулелік терапия және цитостатиктерді қабылдаған науқастарға абайлап қолдану керек.
Тамшылатқыш-құтының ұшы көз шырышты қабығының беткейіне тимеуін қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшамен жабады.
Хлорамфеникол агранулоцитоз, апластикалық анемия тудыратын болғандықтан, оны ұзақ қолданған кезде шеткергі қанды жүйелі түрде бақылау қажет.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару қабілетіне және басқа қауіпті механизмдермен жұмыс жасауға әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
8 мл және 10 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын, қақпақшалармен тығыз тұмшаланған, полиэтиленнен жасалған тамызғы-құтыларда.
1 құтыдан медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Картон қорапқа 10, 100, 500 немесе 1000 пәшкеден салынған.
20 құтыдан (пәшкеге салмай) қораптық картоннан жасалған қорапқа құты санына қарай медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 аптадан аспауы керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Медоптик» ЖШС, Қазақстан Республикасы