- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Макромицин
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Антибиотиктер
- Макромицин
Макромицин
Қолдану көрсеткіштері
- Вирустық инфекция
- Жұқпалы аурулар
- Пневмония
- Бронхит
- ЛОР аурулары
- Артрит
- Остеомиелит
- Урпақты болу жүйесінің инфекциялары
- Токсоплазмоз
- Менингит
- Ревматизм
Тапсырыс беру шарттары
«Макромицин» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 4072 ₸ (қалыпты баға: 5090 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 36 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Маклеодс Фармасютикал Macleods Pharaceuticals Ltd |
---|---|
Өндіруші елі | Үндістан |
Форма | таблетки |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Спирамицин, негізгі | 700 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 5090 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 3739 ₸ 1351 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«Тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін бақылау
комитеті» РММ төрағасының
201_ ж. «____» ___________
№ ____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
МАКРОМИЦИН 3.0 млн ХБ
Саудалық атауы
Макромицин 3.0 млн ХБ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Спирамицин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 3.0 млн ХБ
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 731,707 мг (3 000 000 ХБ) спирамицин,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 302), коллоидты сусыз кремний, натрий крахмалы гликоляты (А типі), тазартылған тальк, магний стеараты, гипромеллоза (Е-5), диэтилфталат, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171)
Сипаттамасы
Сопақша, екі беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған, ақ немесе крем тәрізді түсті, бір жағында сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Макролидтер, линкозамидтер жәнестрептограминдер. Макролидтер. Спирамицин.
АТХ коды J01FA02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
Ішке қабылдағаннан кейін 6 миллион ХБ спирамициннің плазмадағы ең жоғарғы концентрациялары 3.3 мкг/мл құрайды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 8 сағатты құрайды.
Спирамицин гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Алайда, ол емшек сүтіне өтеді. Плазма ақуыздарын байланыстыруы төмен (10%).
Тіндер мен сілекейге таралуы өте жоғары (өкпеде: 20-дан 60 мкг/г дейін, таңдайдың бадамша бездерінде: 20-дан 80 мкг/г дейін, инфекция түскен қойнауларда: 75-тен 110 мкг/г дейін, сүйектерде: 5-100 мкг/г).
Емдеуді тоқтатқаннан кейін он күннен соң 5-тен 7 µг/г дейінгі дәрілік зат көкбауырда, бауырда және бүйректе қалады.
Макролидтер фагоциттерге өтеді және жинақталады (нейтрофилдерде, моноциттерде, перитонеальді және альвеолярлық макрофагтарда). Адам организмінде дәрілік заттыңфагоциттердегі концентрациялары жоғары. Аталған қасиеттері макролидтің жасушаішілік бактерияларға әсерімен түсіндіріледі.
Метаболизмі
Спирамицин бауырда метаболизденіп, химиялық тұрғыдан белгісіз, бірақ белсенді метаболиттерін түзеді.
Шығарылуы
Препарат ішінара несеппен (қабылданған дозасының 10%-ы) шығарылады. Өтпен шығарылуы өте жоғары: концентрациясы плазмадағы концентрациясына қарағанда 15-40 есе жоғары. Спирамициннің елеулі мөлшерін нәжістен анықтауға болады.
Фармакодинамикасы
Макромицин 3.0 млн ХБ ақуыздың жасушаішілік синтезін бұза отырып, бактериостатикалық әсер береді.
Әдете сезімтал микроорганизмдер: ең төменгі тежегіштік концентрациясы (ЕТТК)<=1 мг/л (штамдардың 90%-ынан астамы сезімтал болып табылады) - стрептококтар, метициллинге сезімтал стафилококтар, энтерококтар, Rhodococcus equi, Branhamella catarrhalis, Bordetella pertussis, Helicobacter pylo-ri, Campylobacter jejuni, Legionella spp., Corynebacterium diphtheriae, Moraxella spp., Mycoplasma pneumoniae, Coxiella spp., Chlamydia spp., Treponema pallidum, Borrelia burgdorferi, Leptospira spp., Propionibacterium acnes, Actinomyces spp., Eubacterium spp., Porphyromonas spp., Mobiluncus spp., Bacteroides spp., Peptostreptococcus spp., Prevotella spp.
Сезімталдығы орташа микроорганизмдер: антибиотиктің белсенділігі орташа; оң нәтижелер антибиотиктің қабыну ошағындағы: Neisseria gonorrhoeae, Ureaplasma urealyticum, Clostridium perfringens ЕТТК-ден жоғары концентрацияларында байқалуы мүмкін.
Төзімді микроорганизмтер (ЕТТК>4 мг/л): штамдардың кемінде 50%-ы төзімді метициллин-резистентті стафилококтар, Enterobacter spp., Pseudomonas spp., Acinetobacter spp., Nocardia spp., Fusobacterium spp., Haemophilus spp., Mycoplasma hominis болып табылады.
Қолданылуы
Спирамицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларында:
- тыныс жолдарының инфекцияларында (синуситте, тонзиллитте, әдеттен тыс пневмонияны қоса, ауруханадан тыс жедел пневмонияда, жедел бронхитте, созылмалы бронхиттің өршуінде)
- периодонтитте және ауыз қуысының инфекцияларында
- несеп-жыныс жүйесінің инфекцияларында (простатитте, уретритте, жыныстық жолмен берілетін ауруларда (соның ішінде, гениталий хламидиозында))
- тері инфекцияларында (импетигода, дерматоздың импетигинизациясында, эктимада, инфекциялық дермо-гиподермитте (әсіресе, тілмелі қабынуда), эритразмада, абсцесте)
- остеомиелитте, артритте
- жүкті әйелдердегі токсоплазмозда
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткаларды тұтастай, бір стақан сумен жұтып ішу керек.
Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер:
Инфекциялық ауруларды емдеу үшін: күніне 2-3 рет 1 таблеткадан (3 млн ХБ). Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 6-9 млн ХБ. Ауырырақ инфекцияар кезінде тәуліктікдозасын күніне 15 млн ХБ дейін арттыруға болады.
Токсоплазмозды емдеу үшін: 3 апта бойы күніне 3 млн ХБ 5-7 таблеткадан (5-7 г) немесе 6 апта бойы күніне 3 млн ХБ 2 таблеткадан (2 г).
6 жастан асқан балалар: күніне 2 немесе 3 қабыдауға бөлінген 75–150 мың ХБ (25-50 мг/кг). Жекелеген жағдайларда күніне 125 мг/кг дейін тағайындауға болады.
Емдеудің жалпы ұзақтығын дәрігер әрдайым, инфекцияның ауырлығына байланысты белгілейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Төменде байқалған жағымсыз реакциялар туындау жиіліктеріне қарай атап келтірілген: өте жиі (³ 1/10); жиі (³ 1/100 - < 1/10 дейін); сирек (³ 1/10000 - < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10000); белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша бағалау мүмкін емес).
Өте жиі:
- қысқамерзімді парестезия, өтпелі көріністерімен
Жиі:
- асқазанның ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея
- тері бөртпесі
- өтпелі дисгевзия
Өте сирек:
- жалғанжарғақшалы колит, ойық жаралы эзофагит және жедел колит
- бауырдың функционалдық сынамаларының өзгерістері
Жиілігі белгісіз:
- QT аралығының ұзаруы, қарыншалық аритмия, қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуына алып келуі мүмкін пируэттік қарыншалық тахикардия
- есекжем, қышыну, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок, Стивен-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жедел жайылған экзантемалық пустулез (ЖЖЭП)
- аралас немесе сирек жағдайда цитолиздік холестаздық гепатит
- лейкопения, нейтропения, гемолиздік анемия жағдайлары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- спирамицинге және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезңмталдық
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер
- 6 жасқа дейінгі балаларға
- лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Пируэттік қарыншалық тахикардияны туғызатын дәрілік препараттар (мысалы, аритмияға қарсы I және III класты дәрілер, трициклдық антидепрессанттар, инфекцияға қарсы дәрілер, психозға қарсы кейбір дәрілер) жүрек ырғағының бұзылуларын туғызуы мүмкін және сақтықпен қолданылуы тиіс.
Салыстырылған эритромицинге, макролидке қарағанда, спирамицин бауырдың Р-450 цитохромы изоэнзимдерімен байланыспайды және циклоспоринмен немесетеофиллинмен өзара әрекеттеспейді.
Леводопа және карбидопа: Макромицин 3.0 млн ХБ препаратымен бір мезгілде қолдану аталған препараттардың сіңірілуінің бәсеңдеуі салдарынан, олардың жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына алып келуі, және нәтижесінде ішек перистальтикасының өзгеруіне әкеп соқтыруы мүмкін.
ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) теңгерімсіздігімен байланысты айрықша қиындықтар
Антибиотиктермен емделіп жүрген пациенттерде пероральді антикоагулянттық дәрінің белсенділігі жоғарылаған көптеген жағдайлар туралы хабарланған. Инфекцияның немесе қабынудың ауырлығы, пациенттің жас шамасы және жалпы денсаулық жағдайы қауіп факторлары болып табылады және ондай жағдайларда, инфекцияның өзі немесе оның емі ХҚҚ теңгерімсіздігінде қаншалықты дәрежеде рөл атқаратындығын анықтау қиын. Алайда, антибиотиктердің кейбір кластары, әсіресе: фторхинолондар, макролидтер, циклиндер, котримоксазол және кейбір цефалоспориндер бұған көбірек дәрежеде қатысты.
Препаратты қастауыш алкалоидтарымен және оральді контрацептивтермен сақ болып қолдану керек.
Айрықша нұсқаулар
Егер емдеудің басында пациенттерде қызба жағдайымен қатар жүретін жайылған эритема мен пустулалар туындаса, жедел жайылған экзантематоздық пустулезге күдіктену керек. Ондай реакция туындаған жағдайда, емдеуді бірден тоқтату қажет, ал спирамицинмен ары қарай монотерапия түрінде немесе біріктіріп емделу қарсы көрсетілімді.
Байқаусызда тұншығып қалуы қаупіне байланысты, 6 жасқа толмаған балаларды емдеу үшін таблеткаларды пайдалануға болмайды.
QT аралығының ұзаруы
Спирамицинді қоса, макролидтерді қабылдаған пациенттерге қатысты QT аралығы ұзарған жағдайлар туралы хабарланған.
Спирамицинді QT аралығы ұзаруының төмендегілер сияқты белгілі қауіп факторлары бар пациенттерге қатысты қолданғанда сақтық таныту керек:
• электролит теңгерімсіздігінің түзетілмеуі (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия),
• QT аралығының туа біткен ұзаруы синдромы,
• жүрек ауруы (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
• QT аралығын ұзартатыны белгілі дәрілік препараттарды қатарлас қолдану (мысалы, Аритмияға қарсы IA және III класты препараттар, трициклдық антидепрессанттар, белгілі бір антибиотиктер және психозға қарсы белгілі бір дәрілер),
• егде жастағы пациенттер, жаңа туған нәрестелер және әйелдер QT аралығының ұзаруына бейімірек болуы мүмкін.
Өт жолдарының обструкциясы немесе бауыр жеткіліксіздігі кезінде Макромицин 3.0 млн ХБ препаратын сақтықпен тағайындайды. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде препаратты қолдану кезінде бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылау керек.