Қоспасыз инсти

Қоспасыз инсти

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіХербион
Өндіруші еліПакистан
Формапорошок
Саны5
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Талдың ақ қабығы, негізгі275 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

 

ИНСТИ, анис, кардамон, 

кофе, шоколад, лимон дәмдес Инсти

 

 

Саудалық атауы

Инсти, анис, кардамон, кофе, шоколад, лимон дәмдес Инсти.

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ

 

Дәрілік түрі 

Түйіршіктер

 

Құрамы

1 пакет ішінде

белсенді заттар: 

Ақ тал қабығының қою сығындысы 275 мг

Жалаң мия тамырларының қою сығындысы 205 мг

Тамырлы Адхатода жапырақтарының қою сығындысы 115 мг

Қытай шайы жапырақтарының қою сығындысы 50 мг

Жұпар шегіргүл шөбінің қою сығындысы 40 мг

Дәрілік шүйгіншөптің тамырсабақтарымен тамырларының 

қою сығындысы 40 мг

Кәдімгі Аскөк жемістерінің қою сығындысы 30 мг

Шар тәрізді эвкалипт жапырақтарының қою сығындысы 15 мг

қосымша заттар:

кристаллды ментол¹, жүгері крахмалы, сахароза, анис майы², кардамон майы³, шоколад хош иістендіргіші4, какао ұнтағы, кофе хош иістендіргіші5, лимон хош иістендіргіші6

¹ - Инсти үшін

² - анис дәмі бар Инсти үшін

³ - кардамон дәмі бар Инсти үшін

- шоколад дәмі бар Инсти үшін

- кофе дәмі бар Инсти үшін

6 - лимон дәмі бар Инсти үшін

 

Cипаттамасы

Жаншығанда шығатын ментол иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер (Инсти үшін).

Жаншығанда шығатын анис иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер (анис дәмдес Инсти үшін).

Жаншығанда шығатын кардамон иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер (кардамон дәмдес Инсти үшін).

Жаншығанда шығатын шоколад иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер (шоколад дәмдес Инсти үшін).

Жаншығанда шығатын кофе иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер (кофе дәмдес Инсти үшін).

Жаншығанда шығатын лимон иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер (лимон дәмдес Инсти үшін).

 

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді жоюға арналған препараттар. 

Суық тию симптомдарын жоюға арналған басқа препараттар біріктірілімі. 

АТХ коды R05Х

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инсти препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес: барлық компоненттер бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен бақыланбайды. Осы себептерге байланысты препарат метаболиттерін де анықтау мүмкін емес. 

Фармакодинамикасы

Инсти түйіршіктер - қақырық түсіретін, муколитикалық, бронхолитикалық, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және спазмолитикалық әсері бар кешенді фитопрепарат. 

Ақ талдың құрамында салицин, тремулацин гликозидтері барЫстықты түсіретін, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын әсер етеді. 

Тамырлы Адхатода құрамында вазицин, вазицинон алкалоидтары бар. Бронхты кеңейтетін, қақырық түсіретін әсерге ие, қақырықтың тұтқырлығын басады және бронх эпителийлері кірпікшелерінің қозғалыс белсенділігін арттырады, бұл қақырықтың шығуын жақсартуға ықпал етеді. Сурфактант өндірілуін көтермелейді, бұл тыныс алу мускулатурасына «дем алу/дем шығару» толыққанды циклін орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Гистаминнің әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.

Жұпар шегіргүл құрамында виолин, фриделин, эфир майы бар. Антигистаминді, қақырық түсіретін, ыстықты түсіретін, терлететін әсер етеді. 

Жалаң мия құрамында глицирризин, флавоноид, аспарагин гликозидтері бар. Қақырық түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Мия құрамындағы глицирризин қышқылы жергілікті, және сонымен бірге жалпы иммунитетті де көтермелей отырып, иммунитет көтермелейтін әсерді қамтамасыз етеді. 

Қытай шайы құрамында танин, кофеин, теофиллин бар. Тұтқыр, сергітетін, несеп айдайтын әсерге ие.

Кәдімгі Аскөк құрамында эфир майлары, дипентин бар. Бронхтардың секреторлы функциясын күшейтеді және муколитиктік әсер етеді, сондай-ақ антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. 

Шар тәрізді эвкалипт құрамында эфир майлары (цинеол, пинен, миртенол, пинокарвон, эйдесмол), иіткіш заттар бар. Антисептикалық әсерге ие, әсіресе стрептококктарға, стафилококктарға қатысты, қабынуға қарсы әсер туындатады. Регенерация үдерістерін көтермелейді, тіндердің гипоксияға төзімділігін арттырады. 

Дәрілік шүйгіншөп құрамында эфир майлары (изовалериан қышқылы, валереналь, борнеол, а-пинен), алкалоидтар (шүйгіншөп, хатинин), сапониндер, кетондар бар. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, тегіс бұлшықетті ағзалардың түйілуін азайтады. 

Инсти емделушілердің жағдайын жақсартады, жоғары температураны және жөтелдің қарқындылығын төмендетеді. Қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде ринит, фарингит, трахеит симптомдарының жылдам басылуына ықпал етеді. Дағдылану мен ұйқышылдықты туындатпайды. Ыстық суда жылдам ериді. 

 

Қолданылуы 

Жөтелмен, қызбамен, ринитпен, бас және бұлшықет ауыруларымен қатар жүретін тұмауды, ЖРВЖ симптоматикалық емдеуде. 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Күніне 2-3 рет 1 пакеттен. 

Пакет ішіндегісін бір стақан ыстық суда ерітіп және асықпай ішу керек. 

Емдеу курсы 5-7 күн.

 

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар 

  • қанның ұйығыштығы көрсеткіштерінің төмендеуі 

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың құрамдастарына жеке жоғары сезімталдықта

  • аспириндік демікпеде

  • қант диабетінде

  • жүктілік және лактация кезеңінде

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтел орталығын бәсеңдететін препараттармен, сондай-ақ қақырықтың түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. 

Қанның ұюына қарсы дәрілермен және ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қабылдағанда олардың әсерін күшейтеді.

 

Айрықша нұсқаулар

Түйіршіктердің құрамында сахароза бар, мұны қант диабеті, экссудативті диатезі бар науқастар, сондай-ақ калориясы төмен емдәмде ескеру керек.

Егер респираторлық аурулар ауыр тыныс алумен, қызбамен, іріңді немесе қан аралас қақырықпен қатар жүретін болса, дәрігерге қаралу керек. 

Балаларға арналған Инсти препараты балаларға қолдану ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Әсер етпейді. 

 

Артық дозаланғанда

Инсти препаратымен артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған. 

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Пакетте (сашеде) 5,6 г түйіршіктерден.

5 және 10 пакеттен (саше) (Инсти және Инсти лимон дәммен үшін) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады. 

 

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! 

 

Сақтау мерзімі

жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд

Коранги өндірістік аймағы, 30/28

Карачи, Пәкістан

 

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі:

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд, Пәкістан 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.