- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Агриппин парацетамолмен
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Ауырсыну, температура
- Агриппин парацетамолмен
Агриппин парацетамолмен
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | ЖанаФарм |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | таблетки |
Саны | 10 |
Қаптамасы | көпіршік |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Парацетамол, негізгі | 250 мг |
Аскорбин қышқылы, көмекші | 150 мг |
Кальций глюконаты, көмекші | 50 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 390 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
Агриппин ®
Саудалық атауы
Агриппин ®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: парацетамол 0,25 г, аскорбин қышқылы 0,15 г, кальций глюконаты 0,05 г, дифенгидрамин гидрохлориді 0,01 г, рутин 0,01 г;
қосымша заттар: крахмал, аэросил, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Ақшыл сары түсті, теңбілдері бар, бір жағында сызығы бар, диаметрі 12.00 мм. жайпақ цилиндрлі таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антипиретиктер . Анилидтер. Парацетамол, психолептиктермен біріктірілімдері.
ATX коды N02BЕ71
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат компоненттері асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді және айтарлықтай жылдам метабилизденеді. Ас қабылдау қан плазмасында С мах жету уақытын аздап ұзартады, бірақ осы көрсеткіштің абсолютті мөлшеріне және биожетімділігіне әсер етпейді. Препарат компоненттері негізінен бүйректермен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Парацетамол – ыстықты түсіретін, ауыруды басатын және қабынуға қарсы дәрі.
Әсері циклооксигеназа ферментін бөгеу және гипотоламустағы жылуды реттеу орталығына әсер ету есебінен простагландиндер синтезінің бәсеңдеуімен өзара байланысты.
Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көмірсу алмасуы, қан ұюы, тіндердің регенирациясын реттеуде маңызды роль атқарады. Организмнің қарсы күресуінің жоғарылауына ықпал етеді.
Димедрол - аллергияға қарсы, ісінуге қарсы, жергілікті жансыздандыратын (қантамырларының өткізгіштігін төмендетеді, мұрынның шырышты қабатының ісінуі мен гиперемиясын қайтарады)әсер білдіретін антигистаминдік дәрі. Кальций глюконаты кальций мен фосфор алмасуының реттегіші болып табылады, аллергияға қарсы әсер білдіреді, қантамырлардың өткізгіштігін азайтады.
Рутин – тұмауда геморрагиялық үдерістермен өзара байланысты қантамырлардың жоғары өткізгіштігі мен сынғыштығының дамуының алдын алады, сондай-ақ қылтамырлық қанайналымын қалпына келтіреді.
Қолданылуы
- қызбамен қатар жүретін инфекциялық- қабыну ауруларда (ЖРВИ, тұмау)
- шығу тегі әртүрлі ауыру синдромында (бас, бұлшықет және буын аурулары)
Ішке қабылданады.
Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 1-2 таблеткадан күніне 3 рет тамақтан кейін.
Балаларға
6-дан 15 жасқа дейін балаларға 1 таблеткадан күніне 3 рет тамақтан кейін. Емдеу ұзақтығы ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспайды және ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен аспайды.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлерінің жиілігі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі анықталған жоқ (қазіргі уақытта жағымсыз реакциялардың кеңінен таралуы жөнінде деректер жоқ).
Өте сирек
- бас айналуы, ұйқының бұзылуы, терінің аллергиялық реакциялары, бронхтүйілуі, ұзақ уақыт қолданғанда гепатоуыттылық және нефроуыттылық әсері дамиды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- қан аурулары
- бауыр және бүйрек функцияларының айқын бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Агриппин препаратын антикоагулянттармен, кортизон туындыларымен, анальгетиктермен, ҚҚСД, нейролептиктермен және этанолмен бір мезгілде қолдану осы препараттардың жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуында сақтықпен тағайындайды.
Артық дозалануының алдын алу үшін Агриппинді құрамында
парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде тағайындауға
болмайды. Агриппинмен емдеу кезінде алкагольді қабылдауға
болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезінде ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді
басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор
механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, тершеңдік, тері беткейлерінің бозаруы.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, симптомдық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан полимерлі жабынымен біріктірілген қағаздан жасалған пішінді қаптамаға салынады. 250 пішінді қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 150 С-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ЖАНАФАРМ ДПӨ» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Өндірістің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050007, Алматы қ-сы, Шухов к-сі, 37/2үй, тел./факс: +7 727 3992885
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ЖАНАФАРМ ДПӨ» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Нестеренко А.Е.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі,104үй, тел.: +7 7273271602, +7 7077862629, +7 705888