Траумель С р/р 2.2

Траумель С р/р 2.2

Өнім мәліметтері
ӨндірушіБиологиш Хеилмиттел Хил Biologishe Heilmittel Heel
Өндіруші еліГермания
Формаампула
Саны5
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік препаратты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)

 

 

Саудалық атауы

Траумель® С

 

Халықаралық  патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі, дозалануы

Инъекцияға арналған ерітінді, 2.2 мл

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03AX 

Гомеопатиялық дәрілік препарат.

 

Қолданылуы

Препарат кешенді емнің құрамында қолданылады:

- созылу, буынның шығуы, соғылу, гематома, гемартроз, сынулар сияқты жарақаттарда

- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі ісіну, жұмсақ тіндер ісінуі 

- әртүрлі ағзалар мен тіндердің, оның ішінде тірек-қимыл аппаратының қабынуымен байланысты қабыну және дегенеративтік үдерістерінде (тендовагинит, стилоидит, эпикондилит, бурсит, иық-жауырындық периартрит) 

- жамбас-сан, тізе буыны мен кіші буындар артрозында қолданылады

 

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға (тау арникасы, дәрілік түймедақ, кәдімгі мыңжапырақ немесе күрделі гүлдер тұқымдас басқа өсімдіктер) немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық

Құрамында эхинацея бар гомеопатиялық дәрілік заттарды мынадай жағдайда пайдаланбаған жөн:

- лейкоз және лейкоз сияқты ауруларда 

- аутоиммундық ауруларда (дәнекер тіннің аурулары, шашыранды склероз) 

- созылмалы инфекциялық аурулар (туберкулез, АИТВ-инфекция)

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. 

Арнайы сақтандырулар

Болған ауру симптомдары уақытша асқынуы мүмкін. Мұндай жағдайда препарат дозасын төмендету және оны қабылдау арасындағы аралықтарды ұзарту немесе препарат қабылдауды уақытша тоқтату керек. Егер симптомдар тоқтамаса, дәрігерден кеңес алу қажет. 

Бұл дәрінің құрамында дозаға 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар, яғни негізінен «натрийсіз».

Педиатрияда қолдану

Балаларға осы препаратты пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттамалық расталуы жоқ болғандықтан, 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдану керек.  

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезеңінде пайдалануға қатысты клиникалық мәліметтер жоқ. 

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі 

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Бұлшықет ішіне, тері астына, тері ішіне (тыртықтар жағдайында), вена ішіне, буын ішіне немесе буын айналасына 1 - 2 ампуладан аптасына 1-3 рет. Жедел жағдайларда – күн сайын. Жақсару орын алса, қолдану жиілігін қысқарту керек.

Енгізу әдісі және жолы

Препарат бұлшықет ішіне, тері астына, тері ішіне, вена ішіне, буын ішіне және буын айналасына қолданылады.

Емдеу ұзақтығы 

Буынның шығуы мен созылуында – 2 апта және одан көп, қабыну ауруларында – кем дегенде 3-4 апта. Емдеу ұзақтығы бір аптадан артық болса емдеуші дәрігермен талқылануы тиіс.

Бұл өнімде құрамында эхинацея бар болғандықтан, бұл өнімді дәрігермен кеңесусіз 8 аптадан артық үзбей пайдалануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға осы препаратты пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттамалық расталуы жоқ болғандықтан, 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдану керек. 

Ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық:

 

image002.jpg

 

Сақтықпен қолдану керек. Ампуланы ашуға арналған нұсқаулықты қатаң ұстаныңыз. Шыны ампуланы кесудің қажеті жоқ. Ампуланың басын қиғаштай жоғары ұстаңыз және бүкіл дәрі ампуланың түбіне ағып түсуі үшін ампуланы жақсылап сілкіңіз. Содан соң өзіңізден кері итере түрлі түсті нүктесіне қысым түсіре отырып, ампуланың басын сындырыңыз. Ампуладағы пайдаланылмай қалған препаратты тастаңыз.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, сізге дәрігермен немесе медицина қызметкерімен кеңесу керек.

 

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар  

Сирек

- компоненттерге (мысалы, тау арникасы, дәрілік түймедақ, кәдімгі мыңжапырақ, меркуриус солюбилис) анафилаксиялық реакцияларды қоса аса жоғары сезімталдық реакциялары, бұл симптомдарда препаратты тоқтату керек 

- эхинацея экстрактісі бар препараттармен емдегенде тері бөртпесі және қышыну, сондай-ақ сирек жағдайларда беттің ісінуі, ентігу, бас айналу және қан қысымының төмендеуі байқалады 

- сілекей бөлінудің жоғарылауы (препарат қабылдауды тоқтату және дәрігермен кеңесу)

- инъекция орнының қызаруы және ісінуі

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір ампула (2.2 мл) ішінде

белсенді заттар

Arnica montana D2

2.20 мг

Calendula officinalis D2

2.20 мг

Сhamomilla recutita D3

2.20 мг

Symphytum officinale D6

2.20 мг

Achillea millefolium D3

2.20 мг

Atropa bella-donna  D2

2.20 мг

Aconitum napellus D2

1.32 мг

Bellis perennis D2 

1.10 мг

Hypericum perforatum D2

0.66 мг

Echinacea D2

0.55 мг

Echinacea purpurea D2

0.55 мг

Hamamelis virginiana D1

0.22 мг

Mercurius solubilis Hahnemanni D6

1.10 мг

Hepar sulfuris D6

2.20 мг

қосымша заттар:  инъекцияға арналған су, натрий хлориді.

 

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы 

Иіссіз, мөлдір түссіз ерітінді. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.2 мл препараттан түссіз шыны ампулада, ампуланың жоғарғы жағында түрлі түсті таңбалаған нүкте. 5 ампуладан ПВХ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 

1 немесе 20 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады. 

 

Сақтау мерзімі 

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

 

Сақтау шарттары

15 °С-ден 30 °С-ге дейінгі температурада сыртқы картон қаптамасында сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары 

Рецепт арқылы

 

Өндіруші туралы мәліметтер

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тел.: +49 7221 501-00

Факс: +49 7221 501-210

info@heel.com

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тел.: +49 7221 501-00

Факс: +49 7221 501-210

info@heel.com

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«GO PHARM» ЖШС

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе

Эл. пошта: aemservices@mail.ru

Тел.:  +7 707 798 83 99

 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.