- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Дикловит
Дикловит
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Герот Ланнах |
---|---|
Өндіруші елі | Франция |
Форма | капсулы |
Саны | 30 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Диклофенак, негізгі | 50 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
Дикловит®
Саудалық атауы
Дикловит®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
Түйіршік
белсенді заттар: 50 мг диклофенак натрий,
қосымша заттар: повидон, метакрил қышқылы – этилакрилат сополимерінің (1:1) 30% дисперсиясы, триэтилцитрат, тальк,
Ұнтақ
белсенді заттар: 50 мг тиамин гидрохлориді, 50 мг пиридоксин гидрохлориді, 0.25 (0.30) мг цианокобаламин (20 % артығымен),
қосымша зат – повидон.
Капсула қабығының құрамы
Корпус: титанның қос тотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), желатин
Қақпақша: титанның қос тотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), желатин
1 18.67 мг суспензия 5.60 мг құрғақ затқа сәйкес келеді
Сипаттамасы
Піл сүйегі түсті корпусы және шведтік қызыл сары түсті қақпақшасы бар, өлшемі 1, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – B1 витаминінің дәмі бар, қызғылт түсті ұнтақ және ақ түсті түйіршік.
Фармакотерапиялық тобы
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Сірке қышқылының туындылары. Басқа препараттармен біріктірілген диклофенак.
АТХ коды M01AB55
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дикловитті ішке қабылдаған кезде диклофенак асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді. Диклофенак бауырдан «алғаш» өткен кезде метаболизмге ұшырайды, жүйелік қан ағысына ішке қабылданған препараттың 50%-ға жуығы түседі. Плазмадағы ең жоғары концентрацияға 1-2 сағаттан соң жетеді. Плазма ақуыздарымен байланысы 99%-дан асады. Препарат тіндерге жақсы өтеді, бұл әсіресе синовиальді сұйықтық үшін маңызды, онда оның концентрациясы плазмадағыға қарағанда баяу өседі, бірақ жоғарырақ мәнге жетеді.
Диклофенактің плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатқа жуықты құрайды, синовиальді сұйықтықтан – 3-6 сағат. Несеппен бірге дозаның 60%-ға жуығы метаболиттер түрінде және 1%-дан азы өзгермеген күйінде шығарылады, препараттың 30%-ға жуығы нәжіспен бірге шығарылады. Науқастың жасы, сондай-ақ бүйрек пен бауыр функцияларының жағдайы диклофенактің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі ықпалын тигізбейді.
Дикловиттің құрамына кіретін витаминдер суда ериді, ол олардың организмде жиналып қалуына жол бермейді. Тиамин және пиридоксин аш ішектің жоғарғы бөлігінде сіңеді, бауырда метаболизденеді және бүйректер арқылы (8-10%-ға жуығы өзгермеген күйінде) шығарылады. Сіңу дәрежесі дозаға байланысты, артық дозаланған кезде тиаминнің және пиридоксиннің ішек арқылы шығарылуы едәуір артады. Цианокобаламиннің сіңуі организмде ішкі фактордың болуына (асқазанда және аш ішектің жоғарғы бөлігінде) үлкен дәрежеде байланысты болады, әрі қарай витаминнің тіндерге жеткізілуі тасымалдау ақуызы транскобаламинмен анықталады. Бауырда метаболизденгеннен кейін цианокобаламин негізінен өтпен бірге шығарылады, бүйрек арқылы шығарылу дәрежесі 6-дан 30%-ға дейін құбылып отырады.
Фармакодинамикасы
Натрий диклофенагі Дикловиттің ауыруды сездірмеу, қабынуға қарсы және ыстықты түсіру әсерін жүзеге асырады. Диклофенактің әсер ету механизмі простагландиндер синтезінің тежелуімен байланысты.
Тиамин (В1 витамині) адам организмінде фосфорлану үдерісінің нәтижесінде кокарбоксилазаға айналады, ол көптеген ферментті реакциялардың коферменті болып табылады. В1 витамині көмірсу, ақуыз және май алмасуында маңызды рөл атқарады. Синапстарда жүйке қозуын өткізу үдерісіне белсенді түрде қатысады.
Пиридоксин (В6 витамині) орталық және анамнездежүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет. Фосфорланған түрде амин қышқылдарының метаболизмінде (декарбоксилдену, қайта аминдену және басқа) кофермент болып табылады. Жүйке тіндерінде әсер етуші маңызды ферменттердің коферменті ретінде қатысады. Көптеген нейромедиаторлардың – мысалы, допаминнің, серотониннің, норадреналиннің, адреналиннің, гистаминнің және ГАМҚ биосинтезіне қатысады.
Цианокобаламин (В12 витамині) қалыпты қан түзу және эритроциттердің жетілуі үшін қажет, сондай-ақ организмнің тіршілігін – метил топтарын тасымалдауды, нуклеин қышқылдарының, ақуыздың синтезін, амин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің алмасуын қамтамасыз ететін бірқатар биохимиялық реакцияларға қатысады. Жүйке жүйесіндегі үдерістерге (нуклеин қышқылдарының синтезі және цереброзидтер мен фосфолипидтердің липидтік құрамы) жағымды ықпалын тигізеді. Цианокобаламиннің коферменттік түрлері – метилкобаламин және аденозилкобаламин жасушалардың репликациясы мен өсуі үшін қажет.
Қолданылуы
Ревматикалық аурулардың қабыну және дегенеративтік түрлерінде:
- созылмалы полиартритте
- шорбуынданатын спондилитте (Бехтерев ауруы)
- артрозда
- спондилоартритте
- жедел подагралық артритте
- невритте және цервикальді синдром, люмбаго, ишиалгиялар сияқты невралгияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Капсулаларды тамақтану кезінде, шайнамай және мол сұйықтықпен ішіп қабылдаған жөн.
Әдетте тәулігіне 1-3 рет 1 капсуладан тағайындайды.
Ересектерге Дикловитті 1 капсуладан тағайындайды – емнің басында тәулігіне 3 рет, демеуші доза ретінде – тәулігіне 1-2 рет. Ең жоғары тәуліктік доза 3 капсуладан аспауы тиіс.
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың нозологиясына және ауырлығына байланысты белгілейді.
Егде жастағы пациенттер. Диклофенактің фармакокинетикасы жасқа байланысты болмаса да, егде жастағы пациенттерге дозаны абайлап таңдаған жөн
Жағымсыз әсерлері
Жағғымсыз әсерлердің мына тізіміне әсерлері (қысқа мерзімді , ұзақ мерзімді) Дикловит препараты немесе диклофенактың басқа дәрілік түрлерін қолдануға байланысты хабарланған:
Жағымсыз реакциялары туындау жиілігін есере отырып, мынадай тәртіппен бөлінген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); кейде (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000)
Ағзалар және ағзалар жүйелерінің зақымдануы бойынша класы
Жиілігі
Жағымсыз әсерлері
Инфекциялық және паразиттік аурулар
Өте сирек
ҚҚСП қолданумен және инфекциялық қабыну үрдісінің асқынуы арасындағы уақытша байланыс туралы хабарланған. Бұл ҚҚСП әсер ету механизмімен байланысты болуы мүмкін.
Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
Тромбопения
Лейкопения
Анемия (гемолиздік және апластикалық анемияны қоса)
Агранулоцитоз
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Сирек
Аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық типті реакциялар (гипотензияны және шокты қоса)
Өте сирек
Ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса)
Психиканың бұзылулары
Өте сирек
Бағдардан адасу
Депрессия
Ұйқысыздық, түнгі шым-шытырықтар Ашушаңдық
Психоздық реакциялар
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
Бас ауыру
Бас айналу, шаршау,
Ұйқышылдық
Өте сирек
Парестезия
Жадының бұзылуы
Құрысулар
Үрейлену сезімі
Тремор
Асептикалық менингит
Дәм сезудің бұзылуы
Ми қан айналымының бұзылуы
Белгісіз
B6 витаминінің 50 мг асатын тәуліктік дозасын ұзақ қолдану (6-12 айдан аса) шеткері сенсорлық нейропатияны туындатуы мүмкін
Көру ағзалары тарапынан бұзылулар
Кейде
Көрудің бұзылуы (айқын көрмеу, көзге қосарланып көріну)
Есту ағзалары тарапынан және тепе-теңдік бұзылулар
Сирек
Көрудің өтпелі бұзылулары
Құлақтың шуылдауы
Жүрек тарапынан бұзылулар
Өте сирек
Жүректің қағуы
Кеуде қуысының ауыруы
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, инфаркт инфарктісі
Қантамырлар тарапынанбұзылулар
Өте сирек
Артериялық гипертензия
Васкулит
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Сирек
Демікпе (ентігуді қоса)
Өте сирек
Пневмония
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Өте жиі
Жүрек айнуы, құсу, диарея
Қан кетудің азаюы
Жиі
Диспепсия
Іштің ауыруы
Метеоризм
Анорексия
Сирек
Гастрит, қан құсу, асқазан-ішектік қан кету, геморрагиялық диарея, мелена, асқазан-ішек жолының ойық жарасы (қан кетумен/тесілумен немесе онсыз)
Өте сирек
Колит (геморрагиялық колитті және ойық жаралы колиттік асқынуды немесе Крон ауруын қоса)
Іш қату
Стоматит (ойық жаралы стоматитті қоса), глоссит
Өңеш тарапынан бұзылулар
Диафрагма тәрізді ішек стриктуралары
(диклофенактың пероральді дәрілік түрлерін пайдаланғанда)
Панкреатит
Белгісіз
Ишемиялық колит
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі
бауыр функциясының бұзылуы (трансаминазалар сарысу деңгейінің жоғарылауы)
Кейде
Гепатит, сарғаю, бауырдың зақымдануы
Өте сирек
Шұғыл гепатит
Бауыр некрозы
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі
Бөртпе, қышыну
Кейде
Есекжем
Өте сирек
Буллезді бөртпе
Экзема, эритема
Көп формалы эритема
Стивенс-Джонсон синдромы
Уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)
Эксфолиативті дерматит
Алопеция
Фотосенсибилизация реакциялары
Пурпура, аллергиялық пурпура
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек
Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі
Гематурия
Протеинурия
Нефроздық синдром
Интерстициальді нефрит
Бүйрек бүртіктері некрозы
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар
Сирек
Ісіну
Тиісті жағдайларда пациенттерге Дикловит капсулаларын қабылдауды тоқтату және ықтимал күрделі жағымсыз әсерлерінің мынадай симптомдары пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады:
асқазанмен проблемаларға шағымдану, қыжыл немее іштің ауыруы
қан құсу, нәжістің қара түске боялуы, несепте қан болуы
тері реакциялар, бөртпе немесе қышыну сияқты
тыныс алудың қиындауы, демнің жетіспеуі, беттің немесе басқа бас бөліктерінің ісінуі
тері немесе көздің сарғаюы
тәбеттің жоғалуымен бірге айқын шаршау
тамақтың, ауыз қуысындағы ойық жараның үнемі ауыруы, әлсіреу немесе ысыну
мұрыннан қан кету, терілік қан кету
беттің, аяқтың немесе табанның ісінуі
айқын шаршау аясында несеп мөлшерінің төмендеуі
бастың қатты ауыруы немесе мойын бұлшықеттерінің қарысуы
кеуде қуысының ауыруы
сананың шатасуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне (соның ішінде қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға) жоғары сезімталдық
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
- бассүйекішілік қан кету
- ацетилсалицил қышқылын және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСП) қолдануға байланысты болатын қан кету, асқазан-ішек жолының тесілуі туралы анамнездік деректер
- бассүйекішілік қан кету
- Крон ауруы
- ойық жаралы колит
- ацетилсалицил қышқылын және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСП) қолдануға байланысты болатын бронх демікпесінің ұстамасы, есекжем, жедел ринит туралы анамнездік деректер
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі
- жүректің ишемиялық ауруы
- порфирия
- гемостаздың бұзылуы (соның ішінде гемофилия), геморрагиялық диатез
- қан түзудің бұзылуы
- жедел қан кетудің ауырлауы
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дикловитті дигоксинмен және литий препараттарымен бір мезгілде қолдану олардың плазмадағы концентрациясының артуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мониторинг, қажет болғанда дозаны түзету ұсынылады.
Дикловитті калий жинақтаушы диуретиктермен бір мезгілде қолданған кезде қандағы калий деңгейі артуы мүмкін.
Дикловит «ілмекті» диуретиктердің диуретикалық әсерін азайтуы, сондай-ақ гипертензияға қарсы дәрілердің гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Ұйықтатқыш препараттардың әсерін азайтады.
Дикловиттің қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, сондай-ақ глюкокортикоидтармен бірігуі асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлердің, атап айтқанда қан кетудің, пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Дикловит метотрексаттың уыттылығының жоғарылауына, сондай-ақ циклоспориннің нефроуыттылығының артуына мүмкіндік береді.
Кейбір жағдайларда Дикловитті және антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда қан кетудің пайда болу қаупі артады. Дикловит антиагреганттардың тиімділігін арттырады.
Диклофенакты зидовудинмен қабылдау гематологиялық уыттылықтың даму қаупін арттырады. Диабетке қарсы пероральді препараттарды Дикловитпен бір мезгілде қабылдаған науқастарда гипогликемияның да, сонымен қатар гипергликемияның да пайда болғаны жөнінде мәлімдемелер бар. Осы себепті қандағы глюкоза деңгейін бақылап отыруға кеңес беріледі. Диклофенакті және колестиполды немесе холестираминді бір мезгілде қолдану диклофенактің сіңуін, тиісінше, шамамен 30%-ға және 60%-ға азайтады. Препараттарды бірнеше сағаттық аралықпен қабылдаған жөн. Ферменттерді стимуляциялайтын препараттар, мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенитоин, шайқурай (Hypericum perforatum) және басқалар плазмадағы диклофенак концентрациясын теориялық тұрғыдан азайтуға қабілетті. ҚҚСП бүйректерде простагландиндердің синтезіне ықпал етуі циклоспориннің нефроуыттылығын күшейтуі мүмкін. Хинолон туындылары мен ҚҚСП бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда құрысудың пайда болғаны жөнінде жекелеген мәлімдемелер бар.
Дикловитті және ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қолданған кезде қандағы диклофенактің концентрациясы төмендеуі мүмкін.
Дикловит леводопаның паркинсонға қарсы тиімділігін төмендетеді.
Парацетамолмен бір мезгілде пайдалану диклофенактің нефроуыттық әсерінің пайда болу қаупін арттырады.
Цефамандол, цефоперазон, цефотетан, вальпрой қышқылы және пликамицин гипопротромбинемияның пайда болу жиілігін арттырады.
Циклоспорин және алтын препараттары диклофенактің бүйректерде простагландиндер синтезіне ықпалын арттырады, бұл нефроуыттылықты ұлғайтады.
Этанолмен, колхицинмен, кортикотропинмен, серотонинді кері қармап қалатын тежегіштермен және шайқурай препараттарымен бір мезгілде тағайындау асқазан-ішек жолында қан кетудің пайда болу қаупін арттырады.
Диклофенак фотосенсибилизацияны тудыратын препараттардың әсерін күшейтеді.
Өзекшелік секрецияны бөгейтін препараттар плазмада диклофенактің концентрациясын арттырады, осынысымен оның уыттылығын ұлғайтады.
Этанол тиаминнің сіңуін күрт төмендетеді (қандағы деңгейі 30%-ға төмендеуі мүмкін). Құрысуға қарсы препараттармен ұзақ уақыт емдеу тиаминнің тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Колхицинді және бигуанидтерді қолдану цианокобаламиннің сіңуін төмендетеді.
Тиамин әсерінің белсенділігі 5-фторурацилмен жойылады, өйткені соңғысы тиаминнің тиамин-пирофосфатқа фосфорлануын тежейді.
Антацидтер тиаминнің сіңуін төмендетеді. Ілмекті диуретиктер, мысалы, өзекшелік кері сіңуді тежейтін фуросемид, ұзақ емдеген кезде тиаминнің шығарылуын арттырады, осылайша, тиаминнің деңгейін азайтуы мүмкін.
Пиридоксин антагонистерімен (мысалы, изониазид, гидралазин, пеницилламин немесе циклосерин), пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қабылдау В6 витаминіне қажеттілікті арттыруы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Жағымсыз әсерлердің пайда болуы симптомды бақылау үшін қажетті қысқа мерзім ішінде тиімді ең төмен дозаны қолдану арқылы төмендетілуі мүмкін.
Препаратты демікпесі, маусымдық аллергиялық риниті, мұрын шырышты қабығының ісінуі пішен қызбасы, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мұрын қуысы полиптері), өкпенің созылмалы обструктивті аурулары немесе тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары бар (әсіресе, егер олар аллергиялық ринитке ұқсас симптомдармен байланысты болса) пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені оларда демікпенің асқынуын (анальгетиктер жақпаушылығымен демікпе деп аталатын), Квинке ісінуі және есекжемді қоса, ҚҚСП-ға реакциялардың даму қаупі басқа пациенттерге қарағанда жоғары. Осы себептен мұндай пациенттерді емдеуге ерекше сақтықпен (шұғыл медициналық көмек беруге даярлық) қараған жөн. Бұл көрінуі мүмкін, басқа заттарға, оның ішінде тері реакциялары, қышыну немесе есекжем түріндегі аллергиясы бар пациенттерге де қатысты.
Артериялық қысымның жоғарылауы анамнезде бар және/немесе жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттер тиісті қадағалауды және кеңес алуды қажет етеді, өйткені ҚҚСП емдеген кезде сұйықтықтың іркілуі және ісінулер жөнінде мәлімделді.
Жеткіліксіз бақыланатын артериялық гипертензиясы, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, жүректің бұрыннан бар ишемиялық ауруы, анамнездеартериялық қантамырлық аурулары және/немесе цереброваскулярлы аурулары бар пациенттерді диклофенакпен емдеу мұқият қарастырылғаннан кейін тағайындалады. Ұқсас факторларды, егер пациент жүрек-қантамыр ауруларына (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі тарту) бейім болса, препаратты қабылдар алдында ескерген жөн. Препарат стенокардияда қолданбайды.
Клиникалық зерттеулер және эпидемиологиялық деректер диклофенакті, әсіресе үлкен дозаларда (тәулігіне 150 мг) және ұзақ кезең бойы пайдалану артериялық тромбоздық асқынулар (миокард инфарктісі немесе инсульт)қаупінің елеусіз жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін екендігін көрсетеді.
Дәнекер тіндерінің жүйелік аурулары, анемиясы, маскүнемдік аурулары бар науқастарды және ауқымды хирургиялық араласымдардан кейін Дикловитпен емдегенде сақтық қажет.
Қан кетуге бейім (қанның ұйығыштығы бұзылған, тромбоцитопения) науқастарда сақтық таныту қажет.
Егде жастағы пациенттерге Дикловитті азайтылған дозаларда тағайындаған жөн.
Дикловитпен ұзақ уақыт емдеген кезде анамнездеқан көрсеткіштерін, бауыр және бүйрек функциясын бақылауға, нәжісте қанның бар-жоқтығына зерттеу жүргізуге кеңес беріледі.
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы немесе анамнезінде диспепсиялық симптомдары бар пациенттер және бауыр, бүйрек аурулары, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі немесе артериялық гипертензиясы бар пациенттер мұқият медициналық бақылауды керек етеді.
Барлық ҚҚСП үшін асқазан-ішектік ойық жаралар, қан кетулер және перфорациялар тән (ол өлімге әкеп соғуы мүмкін) және емдеу кезеңінде, алдын ала ескертілетін симптомдар аясында немесе олар жоқ болған жағдайда, немесе анамнезде ауыр асқазан-ішек өзгерістері бар пациенттерде білінуі мүмкін. Жалпы алғанда, мұндай құбылыстар егде жастағы пациенттер үшін қауіптірек. Жекелеген жағдайларда, диклофенак қабылдап жүрген пациенттерде осы асқынулар пайда болса, препаратты тоқтату керек.
ҚҚСП, диклофенакті қоса, қолданумен байланысты, ауыр, тіпті өлімге әкеп соғатын тері реакциялары, эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, жөнінде өте сирек мәлімделді. Осы реакциялардың қаупі емнің басында болады, ал осы реакциялардың пайда болуы көп жағдайларда емнің алғашқы айында білінеді. Препаратты тері бөртпелері және шырышты қабықтардың ойық жарасы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа көріністері алғаш білінген кезде тоқтатқан жөн.
Диклофенак өзінің фармакодинамикалық қасиеттерінің арқасында жұқпалы-қабыну ауруларына тән симптомдарды бүркемелеуі мүмкін.
В12 витаминін енгізген кезде клиникалық көрініс, сондай-ақ зертханалық талдаулар фуникулярлы миелозде немесе пернициозды анемияда өзіне тән ерекшелігін жоғалтуы мүмкін.
Алкоголь және қара шай қабылдау тиаминнің сіңуін төмендетеді. Құрамында сульфиттер бар ішімдіктерді (мысалы, шарап) қолдану тиаминнің деградациясын арттырады.
Жаңа түзілімдері бар, мегалобласты анемиямен және В12 витаминінің тапшылығымен қатар жүретін жағдайлардан басқасында, пациенттерге препаратты қолданбаған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дикловитті қолдану кезінде реакция жылдамдығы азаюы мүмкін, мұны көлікті басқарғанда және механизмдермен жұмыс жасағанда есте ұстаған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары
Диклофенак
Диклофенак артық дозалануының дағдылы клиникалық көрінісі болмайды. Артық дозалану құсу, асқазан-ішектен қан кету, диарея, құлақтың шуылдауы және құрысу сияқты симптомдарды туындатуы мүмкін. Ауыр улану жағдайында жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бауырдың зақымдануы, тыныс алудың бәсеңдеуі және цианозсияқты реакциялар болуы мүмкін.
B1 витамині
Тиаминнің емдік ауқымы кең. Тиаминнің өте жоғары дозалары (1 граммнан аса) ганглияға, курареге ұқсас бөгейтін әсер етеді, жүйке импульстерін жүргізуді бәсеңдетеді.
B6 витамині
B6 витамині уыттылық потенциалын өте төмен деп есептеуге болады. Алайда B6 витаминін тәулігіне 50 мгасатын дозада ұзақ қолдану (6-12 айдан аса) шеткері сенсорлық нейропатияны туындатуы мүмкін. B6 витаминін тәулігіне 1 г асатын дозада 2 айдан асатын кезең ішінде үздіксіз қабылдау нейроуытты әсеріне әкелуі мүмкін.
B6 витаминін тәулігіне 2 г асатын дозада қабылдағаннан кейін атаксиямен және сезімталдық бұзылуларымен нейропатия, ЭЭГ өзгерістері аясындағы церебральді құрысу жағдайлары, сондай-ақ гипохромды анемия мен себореялық дерматиттің сирек жағдайлары туралы хабарланған.
B12 витамині
B12 витаминінің жоғары дозаларын парентеральді енгізгеннен кейін (сирек жағдайларда пероральді енгізуден кейін) аллергиялық реакциялар, тері жабынының экзематозды өзгерістері және безеу бөртпесінің қатерсіз түрі туралы хабарланған.
Емі: симптоматикалық және өмірлік маңызды функцияларды бақылау, асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, қарқынды диурез.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан ПВХ/ПЭ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
30 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы