- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Натрия тиосульфат
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Диабет
- Натрия тиосульфат
Натрия тиосульфат
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Новосибхимфарм |
---|---|
Өндіруші елі | Ресей |
Форма | раствор |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Натрий тиосульфаты, негізгі | 30 % |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
Натрий тиосульфаты
Саудалық атауы
Натрий тиосульфаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне енгізуге арналған 300 мг/мл, 10 мл ерітінді
Құрамы:
1 л ерітіндінің құрамында
белсенді зат: натрий тиосульфаты - 300 г,
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Басқа емдік өнімдер. Антидоттар.
АТЖ коды V03AВ06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жасушадан тыс сұйықтықтарға таралады. Организмнен несеппен бірге шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 0,65 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Кешен түзуші дәрі.
Уытсыздандырғыш, қабынуға қарсы, десенсибилизирлеуші әсер етеді, галоид (йод) препараттарын залалсыздандырады. Мырыш, сынап, қорғасын қосылыстарымен уланған кезде улы емес сульфаттер түзеді. Цианидтермен уланғанда улылығы аз родан қосылыстарын түзеді. Қышқыл ортада күкірт және күкірт ангидридін түзе отырып ыдырайды, олар паразиттерге қарсы әсер етеді.
Қолданылуы
- мырыш, сынап, қорғасын қосылыстарымен уланғанда (улы емес сульфиттер түзіледі), синиль қышқылымен және оның тұздарымен (улы родан қосылыстары түзіледі), йод, бром тұздарымен уланғанда.
Кешенді емдеуде:
- аллергиялық ауруларда
- невралгияларда
- диабеттік полинейропатияларда
- артриттерде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамыр ішіне баяу 300 мг/мл ерітіндіні 5-10 мл-ден (уыттанудың ауырлығына байланысты), циан қосылыстарымен зақымданғанда – 50 мл 300 мг/мл ерітінді.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамына кіретін компоненттерге асқын сезімталдықта
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Натрий тиосульфатының нитраттармен, калий перманганатымен жанасуына қатаң түрде жол беруге болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Цианидтермен уланғанда натрий гипосульфитін және натрий нитритін бір мезгілде тағайындамау керек.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты балаларға қолдану тәжірибесі жоқ.
Жүктілікте және лактация кезеңінде қолданылуы
Жүктілікте және лактация кезеңінде препаратты тек өмірлік көрсетілімдеріне қарай, ана үшін күтілетін пайдасы ұрық/нәресте үшін қаупінен басым болған кезде ғана қолданады.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпалын тигізбейді
Артық дозаланғанда
Артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Көктамыр ішіне енгізуге арналған 300 мг/мл ерітінді.
Ампулаларда 10 мл-ден.
10 ампуладан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулалық скарификатормен бірге картон қорапта.
Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты 5 немесе 10 қаптамада медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулығымен.
Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулалық скарификатормен бірге картон пәшкеге салынған.
Сындыратын сақинасы бар немесе сындыратын нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампулалық скарификатор салынбайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 5 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
«Новосибхимфарм» ААҚ
630028, Ресей, Новосібір қ-сы, Декабристер к-сі, 275
тел. (383)363-32-44,
факс (383) 363-32-55
Тіркеу куәлігінің иесі
«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Валента Азия» ЖШС, Алматы қ-сы, Абай даңғылы, Радостовец к-сінің қиылысы, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы, №702 кеңсе
Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com