- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Манинил
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Диабет
- Манинил
Манинил
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Берлин-хеми |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | таблетки |
Саны | 120 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Глибенкламид, негізгі | 3.5 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2004 жылғы “___” _____________
№______ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Манинил® 3,5
дәрілік затын қолдану жөнінде
тұтынушыларға арналған
нұсқаулық
(аннотация-қосымша бет)
Сауда атауы: Манинил® 3,5
Халықаралық патенттелмеген атауы: Глибенкламид
Дәрілік түрі.
Екі жағынан шеттері қиылған және сызығы бар, жайпақ, қызғылттау түсті таблеткалар.
1 таблеткадағы құрамы
белсенді зат: глибенкламид (микронизирленген түрі) – 3,5 мг
қосалқы заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, метилгидроксиэтилцеллюлозасы, тұндырылған кремний қос тотығы, магний стеараты, қызыл кошениль бояғышы А (Е 124).
Қолдану көрсетілімдері
Инсулинге тәуелді қантты диабет (ІІ түрдегі диабет), емдәм терапиясы тиімсіз болған кезде.
Нұсқау: Қатаң сақталуы тиіс дәрігердің тағайындаған емдәмі қантты диабетті емдеу үшін негіз болып табылады. Манинил® 3,5 препаратын қабылдауға дәрігер жазып берген емдәмді ешқандай жағдайда да өзгертуге болмайды.
Мөлшерлеу мен қолдану тәсілі
Мөлшерлеу режимі мен емдеу ұзақтығы науқастың көмірсу алмасуы жай-күйі мен қандағы глюкоза деңгейіне байланысты дәрігермен дербес белгіленеді.
Емедуді біртіндеп, тәулігіне 3,5 Манинилдің® ұ таблеткасынан (тәулігіне 1,75 мг глибенкламид) бастау ұсынылады. Мөлшерді бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі аралықпен аурудың тұрақты теңгерілуіне қол жеткенге дейін біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары әсеріне 3,5 Манинилдің® тәулігіне 3 (10,5 мг), ерекше жағдайларда – 4 (14 мг) таблеткасын қабылдағанда қол жетеді.
Заттар алмасуының қалпына келуі организмнің өз инсулиніне сезімталдығының артуына байланысты болғандықтан, емдеу барысында 3,5 Манинилге® қажеттілік төмендейді, дәрілік заттың өте төмен тәіліктік мөлшерлерінде - оның тоқтатылыу мүмкін.
3,5 Манинилді® инсулинмен, метформинмен, акарбозамен және гуармелмен ұштастыруға болады.
Препаратты тамақтанудың алдында шайнамай аздаған мөлшердегі сұйықтықпен бір рет қабылдау қажет.
Препараттың 2 таблеткаға дейін құрайтын тәуліктік мөлшерлері әдетте, тәңертең, тікелей ертеңгіліс ас алдында бір рет қабылданады.
Едәуір жоғары мөлшерлерді таңертеңгі (2/3) және кешкі қабылдауға бөлу ұсынылады.
Препараттың бір қабылдауын өткізіп алған жағдайда біраз уақыт өткеннен кейін едәуір жоғары мөлшермен оның орнын толтыруға рұқсат етілмейді. Манинил® 3,5 препаратының келесі таблеткасын әдеттегі уақытында қабылдау керек.
Жанама әсерлері
Әдетте Манинил® 3,5 препаратын жақсы көтеруге болады.
Тамақтануды өткізіп алғанда, препаратты артық мөлшерлегенде, ауыр дене жүктемелерінде, сондай-ақ алкогольды қарқынды тұтынғанда қандағы қант деңгейінің жағымсыз қатты төмендеуі (гипогликемия) болуы мүмкін. Көп жағдайда ол қатты ашығуды сезіну, қатты терлеу, денедегі дірілді сезіну, жүрек қағуы, қозу, жабығу көңіл-күйі, бас ауыруы мен ұйқының бұзылуы түрінде көрініс береді. Көпшілік жағдайда бұл жай-күйді дереу глюкозаны, қантты немесе қантқа бай тағамды қабылдау арқылы жоюға болады.
Емедудің бас кезінде көрудің өтпелі бұзылулары өршуі мүмкін.
Кейде асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар, сирек – жоғары сезімталдық реакциялары, атап айтқанда, теріде (жекелеген жағдайларда ауыр) орын алуы ықтимал, тек жекелеген жағдайларда қан түзу жүйесінде өзгерістер немесе бауыр зақымдануы пайда болуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдері
Манинил® 3,5 препараты инсулинге тәуелді қантты диабетте (І түрдегі қант диабетінде), зат алмасу теңгерілмегенде (кетоацидоз, кома алды жай-күйі), бауыр және/немесе бүйрек функциясының (креатинин клиренсі 30 мл/мин) бұзылулары ілесетін ауыр сырқаттарда, препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта қарсы көрсетілімде.
Жүктілік пен лактация
Препарат жүктілік пен лактация (бала емізу) кезеңінде қарсы көрсетілімде.
Ескертулер
Манинил® 3,5 препаратымен инсулинге тәуелді диабетті емдеу дәрігер тарапынан тұрақты бақылау жүргізуді талап етеді.
Емдеуді өздігінен тоқтатуға, сондай-ақ мөлшер мен емдәмді ауыстыруға болмайды!
Артық мөлшерлеу
Симптомдары: сипатталған жанама әсерлердің күшеюі ықтимал.
Артық мөлшерлеу кезіндегі емдеу шаралары
Жеңіл (естен тандырмайтын) гипогликемияны шамамен 20 г глюкозаны қантты немесе қантқа бай тамақты қабылдап, емделуші өзі-ақ жоюға қабілетті.
Ауыр (естен тандыратын) гипогликемияда 40-100 мл 20% глюкоза ерітіндісін енгізу керек, егер көк тамырға енгізу мүмкін болмаса, бұлшық етке немесе тері астына 1-2 мг глюкагон енгізеді. Сана қалпына келгеннен кейін гипогликемияның қайта дамуына жол бермеу үшін науқасқа көмірсулары мол тамақ беру керек.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттестігі
Манинил® 3,5 препаратының гипогликемиялық әсері АПФ тежегіштерін (ангиотензин өзгертуші ферментті), анаболиялық дәрілерді, бета-рецепторлар бөгегіштерін, фибраттарды, бигуанидтерді, хлорамфениколды, циметидинді, тікелей әсер етпейтін құсуға қарсы дәрілерді, белгілі бір ісікке қарсы препарттарды, пентоксифиллинді, фенилбутазонды, резерпинді, салицилаттарды, сульфонамидтерді, тетрациклиндерді бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін.
Манинил® 3,5 препаратының әсері ацетазоламидтің, барбитураттардың, хлорпромазиннің, глюкокортикоидтардың, глюкагондардың, ұрықтануға қарсы гормональдық дәрілердің, фенотиазиндердің, фенитоиннің, салуретиктердің, қалқанша без гормондарының ықпалымен төмендеуі мүмкін.
Алкоголь бір мезгілде қабылдағанда Манинил® 3,5 препаратының қант төмендететін әсерінің күшеюі де, сондай-ақ бәсеңдеуі де мүмкін (әсіресе созылмалы алкоголизмде).
Шығарылу нысаны: сауытта 120 таблетка.
Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары
Жарамдылық мерзімі: 3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
25ºС-дан аспайтын температурада сақтау керек.
Дәрілік затты балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары:
дәрігердің рецептісі бойынша.
БЕРЛИН-ХЕМИ АГ
(МЕНАРИНИ ГРУПП)
Глиниккер Вег 125
12489 Берлин, Германия