- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Манинил
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Диабет
- Манинил
Манинил
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Берлин-хеми |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | таблетки |
Саны | 120 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Глибенкламид, негізгі | 5 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Фармация,
фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті Төрағасының
2004 жылғы “___” _____________
№______ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Манинил® 5
дәрілік затын қолдану жөнінде
тұтынушыларға арналған
нұсқаулық
(аннотация-қосымша бет)
Сауда атауы: Манинил® 5
Халықаралық патенттелмеген атауы: Глибенкламид
1 таблеткадағы құрамы
белсенді зат: глибенкламид - 5 мг
қосалқы заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, магний стеараты, желатин, қызыл кошениль бояғышы А (Е 124).
Қолдану көрсетілімдері
Инсулинге тәуелді қантты диабет (ІІ түрдегі диабет), емдәм терапиясы тиімсіз болған кезде.
Нұсқау: Қатаң сақталуы тиіс дәрігердің тағайындаған емдәмі қантты диабетті емдеу үшін негіз болып табылады. Манинил® 5 препаратын қабылдауға дәрігер жазып берген емдәмді ешқандай жағдайда да өзгертуге болмайды.
Мөлшерлеу мен қолдану тәсілі
Мөлшерлеу режимі мен емдеу ұзақтығы науқастың көмірсу алмасуы жай-күйі мен қандағы глюкоза деңгейіне байланысты дербес белгіленеді. Бастапқы мөлшері күніне бір рет 2,5 мг глибенкламидті (Манинил® 5 препаратының 1/2 таблеткасын) құрайды. Мөлшерді бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі аралықпен аурудың тұрақты теңгерілуіне қол жеткенге дейін біртіндеп арттыруға болады.
Ең жоғары тәуліктік мөлшері 15 мг (Манинил® 5 препаратының 3 таблеткасын) құрайды.
10 мг-ға дейінгі тәуліктік мөлшерді (Манинил® 5 препаратының 2 таблеткасын) таңертең тамақтанудың алдында шайнамай аздаған мөлшердегі сұйықтықпен бір рет қабылдауға болады.
15 мг мөлшерде (Манинил® 5 препаратының 3 таблеткасын) екі қабылдауға таңертең 2 таблетка және кешке бір таблетка мөлшерінде бөлу ұсынылады.
Препараттың бір қабылдауын өткізіп алған жағдайда біраз уақыт өткеннен кейін едәуір жоғары мөлшермен оның орнын толтыруға рұқсат етілмейді. Манинил®5 препаратының келесі таблеткасын әдеттегі уақытында қабылдау керек.
Жанама әсерлері
Тамақтануды өткізіп алғанда, препаратты артық мөлшерлегенде, ауыр дене жүктемелерінде, сондай-ақ алкогольды қарқынды тұтынғанда қандағы қант деңгейінің жағымсыз қатты төмендеуі (гипогликемия) болуы мүмкін. Көп жағдайда ол қатты ашығуды сезіну, қатты терлеу, денедегі дірілді сезіну, жүрек қағуы, қозу, жабығу көңіл-күйі, бас ауыруы мен ұйқының бұзылуы түрінде көрініс береді. Көпшілік жағдайда бұл жай-күйді дереу глюкозаны, қантты немесе қантқа бай тағамды қабылдау арқылы жоюға болады.
Кейде асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар кездеседі, ол жүрек айнуымен және құсумен ұласады. Сирек жағдайларда күшті күн сәулесі мен ультракүлгін түсті сәулеге сезімталдық (фотосезімталдық) байқалған.
Қан түзу жүйесі тарапынан бұзылулар (тромбоцитопения, гранулоцитопения немесе эритроцитопения) мен жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, дене температурасының көтерілуі, буындардың ауыруы) өте сирек кездеседі.
Қарсы көрсетілімдері
Манинил® 5 препараты инсулинге тәуелді қантты диабетте (І түрдегі қант диабетінде), зат алмасу теңгерілмегенде (кетоацидоз, кома алды жай-күйі), бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары ілесетін ауыр сырқаттарда, препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта қарсы көрсетілімде.
Жүктілік пен лактация
Препарат жүктілік пен лактация (бала емізу) кезеңінде қарсы көрсетілімде.
Ескертулер
Манинил® 5 препаратымен инсулинге тәуелді диабетті емдеу дәрігер тарапынан тұрақты бақылау жүргізуді талап етеді.
Артық мөлшерлеу
Симптомдары: сипатталған жанама әсерлердің күшеюі ықтимал.
Артық мөлшерлеу кезіндегі емдеу шаралары
Жеңіл (естен тандырмайтын) гипогликемияны шамамен 20г глюкозаны қантты немесе қантқа бай тамақты қабылдап, емделуші өзі-ақ жоюға қабілетті.
Ауыр (естен тандыратын) гипогликемияда 40-100 мл 20% глюкоза ерітіндісін енгізу керек, егер көк тамырға енгізу мүмкін болмаса, бұлшық етке немесе тері астына 1-2 мг глюкагон енгізеді.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттестігі
Манинил® 5 препаратының гипогликемиялық әсері АПФ тежегіштерін (ангиотензин өзгертуші ферментті), анаболиялық дәрілерді, бета-рецепторлар бөгегіштерін, фибраттарды, бигуанидтерді, хлорамфениколды, циметидинді, тікелей әсер етпейтін құсуға қарсы дәрілерді, белгілі бір ісікке қарсы препарттарды, пентоксифиллинді, фенилбутазонды, резерпинді, салицилаттарды, сульфонамидтерді, тетрациклиндерді бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін.
Манинил® 5 препаратының әсері ацетазоламидтің, барбитураттардың, хлорпромазиннің, глюкокортикоидтардың, глюкагондардың, ұрықтануға қарсы гормональдық дәрілердің, фенотиазиндердің, фенитоиннің, салуретиктердің, қалқанша без гормондарының ықпалымен төмендеуі мүмкін.
Алкогольды бір мезгілде қабылдағанда Манинил® 5 препаратының препараты әсерінің күшеюі, сондай-ақ бәсеңдеуі ықтимал.
Шығарылу нысаны:
сауытта 120 таблетка.
Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары
Жарамдылық мерзімі: 3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Жарықтан қорғалған жерде, бөлме температурасында сақтау қажет.
Дәрілік затты балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары:
дәрігердің рецептісі бойынша.
БЕРЛИН-ХЕМИ АГ
(МЕНАРИНИ ГРУПП)
Глиниккер Вег 125
12489 Берлин, Германия