- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Проспан
Проспан
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Альпен Фарма |
---|---|
Өндіруші елі | Қазақстан |
Форма | таблетки |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Шырмауық жапырағы құрғақ сығындысы, негізгі | 65 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1973 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
Проспан®
Саудалық атауы
Проспан®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көпіршитін таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат:
құрғақ айұрық жапырағының сығындысы (5-7,5:1) – 65,000 мг
қосымша заттар:
сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, маннитол, симетикон, натрий сахарині, натрий цикламаты, натрий цитраты, сорбитол, триглициридтер, макроголглицеролгидроксистеараты, апельсин хош иістендіргіші.
(1 көпіршіитін таблетканың құрамында 0,382 мг көмірсулар = 0,03 нан бірлігі бар).
Сипаттамасы
Дөңгелек, бір жақ бетінде сызығы бар, апельсиннің дәмі және иіс бар теңбілді қоңыр таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жөтел мен суық тию белгілерін жоюға арналған препараттар.
АТЖ коды R05CA
Фармакологиялық қасиеттері
Қақырық түсіретін, жөтелге қарсы және түйілуді басатын әсерге ие. Қақырықтың тұтқырлығын азайтады және оның шығуын жеңілдетеді.
Қолданылуы
Тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігі мен өкпенің қабынбалы ауруларының кешенді емінде симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға –күніне 2 рет (күніне 130мг құрғақ айұрық жапырағының сығындысына сәйкес)1 көпіршитін таблеткадан, 4 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 3 реттен ( күніне 97,5 мг құрғақ айұрық жапырағының сығындысына сәйкес) ½ көпіршитін таблеткадан.
Көпіршитін таблеткаларды бөлуге болады.
Көпіршитін таблеткаларды бір стақан ( шамамен 100-200 мл) суға ерітеді және таңертең (түсте) және кешке қабылдайды. Еріту үшін суық немесе ыстық су пайдалануға болады.
Қабылдау ұзақтығы
Жеңіл жағдайларда – ең төменгі емдеу курсы 1 аптаны құрайды.
Ауырудың белгілері жоғалғаннан кейін емдік тиімділігін нығайту үшін емдеу ұзақтығын тағы да 1-3 күн бойы жалғастыруға болады.
Жағымсыз әсерлері
Препараттың құрамдас бөліктеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Сезімтал адамдардың асқазанында ауыру пайда болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғарғы сезімталдықта
- фруктозаны көтере алмаушылықта
- 4 жасқа дейінгі балаларда
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Проспан жөтелге қарсы көпіршитін таблеткалардың құрамында алкоголь жоқ.
Емдік тиімді әсері бар айұрық сығындысын сорғызып тартып алуға арналған сіңіргіш ретінде 30% көлемдікэтанол пайданылады, ол құрғату барысында сығындыдан толық шығарылады.
Бір көпіршитін таблеткалардың құрамында 6,58 ммоль (немесе 151,33 мг) натрий бар. Сіз құрамында тұзы төмен диета ұстауыңыз керек, Сіз мұны ескеруіңіз қажет.
Құрамында хош иістендіргіш лактоза бар. Бір көпіршитін таблеткалардың құрамында 29,7 мг лактоза бар. Проспан жөтелге қарсы көпіршитін таблеткалар препаратын қабылдар алдында, Егер, сізде қант көтереалмаушылғы белгілі болса, Сіз дәрігерден кеңес алуыңыз керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жалпы қабылданған қағидаларға сәйкес препаратты жүктілік және лактация кезеңінде тек ана мен балаға күтілетін пайда болуы мүмкін қауіптің арқатысын объективті бағалағаннан кейін ғана қолдану керек.
Көлік құралын басқару немесе қауіпті механизмдердібасқару қабілетіне ықпал етуі
Препаратты қолдану автокөліктерді немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препаратты көп мөлшерде күндізгі үш дозадан асыра қабылдағанда жүрек айнуын, құсу және диареяны тудыруы мүмкін.
Емі – белгілеріне қарай.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Алюминий фольгамен қапталған қағаз стрипте 2 таблеткадан.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа 5 стриптен салынған.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Engelhard Arzneimittel GmbH & Co. KG
Энгельхард Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ.
Херцбергштрассе 3, 61138 Нидердорфельден, Германия.