Бронхо-Мунал П

Бронхо-Мунал П

Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары

«Бронхо-Мунал П» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 5512 ₸ (қалыпты баға: 6890 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.

Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.

Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.

Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.

Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс беруге болады: 86 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).

Ең аз тапсырыс сомасы:

  • жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
  • заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸

* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Өнім мәліметтері
ӨндірушіСандоз
Өндіруші еліГермания
Формакапсулы
Саны10
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Лизат бактерий ОМ, негізгі3.5 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 6890 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйіҚол жетімді
Тапсырыс бағасы 4995 ₸  1895 ₸
Мерзімнің өту күні 22.04.2025

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

 

Бронхо-Мунал®  П 

 

 

 

 

Саудалық атауы

Бронхо-Мунал®  П 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі 

3,5 мг капсулалар 

 

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат  - 20.00 мг OM 85 бактерияларының лиофилизацияланған лизаты:

- 3.50 мг бактериялар лиофилизацияланған лизатына сәйкес:

Haemophilus influenzae

Streptococcus (Diplococcus) pneumoniae 

Klebsiella pneumoniae and ozaenae 

Staphylococcus aureus 

Streptococcus pyogenes and viridans 

Moraxella (Branhamella / Neisseria) catarrhalis

- 0.042 мг сусыз пропилгаллат

- 1.515 мг сусыз натрий глутаматы

- 20.00 мг дейін маннитол

қосымша заттар: маннитол, желатинделген крахмал, магний стеараты.

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы  (Е 171), желатин.

 

Сипаттамасы

Өлшемі №3, ақ түсті корпусы және қақпағы бар қатты желатинді капсулалар. 

Капсуланың ішіндегісі – ақ түстен сәл ақшыл-сары түске дейінгі ұсақтап түйіршіктелген ұнтақ.  

 

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар.

AТХ коды  L03AX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін препарат стандартты жолмен сіңбейді. Капсуланы қабылдағаннан кейін бактериялар лизаты АІЖ шырышты қабығының Пейер түйіндақтарына жинақталады. 

Пейер түйіндақтарының қуысы антигенді сіңіреді және оны субэпителиальді лимфалық жасушаларына бағыттайды, сонысымен гуморальді иммундық жауабын туындатады, бұл шырышты қабықтың IgA анағұрлым қарқынды өніміне алып келеді, содан соң шырышты қабықтың жарғақшасы арқылы енеді және микроорганизмдер өтуінің алдын алады. 

Пейер түйіндақтары арқылы бұл антиген лимфалық жасушаларды көтермелейді, содан соң кеуде лимфалық түтігінде, сосын қан ағымында, ал одан қорғаныш функциясы бар АІЖ шырышты қабығына және респираторлық жолы мен басқа шырышты қабығына регионарлық лимфа түйіндерінің көмегімен жылжиды. Осылайша, препарат қабылдайтын емделушілерде бактериялар мен вирустардан қорғану артады.  

Фармакодинамикасы

Бронхо-Мунал® П құрамында тыныс жолдарының жұқпаларын өте жиі тудыратын мына бактериялардың лиофилизацияланған лизаты бар: Streptococcus (Diplococcus) pneumoniae, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae and ozaenae, Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes and viridans, Moraxella (Branhamella/ Neisseria) catarrhalis.

Бронхо-Мунал® П организмнің тыныс жолдарының жұқпаларына қарсы күресте иммундық жауабын модуляциялайды. Препарат аурушаңдық жиілігін, аурудың ұзақтығын және ауырлығын азайтады, осылайша антибиотиктердің және басқа да дәрілердің дозасын төмендетуге мүмкіндік береді.  

Препарат жасушалық (тыныс жолдарының шырышты қабығында жергілікті),  гуморальді (жүйелік) иммунитетті, және cпецификалық емес төзімділікті стимуляциялайды.

Бронхо-Мунал® П препаратының қорғаныш механизмдерге келесі әсерлері анықталды: 

•       альвеолярлы макрофагтарды стимуляциялау, қабынуға қарсы цитокиндерді шығарылуын белсенділендіру   

•       айналымдағы Т-лимфоциттер санын арттыру

•       шеткергі моноциттердің белсенділендіру   

•       тыныс жолдарының және ас қорыту жолдарының шырышты қабықтарында секреторлы IgA концентрацияларын арттыру   

•       қорғаныш адгезивті молекулалар өнімінің стимуляциясы

•       айналымдағы қанда IgE класына жататын антидене концентрациясының – аса жоғары сезімталдық реакциясы триггерлерінің төмендеуі.

 

Қолданылуы

- тыныс жолдарының жұқпаларын емдеген кезде басқа препараттармен бірге қолдануда  

 - жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жұқпалары қайталанғанда профилактикалық дәрі ретінде (созылмалы бронхит, тонзиллит, фарингит, ларингит, ринит, синусит, отит). 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Бронхо-Мунал® П ішке қабылдауға арналған, таңертең аш қарынға қабылданады. 

Егер емделуші Бронхо-Мунал® П қабылдауды ұмытып кетсе, оны келесі күні таңертең қабылдағаны жөн.

6 айлықтан 12 жасқа дейінгі балалар.

Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының алдын алу үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен тәулігіне Бронхо-Мунал® Ппрепаратын 1 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі.

Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының жедел фазасында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 1 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 1 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал® П препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн.  

Тұтас капсуланы жұта алмайтын кішкентай балалар үшін капсуланы ашу ұсынылады, содан кейін капсуланың ішіндегісін сусынмен араластыру керек (су, шай, сүт немесе шырын) және дайын қоспаны таңертең аш қарынға ішке қабылдау керек. 

12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар. 

Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының алдын алу үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен тәулігіне Бронхо-Мунал® Ппрепаратын 2 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді келесі әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі.

Тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының жедел сатысында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал® П препаратын 2 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 2 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал® П препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн.  

 

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- диарея

- бас ауыру

- эритема

Жиі емес

- құрсақ қуысының ауыруы, жүрек айнуы, құсу

- әлсіздік сезімі

- есекжем

- экзантема

-  ентігу, жөтел, демікпе

Сирек

- қызба, қалтырау

- аллергиялық  реакциялар 

Өте сирек

- тромбоцитопения

 Жекелеген жағдайларда

- тромбоцитопениямен байланысты немесе байланысты емес пурпура

- бөртпесі бар диспноэ 

- іштің түйілуі

- аллергиялық васкулиттің асқынуы

- идиопатиялық тромбоцитопения

- Квинке ісінуі, ангионевроздық ісіну

-  денеге жайылған экзантема

- ауыр артралгия

- Чердж-Штраус синдромының асқынуы

- тахикардия

- аса жоғары сезімталдықтың бөлігі ретінде әлсіздік сезімі  

- Лайелл синдромы

- уытты эпидермальді некролиз

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 6 айға дейінгі нәрестелік кез 

- жүктілік және лактация кезеңі 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ

 

Айрықша нұсқаулар

Тірі вакцина мен Бронхо-Мунал® П препаратын ішке қабылдау арасындағы 4 апталық үзілісті сақтау керек.

Жүктілік және лактация

Оны жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Лактация кезеңінде қолданғанда емшек емізуді тоқтатқан жөн.  

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бронхо-Мунал®П автомобильді және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді. 

 

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті /поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінші ұяшықты қаптамада.

Пішінді 1 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.  

 

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде,  25¡С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.   

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.