Гелисал

Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
ӨндірушіСанто-Химфарм
Өндіруші еліҚазақстан
Формасироп
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Шырмауық жапырағы құрғақ сығындысы, негізгі27 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2262 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

ГЕЛИСАЛ

 

Саудалық   атауы

ГЕЛИСАЛ

 

Халықаралық патенттелмеген  атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Шәрбат 27.78 мг/5 мл 100 мл

 

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат - 27.78 мг кәдімгі айұрық жапырақтарының құрғақ сығындысы;

қосымша заттар: пропиленгликоль, 70% сорбитол, макрогол глицеролгидроксистеараты, калий сорбаты, лимон қышқылы моногидраты, анис хош иістендіргіші, тазартылған су.

 

Сипаттамасы

Анис иісі бар сарғыш-қоңыр түсті қою сұйықтық, бұлыңғырлануы және шөгінді отыруы мүмкін. 

 

Фармакотерапиялық тобы 

Суық тию мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.

АТХ коды  R05CA

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген. 

Фармакодинамикасы

Гелисал препараты – құрамында белсенді зат - айұрық жапырақтарының сығындысы бар өсімдік тектес дәрілік зат. Қақырық түсіретін, муколитикалық әсері бар, бронхтың тегіс бұлшықеттеріне аздап спазмолитикалық әсер етеді. Негізгі спазмолитикалық әсері бронхтар бұлшықеттерінің және өкпе эпителийінің β-2 рецепторларын белсенділендіретін гликозитердің  (сапониндердің) парасимпатолитикалық әсері табылады. Бұл бронхтар бұлшықеттерінде жасушаішілік Сa 2+ төмендетуге және оларды босаңсытуға әкеледі. Сонымен қатар ІІ типтегі альвеолярлық жасушалар сурфактантты көбірек өндіреді. Өнімсіз (құрғақ) жөтелде тұтқыр қақырықты сұйылтуға ықпал етеді, оның шығуын жеңілдетеді. Өнімді (ылғалды) жөтел кезінде қақырықтың түсуін және шығуын жеңілдетеді. Тыныс алу жолдарын қақырықтан  босатуының арқасында тыныс алудың жақсаруына, жөтелдің азаюына және кетуіне ықпал етеді.

 

Қолданылуы

- жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары қабыну ауруларының кешенді емінде қақырық түсіретін дәрі ретінде 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтанғаннан кейін. 

Ересектерге және ересек жастағы балаларға сұйылтылмаған түрінде, кіші жастағы және емшек еметін жастағы балаларға судың аздаған мөлшерімен немесе шырынмен сұйылтылған түрінде. 

Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, шәрбат мынадай сызба бойынша қабылданады:

 

Жасөспірімдер, ересектер және егде жастағылар 

5 мл (толық өлшегіш қасық) шәрбат (27,78 мг айұрық жапырақтарының құрғақ сығындысына сәйкес  ) тәулігіне 1-3 рет.

 

6-12 жастағы балалар

2,5 мл (½өлшегіш қасық) шәрбат (13,89 мг айұрық жапырақтарының құрғақ сығындысына сәйкес  ) тәулігіне 2-3 рет.

 

2-5 жастағы балалар

1,6 мл (⅓өлшегіш қасық) шәрбат (8,89 мг айұрық жапырақтарының құрғақ сығындысына сәйкес  ) тәулігіне 2-3 рет.

 

2 жастан кіші балаларды емдеуге қолдануға болмайды  («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қара).

 

Ұсынылған дозадан арттырмау керек. 

Емдеу ұзақтығы 7 күн. Ауру симптомдары кеткеннен кейін емдеуді 2-3 күн бойы жалғастыру ұсынылады.

Егер емдеу кезінде симптомдары күшейсе немесе 7 күн бойы қайтпай қойса  дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.

 

Гелисал препаратының қаптамасында 5 мл сәйкес келетін өлшегіш қасық және мынадай белгілері бар: «1/4» және «1/2», ол 1.25 мл және 2.50 мл сәйкес келеді.

 

Жағымсыз әсерлері 

Жиі(³1/100, <1/10

- жүрек айну, құсу, диарея

Жиі емес (³1/1 000, <1/100)

- аллергиялық  реакциялар

- тұншығу

- есекжем, бөртпе, петехиялар

                                     

Қолдануға болмайтын жағдайлар

 - айұрық жапырақтары сығындысына Аралий тұқымдас өсімдіктерге  немесе препараттың басқа да  компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- тыныс алу жолдары тарапынан симптомдардың күшею қаупіне байланысты 2- жасқа дейінгі балаларға  

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында сапониндер болуына байланысты препарат асқазан шырышты қабығын тітіркендіретін басқа дәрілердің әсерін көтермелеуі мүмкін. 

Гелисалды орталықтық әсері бар жөтелге қарсы дәрілік препараттармен (мысалы, кодеинмен немесе декстрометорфанмен), бір мезгілде тағайындауға болмайды, өйткені қақырықтың түсуін қиындатады.

 

Айрықша нұсқаулар

Сапониннің тітіркендіргіш қасиетін ескере отырып, препаратты өршу фазасында асқазанның ойық жара ауруы бар  адамдар қолданбау керек. 

Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдарға препаратты қолданбаған жөн. 

Жөтелдің ұзақ немесе қайталанатын көріністері бар 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар препаратты қабылдау алдында диагноз белгілеу мақсатында дәрігерден кеңес алуы керек.

Ентігу, қызба, іріңді қақырық туындағанда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.

Гелисалдың құрамында бояғыштар, қант және спирт болмағандықтан, оны бояғышқа аллергиялық реакциялары бар пациенттер, қант диабеті бар науқастар, сондай-ақ алкоголь немесе құрамында алкоголь бар препараттарды қабылдауға болмайтын пациенттер қабылдай алады. 

Препараттың өлшегіш қасығында (5 мл) 1.75 г сорбитол бар, ол 0.15 НБ сай келеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты қолдану қауіпсіздігі жөнінде жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондай-ақ препараттың шаранаға әсері туралы деректер жоқ. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі  

Әсер етпейді.

 

Артық дозалануы 

Симптомдары: сапониндердің әсер етуіне байланысты жүрек айнуы, құсу, гастроэнтерит. 1,8 г өсімдік шикізатына сай келетін шырмауын сығындысын кездейсоқ қабылдағаннан кейін 4 жастағы балада озбырлық мінез-құлық және диарея жағдайлары туралы бір хабарлама болды.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл-ден кепілдік сақинасымен полиэтиленді ақ қақпағы бар қара-қоңыр шыныдан жасалған құтыда.  

Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен және өлшегіш қасықпен бірге картон қорапқа салынған. 

 

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.  

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

 

Сақтау мерзімі

2.5 жыл

Құты қаптамасын алғаш рет ашқаннан кейін 6 ай ішінде пайдалану қажет.  

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.