- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Беродуал
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Тыныс алу жүйесі
- Беродуал
Беродуал
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Беродуал» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 2712 ₸ (қалыпты баға: 3390 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 1179 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Берингер Ингельхайм |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Ипратропий бромиді моногидраты, негізгі | 25 мг |
Фенотерол, негізгі | 50 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 3390 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 2466 ₸ 924 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық
қолдану жөніндегі
нұсқаулық
Беродуал®
Саудалық атауы
БЕРОДУАЛ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ингаляцияға арналған 20 мл ерітінді
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: 26,10 мг ипратропий бромиді моногидраты, (25 мг ипратропий бромидіне сәйкес), 50,0 мг фенотерол гидробромиді,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты дигидраты, натрий хлориді, 1М хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Сипаттамасы
Көрінетін механикалық қосындылары жоқ, байқаусыз дерлік иісі бар, мөлдір түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған препараттар. Ингаляциялық симпатомиметиктер. Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен біріктірілген симпатомиметиктер. Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен біріктірілген фенотерол.
АТХ коды R03AK03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ипратропий бромидпен фенотерол гидробромидін біріктіргенде емдеу әсері тыныс алу жолдарындағы жергілікті әсер етуі есебінен жүзеге асады. Бронходилатацияның фармакодинамикасы препараттағы белсенді компоненттердің фармакокинетикасымен байланысты емес.
Ингаляциядан кейін дозаның 10-нан 39%-ға дейіні тыныс жолдарында шөгеді. Өкпеде шөккен мөлшердің бір бөлігі қан ағысына жылдам жетеді (бірнеше минут ішінде), ал ауыз қуысында қалған әсер етуші заттың мөлшері АІЖ арқылы біртіндеп ішке түседі.
Осылайша, жүйелік әсері пероральді, сондай-ақ және өкпелік биожетімділікпен анықталады.
Біріктірілімдегі екi компоненттiң фармакокинетикасы әрбiр компоненттiң жеке фармакокинетикасынан ерекшеленетіні туралы расталған деректер жоқ.
Фенотерол гидробромиді
Ішке түскен препараттың көп бөлігі сульфат конъюгаттардың түзілуімен метаболизденеді. Абсолютті биожетімділігі - төмен (шамамен 1.5 %). Ингаляциядан кейінгі деммен ішке тартылған дозаның шамамен 1%-ы бос фенотерол ретінде несепте 24 сағатта бөлініп шығарылады. Жалпы жүйелік биожетімділігі – 7%. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы – 40%. Фенотеролдың жалпы клиренсі 1.8 л/мин құрайды, ал бүйрек клиренсі – 0.27 л/мин. Фенотерол және оның метаболиттері гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Несеппен жалпы 48 сағат ішінде - дозаның 39%, АІЖ арқылы – дозаның 40.2% экскрецияланады.
Ипратропий бромиді
Ипратропий бромидінің тәуліктік жиынтық бүйректік экскрециясы – БЕРОДУАЛ препаратының пероральді дозасының 1% -ынан аз. Жалпы жүйелік биожетімділігі пероральді енгізуде 2% құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы 20%-дан кем.
Терминальді жартылай шығарылу кезеңі – 1.6 сағатқа жуық. Ипратропийдің жалпы клиренсі - 2.3 л/мин, бүйрек клиренсі - 0.9 л/мин. 6 күндік жиынтық бүйректік экскрециясы – 9.3%, АІЖ арқылы – 88.5%. Жартылай шығарылу кезеңі 3.6 сағатты құрайды.Несептегі негізгі метаболиттердің мускаринді рецепторлармен байланысуы өте елеусіз.
Фармакодинамикасы
БЕРОДУАЛ – екі бронх кеңейтетін компоненттерден тұратын біріктірілген препарат: ипратропий бромиді (антихолинергиялық әсер етуші) және фенотерол гидробромиді (бета2-адреномиметик).
Ипратропий бромиді аммонийдің төртіншілік туындысы болып табылады және антихолинергиялық (парасимпатолитикалық) қасиеттерге ие. Ипратропий кезбе жүйкеден болған рефлекстерді тежейді, осы кезбе жүйкеден босатылған нейромедиатор – ацетилхолиннің әсеріне қарсы әсер етеді. Антихолинергиялық дәрілер бронхтардың тегіс бұлшықеттерінде ацетилхолиннің мускаринді рецепторлармен өзара әрекеттесуінде туындайтын Са++ жасушаішілік концентрациясының артуын болдырмайды. Са++ босап шығуы IP3 (инозитол трифосфаты) және DAG (дицилглицерол) тұратын салдарлы мәлімдеулер жүйесімен медиацияланады.
Ипратропий бромиді тыныс жолдары шырышының секрециясына, мукоцилиарлық клиренске және газ алмасуына теріс әсер етпейді.
Фенотерол гидробромиді емдік дозаларында бета2-адренорецепторларын таңдап стимуляциялай отырып, тікелей симпатомиметикалық әсер етеді. Барынша жоғары дозаларда ол бета-1-адренорецепторларды көтермелеу қабілетіне ие. Бета2-адренорецепторларымен байланысуы стимуляциялаушы Gs-ақуыздың қатысуымен аденилатциклазаны белсендіреді.
Циклдық АМФ-тің жоғары деңгейі А протеинкиназаны белсендіреді, ол содан кейін тегіс бұлшықет жасушаларында ақуыз-нысаналарды фосфорлайды. Бұл, өз кезегінде, миозинкиназаның жеңіл тізбегінің фосфорлануына, фосфоинозитид гидролизінің тежелуіне және кальциймен белсендірілетін калий өзекшелерінің ашылуына әкеледі.
Фенотерол гидробромиді бронхтар мен тамырлардың тегіс бұлшықеттерін босаңсытады және гистамин, метахолин, салқын ауа және аллергендер (жедел типті аса жоғары сезімталдық реакциялары) әсеріне негізделген бронхтардың түйілу реакцияларының дамуын болдырмайды. Қолданғаннан кейін бірден фенотерол жуан жасушалардан бронх тарылтатын және қабынуға қарсы медиаторлардың босап шығуын баяулатады. Фенотеролдың жоғарырақ дозаларын (0.6 мг) қолдану мукоцилиарлы клиренсті арттырады.
Фенотеролды пероральді қолданғанда көбірек қол жеткізілетін қан плазмасындағы жоғарылау концентрацияларында жатырдың жиырылуы тежеледі. Сондай-ақ, жоғарырақ дозаларды пайдаланғанда келесі метаболизмдік әсерлер байқалады: липолиз, гликогенолиз, гипергликемия және гипокалиемия, бұлар қаңқа бұлшықеттерінің К+ иондарын көп тұтынуымен шартталған. Жүрек жиырылуының жиілігі және күшінің артуы сияқты жүрекке бета-адренергиялық әсерлері фенотеролдың тамырларға
және бета1-адренорецепторлардың емдік дозадан асатын дозаларын пайдаланғандағы бета2-адренорецепторлардың миокардтың стимуляциясына әсер етуінің салдары болып табылады. Басқа да бета-адренергиялық препараттарды пайдаланғандағыдай, жоғары дозаларды пайдаланғанда QT аралығының ұзаруы анықталды. Бета-агонистердің жиірек байқалған әсері тремор болып табылады. Бронхтардың тегiс бұлшықеттеріне әсер етуінен айырмашылығы бета-агонистердің жүйелі әсер етуі төзімділік дамуына алып келуі мүмкін.
Ипратропий бромиді мен фенотеролды бірге қолданғанда бронхты кеңейткіш әсерге түрлі фармакологиялық нысаналарға әсер ету арқылы қол жеткізіледі. Екі белсенді зат бірін-бірі толықтырады, соның нәтижесінде бронх мускулатурасына қатысты спазмолитикалық әсері күшейеді және
тыныс жолдарының тарылуымен қатар жүретін бронх-өкпе аурулары кезінде емдік әсердің кең ауқымдылығы қамтамасыз етіледі. Өзара толықтыру әсері мынадай, тиімді әсерге қол жеткізу үшін бета-адренергиялық компоненттің өте төмен дозасы қажет етіледі, бұл препараттың жекелей дозалануын жеңілдетеді және жағымсыз әсерлердің азаюына ықпал етеді.
БЕРОДУАЛ препараты жедел бронх түйілуінде енгізуден кейін дереу тиімді болады және тиісінше бронх түйілуінің жедел ұстамаларын емдеу үшін жарамды.
Қолданылуы
- қайтымды бронх түйілуі бар тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларының (өкпенің созылмалы обструктивті ауруларында, бронх демікпесінде, эмфиземамен асқынған немесе асқынусыз созылмалы обструктивті бронхит), алдын алуда және симптоматикалық емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Емдеуді әдетте ұсынылған барынша төмен дозадан бастаған жөн.
Дозаны әркімге жеке таңдау және жедел ұстаманың ауырлығына сәйкес реттеу керек. Симптомдардың жеткілікті төмендеуінде препарат енгізуді тоқтату керек. Төмендегі дозалар ұсынылады:
Ересектер (егде адамдарды қосқанда) және 12 жастан асқан жасөспірімдер:
Бронх түйілуінің жедел ұстамалары
Ұстамалардың ауырлығына байланысты дозалар 261 мкг ипратропий бромиді/ 500 мкг фенатерол гидробромидінен (1 мл=20 тамшы) 652,5 мкг ипратропий бромиді/ 1250 мкг фенатерол гидробромидіне (2,5 мл=50 тамшы) дейін ауытқуы мүмкін. Ерекше, аса ауыр жағдайларда 1044 мкг ипратропий бромиді/2000 мкг фенатерол гидробромиді (4 мл=80 тамшы) жететін дозалар қолданылуы мүмкін.
Қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Ингаляцияға арналған ерітіндіні тек ингаляция үшін (қолайлы небулайзермен) пайдалану керек; ерітіндіні ішке қабылдауға тиым салынады.
Ұсынылатын доза 3-4 мл-ді құрайтын ақтық көлемге дейін физиологиялық ерітіндімен сұйылтылуы және небулайзердің көмегімен ингаляция әдісімен қолданылуы тиіс.
Ингаляцияға арналған БЕРОДУАЛ ерітіндісін дистилляцияланған сумен сұйылтуға болмайды.
Ерітіндіні әрбір қолданар алдында қайтадан сұйылту керек; сұйылтылған ерітіндінің қалдығы жойылуы тиіс. Сұйылтылған ерітіндімен ингаляцияны дайындалғаннан кейін дереу жүргізу керек.
Ингаляцияның ұзақтығын сұйылту көлемі көмегімен бақылауға болады.
Ингаляцияға арналған БЕРОДУАЛ ерітіндісі бүріккіш құрылғылардың (небулайзерлердің) әр түрлі қол жетімді модельдерін пайдалану арқылы қолданылады. Стационарлық тыныс алу оттегісі болған жағдайларда ерітіндіні енгізудің оңтайлы жылдамдығы минутына 6-8 литрді құрайды.
Жағымсыз әсерлері
Аталған жағымсыз әсерлердің көпшілігі БЕРОДУАЛ препаратының антихолинергиялық және бета-адренергиялық қасиеттерінің салдары болуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері төмендегі жиілікпен анықталады:
Жиі (≥ 1/100 - < 1/10), жиі емес (≥ 1/1,000 - < 1/100), сирек (≥ 1/10,000 - < 1/1,000)
Жиі:
- жөтел
Жиі емес:
- күйгелектік
- бас ауыруы, тремор, бас айналуы
- тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі
- фарингит, дисфония,
- құсу, жүрек айнуы, ауыз қуысының құрғауы
- систолалық артериялық қысымның жоғарылауы
Сирек:
- анафилактикалық реакциялар, аса жоғары сезімталдық
- гипокалиемия
- үрейлі қозулар, психикалық бұзылыстар
- глаукома, көзішілік қысымның жоғарылауы, аккомодация бұзылуы, қарашық кеңеюі, көру өткірлігінің нашарлауы, көздің ауыруы, мөлдір қабықтың ісінуі, конъюнктивалық гиперемия, гало (жарық көзінің айналасында көру аймағында түрлі-түсті шеңберлердің болуы)
- аритмия, оның ішінде жыпылықтағыш аритмия, суправентрикулярлық тахикардия, миокард ишемиясы
- бронх түйілуі, тамақтағы тітіркену, жұтқыншақ ісінуі, ларингоспазм, парадоксальді бронх түйілуі, тамақ құрғауы, стоматит, глоссит, асқазан-ішек жолдарының моторикасы бұзылуы, диарея, іш қатуы, ауыз ісінуі
- есекжем, бөртпе, қышыну, Квинке ісінуі, гипергидроз
- бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, миалгия, несеп бөлінуінің іркілуі, диастолалық артериялық қысымның төмендеуі.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- фенотерол гидробромидіне, атропинге ұқсас заттарға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия
- тахиаритмия
- жүктілік (I триместр)
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
БЕРОДУАЛ дәрілік затының басқа антихолинергиялық дәрілермен жүйелі түрде бірге қолданылуы зерттелмеген, осыған байланысты оларды бірге қолдану ұсынылмайды.
Бета-адренергиялық және антихолинергиялық дәрілер, ксантин туындылары (мысалы, теофиллин) БЕРОДУАЛ препаратының бронхты кеңейткіш әсерін күшейтуі мүмкін. Антихолинергиялық заттардың немесе ксантин туындыларының (мысалы, теофиллин) жүйелік қан ағымына түсетін басқа бета-адреномиметиктерді бір уақытта тағайындау жағымсыз әсерлердің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Бета-адреноблокаторларды бір уақытта тағайындағанда БЕРОДУАЛ препаратының бронхты кеңейтетін әсері едәуір әлсіреуі мүмкін.
Бета2-адренорецепторлар агонистерін қолданумен байланысты гипокалиемия ксантин туындыларын, глюкокортикостероидтарды және диуретиктерді бір уақытта тағайындаумен күшеюі мүмкін. Тыныс алу жолдарының обструктивтік ауруларының ауыр түрлері бар емделушілерді емдеген кезде бұған ерекше назар аудару керек.
Гипокалиемия дигоксин қабылдап жүрген емделушілерде аритмияның туындау қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, гипоксия гипокалиемияның жүрек ырғағына жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін. Осыған ұқсас жағдайларда қан сарысуындағы калий концентрациясына бақылау жүргізу ұсынылады.
Құрамында бета2-адреномиметиктердің агонистері бар дәрілік препараттарды моноаминооксидаза тежегіштерін және үш циклды антидепрессанттарды қабылдаған емделушілерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл препараттар бета2-адренорецепторлардың әсерін күшейте алады. Галогенделген көмірсутектік анестетиктер, мысалы, галотанның, трихлорэтиленнің немесе энфлуранның ингаляциясы жүрек-қантамыр жүйесіне бета-адренергиялық дәрілердің жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Жоғары сезімталдық
БЕРОДУАЛ препаратын енгізгеннен кейін жоғары сезімталдықтың шұғыл реакциялары дамуы мүмкін, бұны есекжемнің, ангионевроздық ісінудің, бөртпенің, бронх түйілуінің, ауыз-жұтқыншақ аумағының ісінуінің және анафилаксияның сирек жағдайлары көрсетеді.
Парадоксальді бронх түйілуі
Ингаляцияға арналған басқа да препараттар сияқты, БЕРОДУАЛ препаратын қолдану да өмірге қауіп төндіретін парадоксальді бронх түйілуіне алып келуі мүмкін.
Парадоксальді бронх түйілуі пайда болғанда БЕРОДУАЛ препаратын қолдануды дереу тоқтату керек және оны баламалы еммен алмастыру керек.
Офтальмологиялық асқынулар
БЕРОДУАЛ препаратын жабық бұрышты глаукомаға бейімі бар емделушілерде сақтықпен пайдалану керек.
Төмендегідей офтальмологиялық асқынулардың жеке-дара есептері көрсетілген: мидриаз, көзішілік қысым жоғарылауы, жабық бұрышты глаукома, көзге ингаляциялық ипратропий бромиді түскенде ауыруы (немесе ипратропий бромидін бета2-адренорецепторларының агонистерімен үйлесімде).
Емделушілерге БЕРОДУАЛ дозаланған аэрозоль ингаляторын пайдалану ережелеріне қатысты толық нұсқау беру және көзді қорғау бойынша шаралар туралы ескерту керек!
Жабық бұрышты глаукома белгілері көздің ауыруы және жайсыздануы, бұлыңғыр көру, жарық көзі маңында көру аймағында түрлі түсті шеңберлер болуы немесе конъюнктивалық гиперемия және мөлдір қабықтың ісінуі салдарынан көздің қызаруы болуы мүмкін. Бұл симптомдардың кез келген біріктірілімі дамығанда миотикалық тамшылармен емдеуді бастау керек және дәрігермен шұғыл кеңесу керек.
Жүйелік әсері
БЕРОДУАЛ препаратын қауіп/пайдасын мұқият бағалаудан кейін ғана пайдалану керек, әсіресе жоғары дозаларды қолданған төмендегі жағдайларда: жеткіліксіз бақыланатын қант диабеті, жуырда өткерген миокард инфарктісі, жүрек және қан тамырларының ауыр органикалық зақымдануы, гипертиреоз, феохромоцитома немесе несеп шығару жолдарының бірге жүретін обструкциясы (мысалы, қуық асты безінің гиперплазиясы немесе қуық мойнының обструкциясы).
Жүреке-қан тамыр қызметіне әсері
Симпатомиметикалық дәрілер, соның ішінде БЕРОДУАЛ, жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етуі мүмкін. Бета-агонистерді қабылдауға байланысты миокард ишемиясының сирек жағдайлары туралы айғақтайтын деректер бар. Жүректің негізгі ауыр аурулары бар (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі) БЕРОДУАЛ қабылдайтын емделушілерге кеуде тұсының ауруы немесе жүрек ауруына байланысты жағдайының нашарлауының басқа да симптомдары пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескерту қажет. Ентігу және кеуденің ауыруы сияқты симптомдарды бағалауға назар аудару қажет, себебі олар не респираторлық, не болмаса жүректен болуы мүмкін.
Гипокалиемия
Потенциалды күрделі гипокалиемия бета2-адренорецторлар агонистерімен емдеудің салдары болуы мүмкін.
Асқазан-ішек жолдарының моторикасының бұзылуы
Кистозды фиброзы бар емделушілер асқазан-ішек жолдарының моторикасы бұзылуына бейім болуы мүмкін.
Ентігу
Жедел, тез ушығатын ентігу жағдайында емделушілерге дереу дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Ұзақ жалғастырып пайдалану:
- бронх демікпесі бар емделушілерге БЕРОДУАЛ препаратын тек қажет болғанда ғана пайдалану керек. ӨСОА жеңіл түрі бар емделушілерді талап етуі бойынша емдеу (симптомдары болуына қарай) ұдайы пайдалануға қарағанда тиімдірек болуы мүмкін
- бронх демікпесі бар және глюкокортикостероидқа тәуелді ӨСОА бар науқастарға қатысты жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуын бақылау және аурудың нашарлауының алдын алу үшін қабынуға қарсы емді қосымшалау немесе күшейту дұрыс.
Бронхтың обструкциясының симптомдарын бақылау үшін БЕРОДУАЛ сияқты құрамында бета2-агонистер бар препараттардың арттырылатын дозасын үнемі пайдалану ауру ағымының нашарлауын туындатуы мүмкін. Бронхиальді обструкция күшейген жағдайда бета2-агонистердің, атап айтқанда БЕРОДУАЛ препаратының дозасын ұзақ уақыт бойы ұсынылған дозадан жәй ғана арттыру мақсатқа сай емес және қауіпті де. Өмірге қауіп төндіретін ауру ағымының нашарлауының бұл жағдайында емделушінің емдеу жоспарын және ингаляциялық глюкокортикостероидтармен талапқа сай қабынуға қарсы емді қайта қарау мәселесін қарастыру керек.
Басқа да симпатомиметикалық бронхдилататорларды БЕРОДУАЛ препаратымен бір уақытта тек медициналық бақылаумен ғана тағайындау керек.
Допингке қатысты ескертулер
БЕРОДУАЛ препаратын қолдану медициналық емес көрсеткіштер бойынша, мысалы спорт жетістіктерін көтеру (допинг) үшін фенотеролге қатысты психикаға белсенді әсер ететін заттарды шамадан тыс тұтыну тестерінің оң нәтижесіне алып келуі мүмкін.
Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік
Клиникаға дейінгі зерттеулер және адамда қолданудың тәжірибесінің деректері фенотерол немесе ипратропий бромиді жүктілік кезінде жағымсыз реакциялар дамуын туындатпайтынын айғақтайды. Дегенмен, жүктілік кезінде, әсіресе бірінші триместрде, дәрілік препаратты қолдануға байланысты әдеттегі сақтық шараларын сақтау қажет.
БЕРОДУАЛ препаратының жатырдың жиырылу қызметін тежегіш әсерінің мүмкіндігін ескеру керек.
Лактация кезеңі
Фенотерол гидробромиді емшек сүтіне өтуі мүмкін, ипратропий бромидіне қатысты осындай деректер алынған жоқ.Ипратропийдің емшектегі балаға, әсіресе препаратты аэрозоль түрінде қолданған жағдайда, елеулі әсері болуының ықтималдығы аз. Дегенмен, БЕРОДУАЛ препаратын бала емізетін әйелдерге сақтықпен тағайындау керек.
Фертильділігі
Фенотерол гидробромидін және ипратропий бромидін біріктіріп қолданған кезде фертильділікке әсер етуі туралы, сондай-ақ екі компоненттің әрқайсысына клиникалық деректер жоқ. Алайда, клиникаға дейінгі зерттеу деректері фенотерол гидробромиді және ипратропий бромидін жекелей алғанда адамның фертильділігіне теріс әсерінің жоқтығын көрсетті.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлік басқаруға және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуіне зерттеу жүргізілген жоқ.
Дегенмен, емделушіні бас айналуы, тремор, аккомодация бұзылуы, көз қарашығының үлкеюі және БЕРОДУАЛ препаратын қолданған кезеңде көру өткірлігінің нашарлауы секілді болуы мүмкін жағымсыз реакциялары туралы хабардар ету қажет. Автомобиль басқару немесе механизмдермен жұмыс істеуде сақ болу ұсынылады. Емделушілерде жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, көлік құралын басқару немесе қозғалыстардың дәл координациясын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін жұмыс сияқты олар үшін потенциалды қаупі бар операцияларды орындаудан аулақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: артық дозалану симптомдары әдетте көбінесе фенотеролдың әсеріне байланысты болады.
Бета-адренорецепторлардың шамадан тыс стимуляциясына байланысты артық дозалануда симптомдар пайда болуы мүмкін. Тахикардияның, жүрек қағуының, тремордың, артериялық гипертензияның немесе артериялық гипотензияның, пульстік қысымның артуы, стенокардия жағдайындағы ауыру, аритмия және бетке қан тебудің пайда болу ықтималдығы көбірек.
Фенотеролды ұсынылғаннан жоғарырақ дозаларда қолданғанда метаболизмдік ацидоз және гипокалиемия бақылануы мүмкін.
Ипратропий бромидінің артық дозалануының болжамды симптомдарының (ауыздың құрғауы, көз аккомодациясының бұзылуы) білінуі әлсіз, бұл ингаляциялық ипратропийдің жүйелік жетімділігінің өте төмен болуымен түсіндіріледі.
Емі: БЕРОДУАЛ препаратымен емді тоқтату керек. Қышқыл-сілтілік және электролиттік мониторинг жүргізу керек. Тыныштандыратын дәрілер, транквилизаторлар қолданылады, ауыр жағдайларда – қарқынды ем ұсынылады.
Арнайы у қайтарғысы ретінде бета-адреноблокаторлар, дұрысы іріктелген бета1-адреноблокаторлар қолданылуы мүмкін. Алайда бета-адреноблокаторлардың әсерінен бронхиальді обструкцияның күшеюі мүмкін екендігін және бронх демікпесіне немесе ӨСОА шалдыққан емделушілер үшін өлімге әкелуі мүмкін ауыр бронх түйілуі қаупіне байланысты олардың дозасын мұқият таңдау керектігін ескерген жөн.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тамшылатқыш-тығынмен тығындалған және бұралатын қақпағы бар күңгірт шыны құтыларға 20 мл препараттан құйылған.
1 құтыдан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Дәрігердің рецептісі арқылы
Өндіруші
Институт де Ангели С.Р.Л., Италия
Тіркеу куәлігінің иесі
Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Берингер Ингельхайм Фарма Гес мбХ» ҚР-дағы өкілдігі
Мекенжайы: Алматы қ., 050008, Абай даңғ., 52
«Innova Tower» бизнес орталығы, 7- қабат
тел + 7(727) 250 00 77; факс:+7 (727) 244 51 77
e-mail: PV_local_Kazakhstan@boehringer-indelheim.com