- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Лантиген Б
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Тыныс алу жүйесі
- Лантиген Б
Лантиген Б
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Лантиген Б» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 8840 ₸ (қалыпты баға: 11050 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 39 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Брушеттини С. р. л Bruschettini S.r. l. |
---|---|
Өндіруші елі | Италия |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Антигендік сығындылар, негізгі | 70 мл |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 11 050 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 8188 ₸ 2862 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық
қолдану жөніндегі нұсқаулық
Лантиген Б
Саудалық атауы
Лантиген Б
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған тамшылар, 18 мл
Құрамы
Бір мл препараттың құрамы
белсенді заттар: антигендік экстрактілер:
Staphylococcus aureus 79.6 ХБ,
Streptococcus pyogenes (A тобы) 126.2 ХБ,
Streptococcus pneumoniae (3 түр) 63.2 ХБ,
Haemophylus influenzae (b түр) 50.22 ХБ,
Branhamella catarrhalis 39.9 ХБ,
Klebsiella pneumoniae 39.8 ХБ,
қосымша заттар: полисорбат 80, натрий метилпарагидроксибензоаты, хлоргексидин диацетаты, тазартылған су.
Сипаттамасы
Сұр-қоңыр түсті бұлыңғырланған суспензия
Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.
АТX коды R07AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препараттың табиғатына байланысты фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Лантиген Б – бұл тыныс алу жолдарының (S. pneumoniae, S. pyogenes, B. catarrhalis, S. aureus, H. influenzae, K. pneumoniae) инфекцияларының едәуір жиі қоздырғыштары болып табылатын микроорганизмдердің бақыланатын аутолизм үдерісінен алынған бактериялық антигендер суспензиясы. Препарат тіл астына енгізген кезде жұтқыншақтың және ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы бактериялық антигендердің сіңірілуінің арқасында жергілікті иммундық үдерістердің көтермеленуін туындатады.
Лантиген Б спецификалық иммунитетті көтермелеу жолымен әсер етеді, А типіндегі (IgA-S) секреторлық иммуноглобулиндер класының антиденелерін өндіруге әкеп соқтырады, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының беткейіне микроорганизмдердің адгезиясын тежеу салдарынан, инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді.
Сондай ақ Лантиген Б IgM өнімділігіне, IL-1 моноциттермен өнімділігіне, гранулоциттердің бактерицидті және хемоуытты белсенділігіне, Т-жасушалары пролиферациясының жоғарылауына байланысты спецификалық емес жасушалық иммунитеттің жоғарылауы арқылы иммункөтермелегіш препарат ретінде әсер етеді.
Лантиген Б қолдану нәтижесінде:
- IgA, IgM, IgG айналатын және сілекей өндірімінің деңгейін жоғарылатады;
- респираторлық инфекциялардың айқындылығы, жиілігі қысқарады
- антибактериялық терапияға қажеттілік азаяды
Қолданылуы
Ересектерге
- тыныс алу жолдарында қайталанатын инфекцияны профилактикалау үшін; инфекциялық көріністер айқындылығын, жиілігін азайту үшін
Балаларға
- күтілген жастағылар үшін аурудың ең көп жағдайларында балаларда тыныс алу жолдарында қайталанатын инфекцияны профилактикалау үшін. Препарат инфекциялық көріністердің айқындылығы мен жиілігін азайтуы мүмкін
- тыныс алу жолдарының инфекцияларын емдеу кезінде басқа дәрілермен кешенді қолдану
Қолдану тәсілі және дозалары
3 айдан 10 жасқа дейінгі балаларға: дозаторды екі рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (15 тамшы) сәйкес келетін бір доза, тіл астына, күніне бір рет (таңертең) немесе дозаторға бір рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (7-8 тамшы) сәйкес келетін дозаның жартысын күніне екі рет (таңертең және кешке).
Сәбилерге және препаратты жұтпастан, ауыздарында ұстап тұра алмайтын балаларға ұйықтап жатқан кезде тамшыны астыңғы ерін мен астыңғы жақтың арасына енгізеді.
Ересектер мен 10 жастан асқан балаларға: дозаторды екі рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (15 тамшы) сәйкес келетін бір доза, тіл астына, күніне бір рет (таңертең және кешке). Пайдаланар алдында құтыны шайқау керек. Қалқып жүрген шөгінділер болуы мүмкін (тіпті сілкігеннен кейін де).
Суспензия сілекейде жақсылап еруі үшін әр дозаны ауызда жұтпастан, 2 минут бойы ұстау керек, осылайша, препараттың сіңуін жеңілдетеді.
Қабылдау ұзақтығы көрсетілген дозаға сәйкес балалар үшін бір құтыны (18 мл) немесе ересектер үшін екі құтыны (36 мл) құрайды. Емдеу ұзақтығы 2-3 апта.
Соңында, қайталанған курс көрсетілген дозаға сәйкес ересектер үшін 1 құты немесе балалар үшін жарты құтыны пайдаланады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық
Құтыны мұқият шайқаңыз және қақпақтың ортасына орнатылған пластикті ұштықты ұстап тұратын пломбаны сындырыңыз, құтыны бұрау кезінде оны тартып және толығымен жұлып алыңыз.
Қақпағын ашыңыз, құтыны төменнен жоғары қарай төңкеріңіз, одан кейін сұқ саусақ пен үлкен саусақтың арасында дозаторды қысыңыз және дозаторды баса отырып, тамшының қажетті мөлшерін тамызыңыз.
Жағымсыз әсерлері
Препаратты алғаш қабылдағаннан кейін сирек (қолданудың 1000-ға 1-ден сирек, бірақ 10 000-ға 1 ден жиі жағдайлары) уақытша жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
- ринорея
- іш қату, іштің ауыруы
- еш себепсіз температураның көтерілуі (≥ 39°С)
- асқын сезімталдық реакциялары (есекжем, ангионевротикалық ісіну), бронхтық түйілу
- бронхтық демікпе ұстамалары және жөтел
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- аутоиммундық аурулар
- жедел ішек инфекциялары
- 3 айға дейінгі балалар жасы
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Иммундық реакциялары иммунсупрессивті терапия немесе кортикостероидтармен емдеген кезде, туа біткен немесе жүре пайда болған иммунтапшылығы бар пациенттерде төмендеуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Кез келген вакцинаны ішке қабылдау мен Лантиген Б-ны қолдану аралығында 4 апталық үзілісті ұстану ұсынылады.
Лантиген Б препаратын қабылдау қызба жағдайында тоқтатылуы тиіс, әсіресе емнің басында.
Жедел респираторлық аурулардың басталуымен байланыспаған температурасы 39°С-ден аса көтерілу сияқты сирек жағымсыз әсерлер болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ем тоқтатылуы тиіс және қайта жаңғыртуға болмайды.
Басқа иммункөтермелегішті қатар қабылдауға жол бермеу керек.
Құрамында бактериялық экстрактілері бар дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін анамнезінде бронхтық демікпе ұстамалары бар пациенттерге Лантиген Б-ны қабылдауға болмайды.
Жоғары сезімталдық реакциялары жағдайында емді дереу тоқтату керек және қайта жаңғыртуға болмайды.
Препараттың құрамына кіретін натрий метилпарагидроксибензоат аллергиялық реакцияны (баяу түрде болуы мүмкін), ал жекелеген жағдайларда бронхтық түйілуді туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті және емшек емізетін әйелдерде Лантиген Б-ны пайдалану жөнінде деректер жеткіліксіз. Препарат жүктілік және лактация кезеңінде қарсы көрсетілімде.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобильді және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне препараттың әсері байқалмады. Бірақ, арнайы зерттеулер жүргізілмегенін ескеру керек.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішуге арналған тамшылар.
Препарат 18 мл-ден сары түсті шыны құтыда, пластик дозатормен, тығындалған қақпақпен қамтылған.
1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы