Лимфомиозот Н

Лимфомиозот Н

Өнім мәліметтері
ӨндірушіБиологиш Хеилмиттел Хил Biologishe Heilmittel Heel
Өндіруші еліГермания
Формараствор
Саны5
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік затты медициналық

қолдану жөніндегі

нұсқаулық

 

ЛИМФОМИОЗОТ Н

 

Саудалық атауы 

Лимфомиозот Н

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді

 

Құрамы  

1 ампуланың (1.1 мл) ішінде 

белсенді заттар:

 

Araneus diadematus  D6

0.55 мг

Calcium phosphoricum  D12

0.55 мг

Equisetum hiemale  D4

0.55 мг

Ferrum iodatum  D12

1.10 мг

Fumaria officinalis  D4

0.55 мг

Gentiana lutea  D5

0.55 мг

Geranium robertianum  D4

1.10 мг

Levothyroxinum  D12

0.55 мг

Myosotis arvensis  D3

0.55 мг

Nasturtium officinale  D4

1.10 мг

Natrium sulfuricum  D4

0.55 мг

Pinus silvestris  D4

0.55 мг

Scrophularia nodosa  D3

0.55 мг

Smilax  D6

0.55 мг

Teucrium scorodonia  D3

0.55 мг

Veronica officinalis  D3

0.55 мг

 

қосымша заттар

натрий хлориді 10.4 мг, инъекцияға арналған су 1089.6 мг

 

Сипаттамасы 

Мөлдір түссіз ерітінді, иіссіз.

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа терапиялық өнімдер. Басқа да дәрілік өнімдер.

АТХ коды  V03АХ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Лимфомиозот Н кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Лимфомиозот Н организмнің спецификалық емес қорғанысына және лимфодренаждағы ісінуге бейімділігіне байланысты жай-күйлерде немесе бадамша бездер немесе басқа лимфа түйіндер гипертрофиясымен лимфа диатезінде демеуші әсер етеді. Препарат әсері организмнің қорғаныс күшінің белсенуіне және препарат құрамына кіретін заттар есебінен бұзылған функцияны қалыпқа келтіруге негізделген.

 

Қолданылуы

Лимфа дренажын, организмнің спецификалық емес иммундық қорғанысын  жақсарту үшін, сондай-ақ лимфа түйіндерінің  қатерлі емес гипертрофиясы, созылмалы тонзиллит, бадамша без гипертрофия және лимфа түйіндерінің  ісінуі сияқты жай-күйлерін жақсарту үшін. 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Стандартты дозасы:

Ересектерге (және 12 жастан үлкен балалар): 1 ампуладан аптасына 1-ден 3 ретке дейін.

Педиатрияда:

2-5 жас: ½ ампуладан аптасына 1-ден 3 ретке дейін.

6-11 жас: ⅔ ампуладан аптасына 1-ден 3 ретке дейін.

Жедел жай-күйдегі бастапқы дозасы:

Ересектерге (және 12 жастан үлкен балалар):

1 ампуладан күн сайын, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.

Педиатрияда:

2-5 жас: ½ ампуладан күн сайын, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.

6-11 жас: ⅔ ампуладан күн сайын, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.

Емдеу ұзақтығы 

Емдеу курсы - 2-5 апта.

Енгізу тәсілі:

Лимфомиозот Н, инъекцияға арналған ерітінді, тері астына, бұлшықет ішіне, артерия ішіне немесе вена ішіне енгізілуі мүмкін.

 

Шыны ампуланы ашу бойынша нұсқау:

 

 

 

Ампуланы ашу үшін оны кесудің керегі жоқ.

Ампуланы нүкте түріндегі таңбасын жоғары қаратып, көлбей қисайтып ұстаңыз, сілкіңіз немесе оны сұйықтық төменгі бөлігіне түскенше шертіңіз. Ампуланың ұшын таңбасына қарама-қарсы жаққа басу жолымен сындырыңыз.

 

Жағымсыз әсерлері

Препараттың бір немесе одан көп ингредиенттеріне аллергия жағдайлары белгілі (аса жоғары сезімталдық).

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препараттың бір немесе одан көп ингредиенттеріне аллергия жағдайлары белгілі (аса жоғары сезімталдық).

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің бір де бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтумен байланысы күтілмейді.

 

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдары сақталса немесе нашарласа, сіз дәрігермен немесе маман медициналық қызметкермен кеңесуіңіз керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілікте және бала емізгенде препарат құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың уыттылығы зерттелмеген. Жүктілікте және бала емізу кезеңінде қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

 

Артық дозалануы

Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтумен байланысы күтілмейді.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы  

1.1 мл түссіз шыны ампулаларда.

ПВХ-дан жасалған тұғырда 5 ампуладан және медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 

 

Сақтау шарттары

    Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші/Қаптаушы 

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

 

Қазақстан Республикасы аумағындағы: тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«AEM Services» ЖШС

050040, ҚР, Алматы, әл-Фараби даңғ., 75А үй, 102-103 кеңсе

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83

 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.