Импаза

Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары

«Импаза» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 4632 ₸ (қалыпты баға: 5790 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.

Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.

Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.

Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.

Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс беруге болады: 35 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).

Ең аз тапсырыс сомасы:

  • жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
  • заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸

* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Өнім мәліметтері
ӨндірушіМатериа Медикал
Өндіруші еліРесей
Форматаблетки
Саны20
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Простата-спецификалық антигенге антиденелер, аффинділігі тазартылған, негізгі300 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 5790 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйіҚол жетімді
Тапсырыс бағасы 3929 ₸  1861 ₸
Мерзімнің өту күні 22.04.2025

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

201 _ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық

ИМПАЗА

 

Саудалық атауы 

ИМПАЗА

   

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар 

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында   

белсенді зат: Аффиннді тазартылған эндотелиальді NO синтазаға антиденелер  - 0,003 г*.

қосымша заттар: лактоза моногидраты,  микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.

* лактоза моногидратына құрамында әсер етуші заттың белсенді түрі  10-15 нг/г артық емес сулы-спирт түріндегі қоспа жағылады.

 

Сипаттамасы

Сызығы және ойығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар жалпақ бетінде MATERIA MEDICA жазуы бар, екінші жалпақ бетіне IMPAZA жазуы жазылған.

 

Фармакотерапиялық тобы

Эрекция бұзылуын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды G04BE

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат  құрамында белсенді ингредиенттер дозасы шамадан тыс аз болғандықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Эндотелиалдық  NO синтаза белсенділігін жоғарылатады, сексуалдықты стимуляциялауда эндотелийдің азот оксидін (NO) өндіруін қалпына келтіреді, тегіс бұлшықеттерде циклдық гуанозин-монофосфаты құрамын (цГМФ) арттырады және олардың босаңсуына ықпал етеді, бұл кеуекті денелердің  қанға толуын арттыруға алып келеді, күші және ұзақтығы бойынша жеткілікті эрекцияны қамтамасыз етеді.

Препарат либидоны (жыныстық елігу) және жыныстық актімен қанағаттануды жоғарылатады.

Препаратты ұдайы қабылдау сарысудағы тестостерон құрамының артуына ықпал етеді (бастапқы деңгейі орташа төмендегенде).

 

Қолданылуы

Шығу тегі әртүрлі эрекция (эректильді дисфункция) бұзылуында. Еркектердегі климактериялық кезеңдегі вегетативтік бұзылыстарда (әлсіздік, қажығыштық, дене күші белсенділігінің төмендеуі, либидо төмендеуі және т.б.).

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір рет қабылдауға - 1 таблетка (толық ерігенше ауызда ұстап тұру – тамақ ішу кезінде емес). 

Ұдайы қабылдау. Жыныстық  потенцияны (жыныстық актіге қабілеті) тұрақтандыру үшін ұзақтығы 12 аптадан кем емес емдік-профилактикалық курсұсынылады. Эректильді дисфункцияның айқындығына қарай қабылдау жиілігі ауытқуы мүмкін: күн ара 1 таблеткадан бастап бір таблеткадан күнде екі рет қабылдауға дейін, дұрысы кешкі уақытта.

Қажет болғанда курстық емді 3-6 айдан кейін қайталауға болады. 

Кезеңмен қабылдау. Эрекцияны эпизодтық стимуляциялау үшін препаратты жыныстық акті алдында 1-2 сағат бұрын 2 таблетка қабылданады.

 

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компонентіне жеке жоғары сезімталдық.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Импазаны жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда (I-II функционалды класты жүктемелік стенокардия) нитраттар қабылдау аясында қолданылуы мүмкін, сондай-ақ бета-адреноблокаторлармен, диуретиктермен, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен, кальций антагонистерімен қоса қолданылуы мүмкін.

 

 

Айрықша нұсқаулар         

Препарат құрамына лактоза моногидраты кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе  галактоза  мальабсорбция синдромы, болмаса туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар емделушілерге тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік және қауіптілігі зор  механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. 

 

Артық дозалануы

Симптомдары – Кездейсоқ артық дозаланғанда дәрілік түрінің құрамына кіретін толтырғыштарға байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.

Емі – симптоматикалық терапия  
 

Шығарылу түрі және қаптамасы  

Соруға арналған таблеткалар. 

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 20 таблеткадан.  

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

 

 

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ,  Ресей, 127473, Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа к-сі., д.9. Тел./факс: (495) 684-43-33.

 

Тіркеу куәлігінің иесі 

 «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей.

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы 
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі 
Алматы қ., Жібек жолы к-сі 64, 206 кеңсе.
Тел./факс: 2734713
E-mail: materiamedica.kz@mail.ru    
  

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.