Нигепан

Өнім мәліметтері
ӨндірушіНижфарм
Өндіруші еліРесей
Формасуппозиторий
Саны10
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Гепарин натрийі, негізгі8.3 мг
Анестезин, негізгі50 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Саудалық атауы

НигепанÒ

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

 

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: натрий гепарині                       1000 ХБ (8,3 мг)

 анестезин (бензокаин)             50 мг,

қосымша заттар: тазартылған су, қатты май (Витепсол H-15, W-35 маркасы, Суппосир NA 15, NAS 50 маркасы), дистилляцияланған моноглицеридтер (Палсгаард 0093).

 

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі суппозиторийлер 

 

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар. Көктамырдың варикозды кеңею синдромын емдеу. Құрамында гепарині бар жергілікті қолдануға арналған препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген гепарин.

АТХ коды С05ВА53

 

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Тромбозға қарсы, қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсері бар біріктірілген препарат. Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, жергілікті қолданған кезде тромбтардың түзілуіне кедергі жасайды және пайда болған тромбтың өсуін тоқтатады, қабынуға қарсы әсері бар. Бензокаин жергілікті ауыруды басатын әсер береді.

 

Қолданылуы

-   сыртқы және ішкі геморроидальді түйіндер тромбозында

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді. Суппозиторийді ішек өздігінен босағаннан кейін немесе тазарту клизмасынан кейін тік ішекке енгізеді. 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет қолданады. Емдеу курсы – 10-14 күнді құрайды.

 

Жағымсыз әсерлері

-   аллергиялық реакциялар

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-   препарат компоненттеріне жекелей аса жоғары сезімталдық

-   жүктілік және лактация

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған

 

Айрықша нұсқаулар 

Балаларға талапқа сай бақыланатын зерттеулердің жүргізілмеуіне байланысты препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.   

Ішке кездейсоқ қабылдап қойғанда, дереу білікті жәрдем көмегіне жүгіну керек.

Тік ішектен қан аралас бөлінулер көп болғанда немесе ауыру симптомдары 7-10 күннен артық сақталған кезде, қосымша проктологпен кеңесу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Байқалмаған. Дұрыс қолданғанда артық дозалануы мүмкін емес.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған, поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.