Прополис

Прополис

Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары

«Прополис» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 2152 ₸ (қалыпты баға: 2690 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.

Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.

Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.

Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.

Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс беруге болады: 232 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).

Ең аз тапсырыс сомасы:

  • жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
  • заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸

* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Өнім мәліметтері
ӨндірушіКызыл май
Өндіруші еліҚазақстан
Формасуппозиторий
Саны10
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Прополис, негізгі0.05 гр
Полифитті май "Кызыл Май", негізгі0.5 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2690 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйіҚол жетімді
Тапсырыс бағасы 2029 ₸  661 ₸
Мерзімнің өту күні 22.04.2025

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

«Қызыл май прополиспен»®

 

Саудалық атауы

«Қызыл май прополиспен»®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ 

 

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

 

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: прополис 0.05 г, «Қызыл май» полифитті майы 0.5 г.

қосымша заттарсары балауыз, какао майы.                                                                                                  

                                                                        

Сипаттамасы 

Аздаған прополис иісі бар, крем тәрізді-қоңырдан қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтаған кезде бөлме температурасында жоғалып кететін балауыз кристалдары пайда болуы мүмкін.

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антиcептиктер мен микробқа қарсы препараттар.

АТХ коды G01АX

 

Фармакологиялық қасиеттері

«Қызыл май» полифитті майы қабынуға қарсы, регенерациялайтын, сергітетін, спазмолитикалық, антиоксиданттық, уыттануға қарсы, жараны жазатын қасиеттерге ие, жеңіл іш жібітетін әсер береді. 

Прополис зарарсыздандыратын, зеңге қарсы, қышынуға қарсы, қабынуға қарсы және репарациялық қасиеттерге ие.

«Қызыл май прополиспен» суппозиторийлері қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, сондай-ақ, ауыруды басатын, қышынуға қарсы және иммунитетті көтермелейтін қасиеттерге ие.

 

Қолданылуы

-           кольпитте, цервицитте, эрозияда

-           проктитте, колитте, геморройда

-           циститте, простатитте

 

Қолдану тәсілі мен дозалары

1 суппозиторийден күніне 1-2 рет 10-15 күн бойы  ректальді (немесе қынапқа) енгізеді

            

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгіленген жоқ

 

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Зерттелген жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүкті және бала емізетін аналарға емдік дозаларда пайдалануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері   

Әсер етпейді

 

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 немесе 10 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді қаптаманы қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

 

Сақтау шарттары

10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ.,  Ипподром к-сі, 6

 

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

 

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім  сапасы жөніндегі  шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс  382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com  

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.