Гепаринді жақпа

Гепаринді жақпа

Өнім мәліметтері
ӨндірушіАлтайвитамины
Өндіруші еліРесей
Формамазь
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Гепарин натрийі, негізгі0.014 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 610 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай   

 

Құрамы

25г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар:           натрий гепарині                       – 0,014г

                                       бензокаин (анестезин)              – 1,00 г

                                       бензилникотинат                      – 0,020 г,

қосымша заттар:  глицерол  (дистилденген глицерин),  вазелин,  стеарин, жүгері майы, № 1 эмульгатор, метилпарабена, пропилпарабен,  тазартылған су. 

 

Сипаттамасы

Сарғыш реңді ақ түсті жақпамай   

 

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған, құрамында гепарин бар препараттар.   Басқа препараттармен біріктірілген гепарин.  

АТЖ коды    С05ВА53

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Іс жүзінде сіңбейді және жүйелік  қан ағысына түспейді.  

Фармакодинамикасы

Гепарин жақпамайы теріге жаққан кезде қабынуға қарсы әсер етеді, бұрыннан бар тромбтың таралуына мүмкіндік жасайды және жаңа тромбтардың пайда болуына кедергі  жасайды және ауырсынуды сездірмейтін жергілікті әсері бар.  

 

Қолданылуы

-     аяқ-қолдардың тромбофлебитінде (көбіне беткейлік)

-     геморроидальді көктамырлардың тромбозында

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Гепарин жақпамайы – сыртқа қолдануға арналған препарат.  Аяқ-қолдардың тромбофлебитінде   гепарин жақпамайын (диаметрі 3—5 см жерге 0,5—1 г есе есебінен) зақымданған жерге жұқалап етіп жағып, жақпамаймен  теріні  абайлап сылап-сипалайды. Геморроидальді көктамырлардың тромбозында жақпамайды бөз немесе кенеп төсемге салады да, оны қыстырып алған түйіндерге жағып, таңғышпен бекітеді.  Осы мақсатпен артқы өтіске енгізілетін гепарин жақпамайы сіңірілген тампонды да пайдалануға болады.  Жақпамайды қабыну құбылыстары қайтқанша, орта есеппен 3 күннен 7 күнге дейін күн сайын 2-3 рет қолданады.

 

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті қолданған кезде аллергиялық реакциялар: қышу, есекжем, дерматит болуы мүмкін.

Препаратты тиісті дозаларда қолданғанда уытты әсерлер байқалған жоқ.  

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдықта    

-  тромбофлебит аймағындағы ойық жаралы-некроздық үдерістерде

- қанның ұйығыштығы төмен болғанда  

- с осторожностью применяют наружно при кровотечениях и состояниях повышенной кровоточивости, нарушении процессов свертывания крови, тромбоцитопении.

 

Айрықша нұсқаулар

Ашық жараларға, шырышты қабықтарға жақпайды, іріңді үдерістер болған кезде қолданбайды.  

Жүктілік және лактация кезеңі

Тек қатаң көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін.   

Педиатрияда қолданылуы

Қолдану жөніндегі көрсетілімдер бойынша педиатрияда қолдануға болмайды.  

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері  

Ықпалын тигізбейді.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гепариннің ұюға қарсы әсері  антикоагулянттарды, антиагреганттарды және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді бір мезгілде қолданған кезде күшейеді. Тироксин, тетрациклин, антигистаминдік дәрілер және никотин гепариннің әсерін азайтады.

 

Артық дозаланғанда

Байқалған жоқ.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г жақпамай  алюминий сықпаға медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.   

 

Сақтау шарттары

Құрғақ, салқын, жарықтан қорғалған жерде, 12-15°С температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.  

 

Босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей, 

659325 , Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, 

Заводская к-сі , 69 тел. (3854) 326-943, 

факс: (3854) 245-058.

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы.   

 «Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы:  659325, Россия, Алтай өлкесі,   Бийск қ-сы,  Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-943, факс:  (3854) 327-640, 327-153

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.