Систейн Ультра

Систейн Ультра

Өнім мәліметтері
ӨндірушіНовартис Novartis Pharma S.p.A.
Өндіруші еліИталия
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Гиалурон қышқылы, негізгі0.15 %
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Фармация комитеті

Төрағасының 

 

 

 

Медициналық мақсаттағы бұйымды 

медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулық

 

Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы: СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС, көзге тамызатын дәрі-любрикант, құтыда 10мл. 

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы: СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС,  көзге тамызатын дәрі-любрикант – ол құрамында 0.15% натрий гиалуронаты, полиэтиленгликоль 400,  пропиленгликоль, гидроксипропилгуар, сорбитол, аминометилпропанол, бор қышқылы, бор қышқылды натрий, этилендиаминтетрасірке қышқылының екі натрийлі тұзы, натрий цитраты, калий хлориді, натрий хлориді, 0.001% ПОЛИКВАД* (полидроний хлориді), хлорлы сутегі қышқылы немесе  натрий гидрототығы (рН-ты реттеу үшін) және тазартылған су бар стерильді ерітінді.

СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС,  көзге тамызатын дәрі-любрикант  екі полимердің  - гидроксипропилгуардың және  гиалурон қышқылының қоспасы болып табылады. 

Гиалурон қышқылы – адам организмінде болатын табиғи қосылыс; ол ылғалдағыш агент ретінде әсер етеді және жасушалық пролиферацияға ықпал етеді. Гиалурон қышқылының көз жасы үлбіріне ұқсас және су молекулаларын байланыстыру қабілеті бар вискосозылғыш қасиеттері  көз беткейінің зақымданған жасушаларын қалпына келтіруге жағдай жасайды.

Гидроксипропилгуар – көз беткейінде гель тәрізді сұйық «полимерді» түзетін және  жасушалардың қорғанысын қамтамасыз ететін жоғары молекулалы полимер.

СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС,  көзге тамызатын дәрі-любрикантының құрамына кіретін   гиалурон қышқылының және гидроксипропилгуардың қоспасы бір ғана гиалурон қышқылымен салыстырғанда жоғары ылғалдылық пен майлануын қамтамасыз ете отырып көз беткейінің зақымданған жасушаларына бекітіледі.

 

Өндіруші ұйымның атауы және (немесе) тауарлық белгісі: 

Alcon®

 

Қолданылу саласы: 

СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС,  көзге тамызатын дәрі-любриканты – «құрғақ» көз синдромын  емдеуге арналған, көз шырышты қабықтарының құрғақтығы, шаң, түтін, ультракүлгін сәулелер,  құрғақ ыстық  (радиатор, сауна), кондиционер, жел, косметика, ұзақ жұмыс істеген теледидар немесе компьютер мониторы туындатқан күйдіру мен тітіркену сезімін уақытша тоқтатады. СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС,  көзге тамызатын дәрі-любрикантын бір күндік пайдалануға, ұзақ пайдалануға арналған жанаспалы линзаларды және бір реттік силиконды, гидрогельді (гидрофильді) жанаспалы линзаларды ылғалдандыру үшін пайдалануға болады.  

 

Қолдану тәсілі: 

Қолданудың алдында құтыны жақсылап сілкіңіз!

СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС,  көзге тамызатын дәрі-любрикантын «құрғақ» көз синдромын жеңілдету үшін қажетіне қарай бір күн ішінде пайдалануға болады. Әр көзге бір немесе екі тамшыдан тамызыңыз және бірнеше рет көзді жыпылықтатыңыз. Жанаспалы линзаларды тағып жүргенде орташа тітіркену, жайсыздық немесе күңгірттену пайда болғанда 1-2  тамшы тамызыңыз және 2-3 рет көзіңізді жыпылықтатыңыз. 

Әдеттенуді туындатпайды.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС,  көзге тамызатын дәрі-любриканты компонентінің кез-келгеніне алергиялық реакция болғанда бұл өнімді пайдаланбау керек. Ескертулер:

Препаратты сіздің емдеуші дәрігеріңіздің және салынған нұсқаулықтың нұсқауларын  дәл ұстана отырып тағайындалуы бойынша пайдаланыңыз. Егер препаратты қолдану кезінде сіз көздегі тұрақты жайсыздықты, көрудің өзгеруін, шымадан тыс көз жасы ағуын немесе көздің қызаруын бастан өткеретін болсаңыз өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге көрініңіз. СИСТЕЙН* УЛЬТРА ПЛЮС,  көзге тамызатын дәрі-любриканты  өнімін жанаспалы линзаларды тазарту және дезинфекциялау үшін пайдалануға болмайды. Егер препараттың қолданудан кейін көру айқын емес болса, рөлге отырмас немесе жабдықты пайдаланбас бұрын көру қалпына келгенше күте тұру ұсынылады.

Сақтандырулар:

Тек офтальмологиялық қолдануға арналған.

Ерітіндінің ластануын болғызбау үшін тамшылатқыштың ұшын ешбір беткейге тигізбеңіз. 

Егер ол түссіз немесе күңгірт болса, өнімді пайдалануға тыйым салынады.

Препарат пайдаланылмаған кезеңде контейнердің қақпақшасы тығыз жабылуы тиіс. 

Егер қаптамасы ашылса немесе зақымданса ерітіндіні пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары: 300 С-ден аспайтын температурада. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі: 24 ай.        

Құтысы бірінші ашылғаннан кейін ерітіндіні 3 айдан асырмай пайдаланбау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

Өндіруші ұйымның атауы, заңды мекенжайы:  

Alcon Cusi, S.A., El Masnou, Барселона, Испания.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қадағалануына жауапты ұйымның мекенжайы   

«Алкон Фармасьютикалс, Лтд.» өкілдігі

050051  Алматы қ-сы, Луганский к-сі, 96

Тел.: +7 727 258 16 58

Электронды пошта: phv.hotline@alcon.com

 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.