Софтдропс

Софтдропс

Өнім мәліметтері
ӨндірушіАджанта
Өндіруші еліҮндістан
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Глицерин, негізгі5 мг
Натрия карбоксиметилцеллюлоза, негізгі5 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

 

Софтдропс

 

Саудалық атауы 

Софтдропс

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі, 10 мл

 

      Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар - 5.00 мг глицерин, 5.00 мг натрий карбоксиметилцеллюлозасы,

қосымша заттар: N-ацетил карнозин, А дәрумені, a-токоферил ацетат рацематы, полиоксил 35 майсана майы, бор қышқылы, натрий пербораты, натрий бораты, натрий цитраты, калий хлориді, магний хлориді, кальций хлориді, натрий хлориді (инъекцияға арналған), хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді, тұрақтандырылған оксихлорлы кешені, инъекцияға арналған су

 

Сипаттамасы

Көрінетін  қосылыстарсыз, түссізден ашық сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.   

 

Фармакотерапиялық тобы 

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Жасанды көз жасы және басқа  индифферентті препараттар. 

АТХ коды  S01XA20

 

Фармакологиялық қасиеттері

Софтдропс препаратының компоненттері кератопротекторлық әсер көрсетеді – көзді кеуіп кету мен тітіркенуден сақтандырады. Осы препараттың белсенді заттары инстилляциядан кейін көз жасы үлбірінің беткейлік тартылуын азайтып, оның зақымдану ықтималдығын төмендетеді. Софтдропс көзге тамызатын дәрісі көздің құрғауын, шаршауын азайтады, сыртқы факторлар (шаң, түтін, көзге ұзақ уақыт күш түсіру, жанаспалы линзалар тағу) әсерінен болатын қышыну, қызару және ашыту сияқты көздің тітіркену белгілерін жояды. Инстилляциядан соң ылғалдағыш ерітінді көзді кеуіп кетуден қорғап, жұқа керілгіш үлбір түзеді және көз жасы сұйықтығымен бірге қас қаққан сайын біртіндеп жуылады.

Тамшылардың әсері инстилляциядан кейін бірден басталады, жүйелі сіңірілуі байқалмайды.

 

Қолданылуы 

- көздің құрғауы немесе жел мен күннің әсері салдарынан ашыту, тітіркену және жайсыздануды уақытша жеңілдетуге арналған, сонымен қатар одан кейінгі тітіркенуге қарсы қорғағыш дәрі ретінде

 

Қолдану тәсілі және дозалау режимі

Ылғалдандыратын Cофтдропс көзге тамызатын дәрісін күніне 1- 4 рет, әр көзге 1 - 2 тамшыдан немесе дәрігердің тағайындауы бойынша тамызады.

Егер емдеу басталған соң 10 күн ішінде әсері, ешқандай оң өзгерістер болмаса, препаратты қолдануды тоқтату керек.

 

Жағымсыз әсерлері

- көздің шаншуы, ашытуы, тітіркенуі немесе қышынуы

- көз жасының көп ағуы

- көзден бөліністер, көздің қызаруы

- көру өткірлігінің төмендеуі, көрудің бұлыңғырлануы, жарыққа сезімталдық және көздің құрғауы

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белгілі белсенді заттарға немесе тізімде көрсетілген кез келген қосымша заттарға  аса жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер  

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқада көзге тамызатын дәрімен бір мезгілде қолдануға болмайды. Бірнеше көзге тамызатын дәрімен қолданған кезде міндетті түрде 5 минут үзіліс жасау қажет.

 

Айырықша нұсқаулар

Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау қажет, оларды препаратты пайдаланудан кейін 20 минут өткен соң тағуға болады. Құтының ұшына қандай да бір заттармен тиіп кетпеу керек, бұл препараттың ластануына әкелуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және бала емізетін әйелдердің қатысуымен көзге тамызатын дәрілерге тиісінше қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген. Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде, егер ықтималды пайдасы зор қауіптен асып түскен жағдайда ғана, қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Егер препаратты қолданудан кейін қысқа мерзімді анық көрмеу туындаса, оның қалпына келуіне дейін көлік құралдарын басқаруға және жоғары зейін қоюды талап ететін қызмет түрлерімен айналысуға кеңес берілмейді.

 

Артық дозалануы

Кездейсоқ артық дозалануы анықталмаған. 

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы 

10 мл препараттан бұралатын пластик қалпақшасы бар тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-құтыға құйылады.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұқаулықпен бірге 1 тамшылатқыш-құты картон  қорапшаға салынған.

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі 

2 жыл

Құты ашылғаннан кейін, қолдану мерзімі 4 аптадан аспауы керек. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

 

Дәріханалардан босатылу шарттары 

Рецепт арқылы    

 

Өндіруші ұйымның/қаптаушының атауы мен елі

Аджанта Фарма Лимитед

Аджанта Хаус, Чаркоп, Кандивли (З), 

Мумбай 400067, Үндістан

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы 

Аджанта Фарма Лимитед, Үндістан 

 

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын  ұйымның атауы, мекенжайы: 

Қазақстан Республикасындағы Аджанта Фарма Лимитед филиалы, 

Қазақстан Республикасы, 050061,

Алматы қ., Төле би к-сі 277, 501-504 кеңсе

Тел/факс: 8 (727) 225-04-94, 225-04-99;

 

 

Қазақстан Республикасының аумағында  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігіне жауапты ұйымның атауы және мекенжайы 

ConsultAsia  ЖШС

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 165 Б, 307 кеңсе

тел: +77778051116/+77051708825/+77051708876 (24-сағаттық қол жетімділік)

факс: +727-379-42-58

e-mail: pv@consultingasia.kz

           info@consultingasia.kz

 

 

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.