Таурин

Өнім мәліметтері
ӨндірушіДосфарм Dosfarm DF
Өндіруші еліҚазақстан
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Таурин, негізгі0.04 гр
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 513 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 5 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Таурин

 

Дәрілік түрі 

Көзге тамызатын дәрі 4 % 5 мл, 10 мл 

 

Құрамы

1 мл препараттың құрамында 

белсенді зат – таурин 0,04 г,                         

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су.       

                        

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық.

 

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. 

АТХ коды  S01XA

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде таурин көз сұйықтығына енеді, сол жерде өзінің спецификалық әсерін көрсетеді. Емдік дозада қолданған кезде препарат іс жүзінде жүйелі қан ағысына сіңбейді.  

Фармакодинамикасы

Таурин-DF көз торқабығының дистрофиялық  сипаттағы ауруларында, көз тіндерінің жарақаттық зақымдануларын, осы тіндер метаболизмінің күрт бұзылуымен қатар жүретін патологиялық үдерістерін,  репарациялық және регенерациялық үрдістерін көтермелейтін аминқышқылдар препараттарына жатады.

 

Қолданылуы

- мөлдір қабықтың жарақатында және дистрофиясында 

- катарактада (қарттық, диабеттік, жарақаттық және сәулелік)

 

Қолдану тәсілі және дозалары 

Препаратты ересектерге тағайындайды.

Препарат бар құтыны тура қолданар алдында оны дене температурасына дейін жылыту үшін алақанда ұстай тұрған дұрыс. 

Катаракта кезінде Таурин-DF  инстилляция түрінде зақымданған көздің конъюнктивальді қалтасына күн сайын 2-3 тамшыдан тәулігіне 2-4 рет 3 ай бойы тағайындайды. Курсты бір айлық аралықпен қайталау керек.  

Мөлдір қабықтың жарақаттарында және дистрофиялық аурулары кезінде жоғарыда көрсетілген дозада 1 ай бойы қолданылады. 

Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен тығыздап жабу керек 

 

Жағымсыз әсерлері 

Сирек:

- Препаратты қолданғанда препарат компоненттеріне жеке аса жоғары сезімталдықтан туындаған аллергиялық конъюнктивит түрінде аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар:

- көздің қышынуы

- конъюнктива гиперемиясы

- көздің тітіркенуі (көздегі шаншу және ашыту).

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық 

- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі 

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі 

Көзге арналған басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Басқа офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде қолдану  қажет болса олардың қолданылу аралығы 15 минуттан кем болмауы керек.  

Тимололдың көзге тамызатын дәрілерін бір мезгілде қолданғанда көзішілік қысымның үдемелі төмендеуі, сондай-ақ артериялық қысымның үдемелі төмендеуі байқалады.

 

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың құрамында метилпарагидроксибензоат бар, ол  аллергиялық реакциялар (баяу типті бронх түйілуін) туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі 

Жүктілік және лактация кезеңінде Таурин-DF препаратын қолдануға клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан препарат жүкті және бала емізетін аналарға тағайындалмайды.  

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. 

 

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы 

5 мл немесе 10 мл препараттан алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда немесе қақпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.  

 

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі - 28 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары 

Рецептісіз

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.