Тауфон

Өнім мәліметтері
ӨндірушіЛеКос
Өндіруші еліҚазақстан
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Таурин, негізгі40 мл
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 524 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 1 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

ТАУФОН®

 

Саудалық атауы  

Тауфон®

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Таурин

 

Дәрілік түрі

15 мл 4%   көз тамшылары 

 

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 40.0 мг таурин; 

қосымша заттар: бензалконий хлориді, инъекцияға арналған су.

 

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық 

 

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын  емдеуге арналған препараттар 

Көз ауруларын  емдеуге арналған басқа да препараттар 

АТХ коды S01ХА

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда жүйелік сіңуі төмен. 

Организмнің тіндерінде тотығуға ұшырамайды дерлік. Бауырда, бұлшықеттерде, жүрек, жүйке, ми тіндерінде, қанда бос күйінде байқалады (қанның пішінді элементтері плазмадағыдан көбірек). Бүйректер арқылы шығарылады.  

Фармакодинамикасы

Таурин организмде цистеиннің айналу үдерісінде пайда болатын, құрамында күкірті бар аминқышқылы болып табылады. Дистрофиялық сипаттағы ауруларда және көз тіндері метаболизмінің елеулі бұзылуымен қатарласа жүретін ауруларда репарация және регенерация үдерістерін стимуляциялайды.     

Жасушалық жарғақшалар қызметінің қалыпқа келуіне, энергетикалық және алмасу үдерістерінің белсенділенуіне, K+ және Ca2+ жиналуы есебінен цитоплазманың электролиттік құрамының сақталуына, жүйке импульстарының өту жағдайларының жақсаруына мүмкіндік береді. 

 

Қолданылуы

- көздің торқабығының дистрофиялық зақымында  

- мөлдір қабықтың дистрофиясында және жарақатында

- катарактада (кәрілік, диабеттік, жарақаттық және сәулелік) 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Катаракта кезінде Тауфонды®  инстилляция түрінде 3 ай бойы күнделікті күніне  2-4 рет әрбір көзге 2-3 тамшыдан тағайындайды. Емдеу курсын айлық аралықпен қайталайды. Жарақаттарда 1 ай бойы осындай дозаларда қабылдайды.  

 

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

-  18 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ашық бұрышты глаукоманы емдеу үшін β-бөгегіштермен біріктіріп пайдаланғанда препараттың тиімді болғаны жөнінде деректер бар.  

Әсерін  күшейтуге ағынын жеңілдету коэффициентін арттыру және сулы ылғал өнімін төмендету есебінен қол жеткізіледі.  

Басқа офтальмологиялық дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қажет болғанда таурин мен басқа препараттар арасындағы аралық кем дегенде 10-15 минутты құрауы тиіс.

 

Айрықша нұсқаулар

Құтының тұтастығы бүлінгенде, сондай-ақ ерітінді лайланған жағдайда препаратты пайдаланбаған жөн.   

Тамызған кезде күйдіріп ауырмайды.  

Препараттың құрамында болатын бензалконий хлориді консерванты көзге жанаспалы линза кигенде тітіркендіретін әсер беруі мүмкін, сондықтан дәріні көзге тамызар алдында кез келген жанаспалы линзаны алып қойған және оны кем дегенде 15 минуттан соң киген жөн.

Тамызғыш-құтының ұшы басқа да заттармен және беткейлермен жанаспау керек. Тамызып болғаннан кейін тамызғыш-құтыны қалпақшасымен нығыздап жабу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі 

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолданылуы жөнінде жеткілікті тәжірибе жоқ.  Егер күтілетін емдік әсері ұрық пен нәресте үшін жағымсыз әсердің пайда болу қаупінен басым болса, Тауфон® емдеуші дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін. 

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.  

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері 

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.  

 

Артық дозалануы

Артық дозалауы жөнінде деректер жоқ.  

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғаш ашылуы бақыланатын, бұралатын  қақпақпен нығыздап жабылған, полиэтилен тамызғыш-құтыда 15 мл-ден. 

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тіліндегі  нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

  

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2.5 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.  

 

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы 

050000, Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы 

050000, Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 114-13

 

 

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы  

050000, Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

e-mail: lecos1@mail.ru

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.