- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Траватан
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Көздер
- Траватан
Траватан
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Алкон-Коуврер Alcon-Couvreur |
---|---|
Өндіруші елі | АҚШ |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Травопрост, негізгі | 0.04 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік затты қолдану жөніндегі
тұтынушыларга арналған нұсқаулық
(аннотация-қосымша бет)
ТРАВАТАН®
(Травопрост 40 мкг/мл)
рН 6,0 және осмолярлығы 290 мОсмоль/кг травопрост стерильді офтальмологиялық буферлік су ерітіндісі.
Әсер етуші зат: травопрост
Консерванты: бензалконий хлориді.
Белсенді емес ингредиенттер: гидрогенизирленген майсана майы, трометамол, динатрий эдетаты, бор қышқылы, маннитол, натрий гидрототығы және/немесе тұз қышқылы (рН реттеу үшін) және тазартылған су.
ҚОЛДАНУ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
ТРАВАТАН® 40 мкг/мл көз тамшылары глаукоманың ашық бұрышты түрі немесе көз гипертензиясы бар емделушілерге көз іші қысымын азайту үшін қолданылады.
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
Травопростқа немесе препараттың басқа ингредиенттеріне асқын сезімталдық.
ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ
ТРАВАТАН® көз тамшыларын қолданғанда байқалатын едәуір жиі (35-50%) жағымсыз әсері - көз гиперемиясы, бұл 95% жағдайларда әлсіз қарқындылықта болады және уақыт өте келе емдеу жүргізілместен жоғалып кетеді. Жағдайлардың 5-10% - көру өткірлігінің азаюы, көздегі жайсыздық, бөгде денені сезіну, ауырсынғыштық пен қышыма байқалды. 1-4% жағдайда: визуальдық көрудің өзгеруі (бейненің бұлдырауы, жарқыл), көздің құрғақтығы, жасаурау, көз бұршағы түсінің өзгеруі, жарықтан жасқану, қабақ шетінің сынуы, фотофобия, субконъюнктивальдық қан кету, коньюнктивит, блефарит, кератит, катаракта байқалуы мүмкін.
1-5% жағдайларда байқалған басқа жағымсыз әсерлері: суық тию синдромы, тынышсыздық немесе жабығу, асқазан-ішек бұзылуы, бас ауыруы, артрит, арқаның немесе кеденің ауыруы, бронхит, синусит, асқын холестеринемия, гипертония немесе гипотония, брадикардия, стенокардия, простата функциясының бұзылуы, несеп ұстамауы және несеп шығару жолдарының тітіркенуі.
БАСҚА ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
ТРАВАТАНДЫ® көз іші қысымын азайту үшін басқа да жергілікті офтальмологиялық препараттармен бірге қолдануға болады. Бірнеше препаратты қолданғанда, оларды тамызудың аралығында кемінде 5 минут уақыт сақтау қажет.
ТРАВАТАННЫҢ® құрамындағы бензалкониум хлориді жанаспалы линзаларға сіңірілуі мүмкін болғандықтан, оларды ерітіндіні қолданғанға дейін алып қою керек. Линзаларды тамызғаннан кейін 15 минут өткен соң қоюға болады.
МӨЛШЕРЛЕУ МЕН ТАҒАЙЫНДАЛУЫ
Ұсынылатын мөлшер - күніне бір рет кешке зақымданған көзге бір тамшы. ТРАВАТАНДЫ® күніне 1 тамшыдан асырып қолдануға болмайды, өйткені барынша жиі тағайындау көз іші қысымын төмендететін әсерді азайтуы мүмкін.
Тамызғаннан кейін шамамен 2 сағат өткен соң көз іші қысымының азаюы басталады және ең жоғары әсеріне 12 сағат өткен соң қол жеткізіліп, ол 24 сағат ішінде сақталады.
АРТЫҚ МӨЛШЕРЛЕУ
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде (мөлшерлер адамға арналып ұсынылған бір реттік мөлшерден 250 000 есе асып түсті) уытты әсерлері анықталған жоқ.
АРТЫҚ МӨЛШЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ШАРАЛАР
ТРАВАТАННЫҢ® артық мөлшерленуінде емдеу симптоматикалық болуы қажет.
ЕСКЕРТУЛЕР МЕН САҚТАНДЫРУЛАР
Жалпы
Ұзақ қолданғанда ТРАВАТАН® бірнеше ай мен жылдың ішінде көз бұршағының түсін біртіндеп өзгертеді, сондай-ақ кірпіктер санын ұлғайтады. Сонымен бірге қабақ терісінің қараюы байқалады.
Көз ішінің белсенді өршіген қабынуы (ирит/увеит) қабынуы, афакиясы және жалған афакиясы бар, сондай-ақ көз бұршағының артқы капсуласы сақталмаған, сары дақтың ісіну қаупінің белгілі факторлары бар емделушілерге ТРАВАТАН® сақтықпен тағайындалуға тиіс.
Көзге немесе қоршаған тіндерге сауыт-тамшылатқыштың ұшын тигізуге болмайды, өйткені бұл тамшылатқышқа патогендік бактериялардың жұғуын туғызуы мүмкін.
Жүктілік: тератогенді әсерлері
ТРАВАТАН® жүктіліктің сақталуына кедергі жасауы мүмкін және сондықтан ол жүктілікте және жүктілікті жоспарлағанда қолданылмауы қажет.
Бала емізетін аналар
Көптеген дәрі-дәрмектер сүтпен бөлінетіндіктен, ТРАВАТАНДЫ® бала емізетін аналарға сақтықпен тағайындау керек.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Гериатрияда қолданылуы
Препаратты орта жастағы және егде емделушілерге қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігінде ешқандай айырмашылық байқалған жоқ.
ШЫҒАРЫЛУ НЫСАНЫ
Бекітілген фольга пакеттің ішінде сыйымдылығы 2,5 мл сопақша сауыттарда, тамшылатқыш-мөлшерлегішімен.
ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ
3 жыл.
Сауыт ашылғаннан кейін 4 аптадан асқанда қолдануға болмайды!
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек!
САҚТАУ
2º-25ºС-ға дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
ДӘРІХАНАЛАРДАН БОСАТЫЛУЫ
Тек дәрігердің рецептісі бойынша ғана.
Өндіруші:
ALCON-COUVREUR
B-2870 Puurs, Belgіum
Қазақстан Республикасындағы өкілдігі:
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 146, 3-қабат
тел: 7 (3272) 50 79 80, 50 84 65
факс: 7 (3272) 50 79 81