- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Пилокарпин
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Көздер
- Пилокарпин
Пилокарпин
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Фармак |
---|---|
Өндіруші елі | Украина |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Пилокарпин, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1313 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитетінің
төрағасының №___129____«_____
________________БЕКІТІЛДІ
«__18___ ___09____ 20 06 ж
Дәрілік затты қолдану жөнінде
тұтынушыларға арналған
нұсқаулық
(аннотация - қосымша бет)
ПИЛОКАРПИН ГИДРОХЛОРИДІ
Саудалық атауы
Пилокарпин гидрохлориді
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пилокарпин
Дәрінің түрі
1% - көз тамшылары
Құрамы
1 мл ерітінді құрамында
белесенді зат- пилокарпин гидрохлориді 0,01г,
қосалқы заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз сұйықтық
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көздің кілегей қабығына тамшылатқанда пилокарпин көз ортасына енеді де арнайы әсерн тигізеді. Терапиялық дозаларда қолданғанда жүйелі қан ағынына сіңбейді. Пилокарпин белсенділігінің төмендеуі оны көз жасы сұйықтығымен кетіру арқылы және жүйке синапстарында болып жатады.
Фармакодинамикасы
Пилокарпин гидрохлориді М-холиномиметикалық дәрі-дәрмектерге жатады. Әсер ету механизмі өзіне тән әсерлер соның ішінде көз ішілік қысымын бір мезгілде төмендететін қарашықтың тарылуы және көз тіндеріндегі трофикалық үдерістерінің жақсартуын туындататын шеткергі М-холинрецепторлардың қозуына негізделген.
Қолданылуы
- глаукоманың жедел ұстамасының жинақталуын басады
- салдарлы глаукома (көз торының орталық көк тамырының тромбозының, көз торының артериялардың жедел өткізбеушілігінің, көру жүйкесінің атрофиясының, көз торының пигментті дегенерациясының, шынытәріздес денеге қан құйылудың нәтижесінде)
- созылмалы ашық бұрышты глаукома
- роговицаның абсцесінде
Препаратты офтальмологиялық тексеруде қарашықты кеңейту үшін қолданылатын атропинді және басқадай холинолитиктерді қолданғаннан кейін мидриатидтік әсерді тоқтату үшін де пайдаланылады.
Жағымсыз әсерлері
- цилиарлы бұлшықеттің түйілуі
- көздің ауыруы
- көрудің қысқа мерзімді бұзылуы
- бас ауыруы
- фолликулярлы конъюктивит
- қабақтың жанаспалы дерматиті (ұзақ мерзімді қолданғанда)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ирит, иридоциклит және көздің басқадай аурулары, оларда миоз болмағаны абзал
- жабықбұрышты глаукома
- көз тінінің жедел қабынатын аурулары
- бронх астмасы
- жүктілік
- лактация
- препараттың компоненттеріне асқын сезімталдық
Айрықша нұсқаулар
Қолданардың алдында препаратты бар құтыны алақанда дене температурасына дейін жылыту керек. Қақпағын бұрап ашады, түсіреді және құтының копусын басу арқылы ерітіндіні көзге тамызады. Тамызып боғаннан кейін қақпақты бұрап жабады да, препаратты нұсқаулықта келтірілген ұсыныстарға сай сақтайды.
Катарактының бастапқы формасы бар науқастарда миотикалық әсер көрудің бұзылуын туындатуы мүмкін. Препаратпен емдеу кезінде көзішілік қысымды тұрақты түрде бақылау керек.
Автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабылетіне әсері
қарашық өте тарылғанда алыстан көрмеу сезімі пайда болады, сондықтан көлік жүргізушілерге кешке және түнде препаратты қабылдауға болмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттестігі
Атропин және басқадай М-холинлитикалық дәрі-дәрмектер пилокарпин гидрохлоридінің антагонистері болып табылады. Басқа парасиматомиметикалық дәрі-дәрмектермен бір мезгілде қолданғанда оның фармакологиялық әсері күшейеді.
Артық мөлшерлегенде
Препаратты артық мөлшерлегенде тұрақты миоз, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы, бастың ауыруы өршиді. Бұл симптомдар пайда болғанда препаратпен емдеуді тоқтатады, тропикамид, атропин және оның басқадай туындысы - антагонист-препараттарды тамызады.
Шығарылу түрі және қапталуы
1пилокарпин гидрохлориді ерітіндісі сыртқа қолданылу үшін тамшылатқыш сықпаларда, полиэтилен сауыттарында шығарылады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған және балалар қол жеткізе алмайтын жерде, +8 +15ºС-дан аспайтын температурада сақтау керек.