Эмопрокс

Эмопрокс

Өнім мәліметтері
ӨндірушіУорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж А.Ш.
Өндіруші еліТүркия
Формараствор
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Метилэтилпиридинол гидрохлориді, негізгі10 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2690 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік препаратты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық  (Қосымша парақ)

 

Саудалық атауы 

Эмопрокс 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Деректер жоқ 

 

Дәрілік түрі, дозасы

Көзге тамызатын дәрі, 1 %, 5 мл

 

Фармакотерапиялық тобы 

Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар.  Көз ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. 

АТХ коды S01XA

 

Қолданылуы 

- мөлдір қабықтың қабынуын және күйіп қалуын емдеу және профилактика

- егде жастағы пациенттерде аққабыққа қан құйылуды емдеу және профилактика

- көздің алдыңғы камерасына қан құйылуды емдеу

- алыстан нашар көрудің асқынуын емдеу

- диабеттік ретинопатия

- торқабықтың  орталық венасының және оның тармақтарының тромбозы

 

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік кезеңі

- бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

 

 

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа дәрілік заттармен араластырмау керек.

Арнайы ескертулер

Жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық препараттармен Эмопрокс препаратын көз инстилляциясының тамшылары түрінде қолдану қажет болған кезде алдыңғы препарат толық сіңірілгеннен кейін соңғы кезекте жүргізеді (15 минуттан ерте емес).

Ерітіндінің микроорганизмдермен ластануының алдын алу мақсатында тамшылатқыш ұштығының қандай да бір беттіктермен жанасуын болдырмау керек.

Қосымша заттар

Препарат құрамында жергілікті тітіркенуді тудыруы мүмкін натрий бензоаты бар.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты әйелдерде жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымына байланысты (әдетте 3-30 күнді құрайды) және дәрігер тағайындайды. Қажет болса және жағымдылығы жақсы болған кезде емдеу курсы 6 айға дейін созылуы мүмкін немесе емдеу курсын  жылына 2-3 рет қайталануы мүмкін.

Енгізу әдісі мен жолы 

Препарат тек офтальмологияда қолдануға арналған.

Конъюнктивалық қалтаға тәулігіне 1-2 тамшыдан 2-3 рет тамызады.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар 

Препараттың артық дозалануы (конъюнктивалық қалтаға тамызған кезде) жағдайлары туралы хабарланбаған.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар  

Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек. 

 

 

 

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Көзде аштуды және қышынуды сезіну, конъюнктиваның қысқа мерзімді гиперемиясы, сирек жағдайларда - жергілікті аллергиялық реакциялар.

Мөлдік қабақтың едәуір зақымдануы бар кейбір пациенттерде құрамында фосфат бар көзге тамызатын дәріні қолданғанда мөлдір қабақтың кальцификациясы жағдайлары туралы өте сирек хабарланған.

Препараттың құрамына кіретін натрий сульфиті сирек жағдайларда ауыр аллергиялық реакциялар мен бронх түйілуді тудыруы мүмкін.

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы 

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 10.00 мг метилэтилпиридинол гидрохлориді,

қосымша заттар: динатрий фосфат додекагидраты, калий дигидрофосфаты, гипромеллоза, натрий бензоаты, сусыз натрий сульфиті, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір немесе  сәл бозаңданатын, түссіз немесе қоңыр-сары түсті ертінді.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан сақтандырғыш сақинасымен жабдықталған, бұралып жабылатын қорғағыш қалпақшасы және тамшылатқыш-тығыны бар пластик құтыға құйылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

 

Сақтау мерзімі

3 жыл 

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Сақтау шарттары 

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 аптадан артық емес.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары 

Рецепт арқылы 

 

Өндіруші туралы мәліметтер

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А. Ш.», Түркия

15 Теммуз Мах., Джами Йолу Джад. № 50, Гюнешли/Багджылар, Стамбул

Телефон: +90 (212) 474 70 50

Факс: +90 (212) 474 09 01

Эл.пошта: info@worldmedicine.com.tr

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД», Тбилиси, Грузия

Бербути көш, 10/ Алмасиани көш., 19-21,  26 кеңсе (II корп.), Тбилиси қ., Грузия

Тел: + 995 32 2 21 28 12

Факс: + 995 32 2 21 28 13

Эл.пошта: worldmedicine.llc.geo@gmail.com

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта) 

«WM Pharma Alliance» ЖШС, Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 222 Б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

Эл.пошта: wm_pharma@mail.ru

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта) 

«RIN Pharm» ЖШС, Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 222Б

Ұялы тел.: +7 701 786 33 98

Эл.пошта: pvpharma@worldmedicine.kz

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.