- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Блефаровит
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Көздер
- Блефаровит
Блефаровит
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Джеомед Илач ве Саглыг Урунлеры |
---|---|
Өндіруші елі | Түркия |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | нәрсе |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Дәрілік шөптер, негізгі | 1 мг |
Декспантенол, негізгі | 1 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Блефаровит
Қабаққа арналған гель
Құрамы:
Су, сұйық парафин, шәй ағашы жапырағының майы (MalaleucaalternifoliaLeafextract), глицерин, полисорбат-80, бисаболол, дәріханалық түймедағы гүлшесінің сығындысы (ChamomillarecutitaFlowerextract), диметикон, тесік шайқурайдың майы (HypericumperforatumOil), феноксиэтанол, полисорбат-20, карбоксиметилгидроксиэтилцеллюлоза, кокос майы (CocosnuciferaOil), сүт қышқылы, пантенол, натрий гиалуронаты, шырғанақ майы (HippophaerhamnoidesOil), триэтаноламин, токоферол (Е дәрумені), каприлил гликоль.
Гель қабақ аумағының, қас пен кірпіктің гигиенасына арналған.
Қасиеттері
Блефаровит гелінің құрамына кіретін токоферол мен шәй ағашы жапырағы майының бірігуі қабақ терісінің жұмсақтығын және созылымдылығын қамтамасыз етеді, ісіну мен жайсыздық белгілерін жоюға көмектеседі. Шәй ағашының майы антисептикалық әрекет етеді, оның ішінде, Demodexfolliculorum кенесіне қарсы. Токоферол тері мен сілемей қабатын қалпына келтіруде маңызды орын алады. Түймедағы микробқа және қабынуға қарсы әрекет етеді, шырғанақ жараға өң бітіруге және қабынуға қарсы әрекет етеді.
Гиалурон қышқылының (натрий гиалуронаты түрінде) суды тартатын және ұстайтын (тұтқыр етіп) қасиеті бар, осылайша, терінің ылғалдануын, серпімділігін қамтамасыз етеді. Эпидермистің бетіне түсіп, ол ылғалдың буланып кетуіне кедергі келтіретін, сонымен қатар, ортаның жойқын факторларынан қорғайтын үлбір түзеді, нәтижесінде, эпидермистің құрылымын жақсарады, теріні қайта қалпына келтіру арқылы жасарту әсеріне қол жеткізіледі.
Блефаровит гелінің құрамына кіретін компоненттердің кешенді әрекетіне сай оны қабақ терісінің, қас пен кірпіктің түрлі жайсыздығында, мысалы, қабыршықтану, құрғақтық, тітітркену жағдайларында, сондай-ақ, қабақтың қабынуы мен қызаруы жағдайында пайдалануға болады.
Блефаровит гелінің көмегімен қабақтың, қас пен кірпіктің табиғи саулығын сақтауға болады.
Сақтандыру шаралары
Гельдің құрамына кіретін майлар аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін; аллергиялық реакция пайда болған жағдайда гельді қолдануды дереу тоқтату қажет.
Құтысының тұтастығы бұзылуына күмән болса, гельді пайдалануға болмайды;
Гель тек сыртқы қолданысқа арналған. Ашық жараға, көздің ішіне немесе сілемей қабатына қолдануға болмайды.
Қолдану тәсілі
Гельдің аздаған мөлшерін таза қабаққа және кірпік жиегіне таңертең және кешке уқалайтын қимылмен, 1-2 минут бойы сіңіре жағу қажет. Гельді қолданғаннан кейін сумен шаюдың қажеті жоқ.
Сақтау шарттары
Қаптамасында, 25ºС-тан аспайтын бөлме температурасында, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
Жарамдылық мерзімі
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Шығарылу түрі
Блефаровит, гель 15 г, қақпағы бар пластик құтыда; қолдану бойынша нұқсаулығымен бірге картон қорпашаға салынады.
Өндіруші
ДжеомедИлачвеСаглыгУрунлери А.С.
Бахчекапы Мах.2548. Сок. Но. 8/1-3 Шашмаз, Этимесгут, Анкара, Түркия.
Сентисс АГ, Устер, Швейцария, бақылауымен және тапсырысы бойынша.
РФ жеткізуші және наразылықтарды қабылдайтын ұйым:
"СентиссРус" ЖШҚ
115432, Мәскеу, Жобаланатын 4062-ші (Проектируемый 4062-й) өтпе жолы, №6 үй, 16 құр., 12 бөлме
Тел.: +7(495)229-7663