- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Катионорм
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Көздер
- Катионорм
Катионорм
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Сантен ОУ |
---|---|
Өндіруші елі | Финляндия |
Форма | раствор |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Гипотониялық офтальмологиялық эмульсия, негізгі | 1 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Медициналық мақсаттағы бұйымды
медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулық
Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы
«Катионорм®» көзге тамызатын дәрі, эмульсия, 10 мл
Бұйымның құрамы мен сипаттамасы.
Катионорм® – бұл құрамында консерванттар жоқ сырт пішіні сүтке ұқсас гипотониялық көз эмульсиясы.
Катионорм® құрамында минералды майлар, глицерин, тилоксапол, полоксамер 188, трис-гидрохлорид, трометамин, цеталконий хлоридінің катионды қосылысы және тазартылған су бар.
Катионорм® бір құтысында 10 мл стерильді эмульсия бар.
Қолданылу саласы.
Офтальмология. Катионорм® көз беткейін ылғалдандырады, майлайды және қорғайды. Шаншу, қышу, ашып ауыруы немесе көзде бөгде дененің болуын сезіну сияқты «көздің құрғауы» симптомдарында қолдану үшін ұсынылады (қабақ астында қоқым немесе құм болуы сезімі). Бұл симптомдар сыртқы факторлардан (желдің әсері; шаң, түтін, ауаның ластануы және кондиционирленуі; ұшақпен ұшу және т.б.) немесе компьютермен ұзақ жұмыс істегенде көздің ширығуынан туындауы мүмкін.
Қолдану тәсілі.
Жергілікті, екі көзге, ұсынылған доза күніне 1-4 рет 1 тамшы.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық:
- Қолыңызды жуыңыз.
- Құтыны бірінші пайдаланғанда қалпақшадан құлағынан тартып қорғағыш сақинаны алып тастаңыз.
- Қалпақшаны абайлап тартып, құтыны ашыңыз.
- Құтының ұшына тимей құтыны үлкен және сұқ саусақ арасына қысыңыз.
- Басты шалқайтыңыз.
- Төменгі қабақты абайлап тартыңыз және жоғары қараңыз.
- Құтыны көздің үстінде ұстап тұрып, абайлап бір тамшыны қабақ пен көз арасында конъюнктивальді қапқа қысып шығарыңыз және бірнеше рет жыпылықтатыңыз.
- Құтының ұшын көзге және кірпікке тигізбеңіз.
- Қолданғаннан кейін құтыны қалпақшамен жабыңыз.
- Инстилляциялар арасындағы аралықтарда құтыны картон қорапшада сақтаңыз.
Катионорм® препаратын құтыны алғаш ашқаннан кейін, сондай-ақ қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін үш айдан артық қолданбаңыз.
Пайдалану кезіндегі сақтық.
Егер сізде препараттың қандай да бір компонентіне аллергия болса Катионорм® препаратын қолданбаңыз.
Препарат көздің басқа ауруларын емдеуге арналмаған. Егер сізде басқа да көз аурулары болса дәрігермен кеңесіңіз.
Егер сіз бір мезгілде басқа да көзге тамызатын дәрі қолданып жүрсеңіз инстилляциялар арасындағы аралық кемінде бес минутты құрауы тиіс.
Катионорм® жанаспалы линзалардың сапасына ықпал етпейді.
Ықтимал жағымсыз әсерлері
Өте сирек жағдайларда қысқа мерзімді жайсыздық туындауы мүмкін, атап айтқанда: көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, көзде бөгде дененің болуын сезіну, көздің қызаруы, көздің шаншып ауыруы, жас ағу, көздің ашып ауыруы, көздің уақытша анық көрмеуі, қабақтың қабынуы немесе қабақтың ісінуі. Бұл симптомдар көзі құрғақ пациенттің көзінің негізгі ауруымен байланысқан көз құрғауы ауруларына тән симптомдардың жартысы болуы мүмкін.
ЕГЕР СІЗ ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТА КӨРСЕТІЛМЕГЕН ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРДІ БАЙҚАСАҢЫЗ БҰЛ ТУРАЛЫ ДӘРІГЕРГЕ НЕМЕСЕ ФАРМАЦЕВТКЕ ХАБАРЛАҢЫЗ.
Сақтау шарттары.
30 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Құтыны картон қорапшада ұстаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Бүлінген құтыны пайдаланбаңыз.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Құтыны алғаш ашқаннан кейін үш айдан артық қолданбаңыз.
Төмен жағына құтыны алғаш ашқан күніңізді жазып қойыңыз:___________
Қолданар алдында осы Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Егер сізге тағы да оқу керек болса Нұсқаулықты сақтап қойыңыз.
Сұрақтар туындаса дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
Егер Сізде симптомдар кетпесе дәрігермен кеңесіңіз.
Жарамдылық мерзімі.
3 жыл.
Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 3 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Стерильді.
Өндіруші:
Сантен, Франция
Laboratoires Pharmaster (ЛАБОРАТУАP ФАРМАСТЕР) зауытында
З.И. де Крафт
67150 Ерштейн
Франция
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы:
Сантен АҚ
Нииттюхаанкату 20
33720 Тампере
Финляндия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Cантен» АҚ Қазақстандағы Өкілдігі
Панфилов к-сі 98, 713 кеңсе, 050000 Алматы, Қазақстан
Телефон нөмірі – 250-39-17
Электронды поштасы: santen.kaz@santen.com
Қаптамадағы символдар түріндегі қосымша ақпарат
Өндіруші
Өндірілген күні
Серия нөмірі
Сақтау шарттары
Жарамдылық мерзімі
Стерильді
Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 3 ай
Тұтыну алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқыңыз
Еуропалық одақтың Директивасына сәйкес