Декарис

Өнім мәліметтері
ӨндірушіГедеон Рихтер
Өндіруші еліГермания
Форматаблетки
Саны1
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецепт арқылы
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Левамизол гидрохлориді, негізгі150 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 1290 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 2 н.
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

 

ДЕКАРИС  

                

Саудалық атауы

Декарис

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левамизол 

 

Дәрілік түрі

150 мг таблеткалар

 

Құрамы 

Бір таблетканың құрамында 

белсенді зат - 177 мг левамизол гидрохлориді (150 мг левамизолға баламалы),

қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, сахароза, тальк, повидон, магний стеараты.

              

Сипаттамасы 

Диаметрі 9.0 мм жуық, ақ дерлік түсті, беті тегіс, бір жағында ойығы мен «DECARIS 150» өрнегі бар дөңгелек таблеткалар. 

 

Фармакотерапиялық тобы

Нематодозды емдеуге арналған препараттар. Имидазотиазол туындылары.

Левамизол.

АТХ коды Р02 СЕ 01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Левамизол 50 мг дозасында ішке қабылданғанда АІЖ жылдам сіңіріледі.  

Қан плазмасындағы орташа ең жоғарғы концентрациясына (0,13 мкг/мл) 1,5-2 сағат ішінде жетеді.

Организмнен жартылай шығарылу кезеңі 3-6 сағатты құрайды. Левамизол бауырда қарқынды метаболизмге ұшырап, негізінен, бүйрекпен (3 күн ішінде 70%-ға жуығы) және азғантай дәрежеде ішек арқылы (5%)шығарылатын метаболиттерін түзеді. Левамизолдың дозасының 5%-дан азы өзгеріссіз күйде несеппен және 0,2%-дан азы нәжіспен шығарылады.

Несепте анықталған негізгі метаболиті - п-гидрокси-левамизол және оның глюкурониді (конъюгат) (дозасының 12%-ы).

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Декарис препаратының әсер етуші заты – левамизол – гельминтке қарсы жылдам әсер ететін дәрі болып табылады. Левамизол жанасқан сәттен бастап бірнеше секунд ішінде нематодалардың ганглий тәрізді түзілімдеріне әсер ете отырып, гельминттер бұлшықеттерін салдандырады. Осылайша, салданған нематодалар организмнен левамизолды қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде ішектің  қалыпты перистальтикасы арқылы шығарылады. Левамизол нематодалардың нейробұлшықет жүйесіне әсер ететіндігі анықталса да, кейбір гельминттерде фумаратредуктаза ферментінің бәсеңдеуі левамизолдың гельминтке қарсы әсеріне де ықпалын тигізеді.

 

  Қолданылуы 

- аскаридозда (Ascaris lumbricoides)

- некаторозда  (Necator americanus)

- анкилостомидозда  (Ancylostoma duodenale).

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Кешкілік, тамақтанудан кейін аздаған су мөлшерімен іше отырып, бір рет қабылдаған дұрыс.

Іш жүргізетін дәрілерді қабылдау және арнайы диета ұстану қажет емес.

Қажет болған жағдайда 7-14 күндік үзілістен соң емдеуді қайталауға болады. 

Ересектерге: бір реттік дозасы 150 мг 1 таблетка.

 

Жағымсыз әсерлері

Жиі ( ≥1/100 - <1/10 дейін)

- іштің ауыруы

Жиі емес - ≥1/1000 - <1/100 дейін

- бас ауыруы

- қышыну

Сирек  (≥1/10000 - <1/1000 дейін)

- дене температурасының жоғарылауы 

Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтердің негізінде анықтау мүмкін емес)

- жүрек айнуы, құсу, іш өтуі

- бөртпе

- энцефалопатия

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің қандай-да біріне жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын галактозаны, лактозаны, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі 

- емделу кезінде және одан кейін, алғашқы 24 сағат ішінде спиртті ішімдіктерді қабылдау

- препарат құрамында левамизол мөлшерінің жоғарылығына байланысты,18 жасқа дейінгі балаларға 

- жүктілік және лактация кезеңі

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Левамизол кумаринтәрізді антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Антикоагулянттардың әсерін мұқияттитрлеу және қадағалауда ұстау қажет.

Декарис қан плазмасындағы фенитоин деңгейін арттыруы мүмкін, сондықтан олар бір мезгілде қолданылғанда қандағы фенитоин деңгейін бақылау қажет. 

Декарис препараты мен альбендазолды бір мезгілде қолданғанда, альбендазол сульфоксидіконцентрациясының қисық астындағы ауданы (AUC) айтарлықтай азаяды.  Декарис пен альбендазолды бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Декарис препараты мен ивермектинді бір мезгілде қолданғанда,  ивермектиннің AUC едәуір артады. Декариспен ивермектинді бір мезгілде қабылдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

 

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен ұзақ уақыт немесе қайталап емделу үдерісінде мезгіл-мезгіл қан талдауын (3 аптада 1 реттен кем емес) жасаған жөн, өйткені левамизолды қайталап қолдану лейкопения сияқты гематологиялық бұзылуларды қоса, аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Осы себепті, ұсынылған дозасын арттырмау керек.  

Декарис препараты мен қан кетуге теріс әсер етуі мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдау сақтықты талап етеді.

Левамизолды қатаң түрде мақсатына қарай қолдану керек, өйткені мақсатынан тыс, кокаинді сұйылтқыш ретінде қолданылғанда некроздаушы васкулит жағдайы байқалған. 

Препаратты қабылдау кезінде және қабылдағаннан кейін, кемінде 24 сағат бойы спирттік ішімдіктерді қолданбау ұсынылады.  Декарис препаратын спирттік ішімдіктермен бір мезгілде қабылдағандадисульфирамтәрізді құбылыстар байқалады. 

Қосымша заттары

Декарис, 150 мг таблеткаларының құрамында лактоза моногидраты мен сахароза бар.

Сирек тұқым қуалайтын галактозаны, лактозаны, фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза-галактозамальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер Декарис,150 мг таблеткалар препаратын қабылдамауы керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Декаристі жүкті әйелдерде қолданбау керек.

Жаңа туған нәрестелерде жағымсыз реакциялар болуы мүмкіндігіне байланысты, анасы үшін препаратты қолданудың қаншалықты қажет екендігіне қарай, бала емізуді тоқтату немесе препаратты қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат қабылдау кезінде жеңіл және қысқа мерзімді бас айналуы болуы мүмкін, сондықтан автокөлік жүргізу және жоғары жарақат алу қаупімен байланысты жұмыстарды атқару кезінде сақтық таныту керек.

 

Артық дозалануы

Жоғары дозаларын (600 мг асатын) қабылдағаннан кейін келесі симптомдар байқалған: жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, бас айналуы, мәңгіру, сананың шатасуы, летаргия, конвульсиялар. 

Ұсынылған дозалары арттырылғанда құрысу жағдайлары білінген.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық, демеуші ем және организмнің тіршілік үшін маңызы бар функцияларына мониторинг жүргізу. Антихолинэстеразалық симптомдар туындаған жағдайда, антидоты ретінде атропинді қолдануды қарастыруға болады. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 таблеткадан поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

 

Сақтау шарттары

15ºС-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

          

Сақтау мерзімі

5 жыл 

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.