- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Декарис
Декарис
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Декарис» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 1152 ₸ (қалыпты баға: 1440 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 44 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Гедеон Рихтер |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | таблетки |
Саны | 2 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецепт арқылы |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Левамизол гидрохлориді, негізгі | 50 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 1440 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 1062 ₸ 378 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
20 жылғы “____” ___
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
ДЕКАРИС
Саудалық атауы
Декарис
Халықаралық патенттелмеген атауы
Левамизол
Дәрілік түрі
50 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 59 мг левамизол гидрохлориді (50 мг левамизолға баламалы),
қосымша заттар: жүгері крахмалы, натрий сахарині, тальк, повидон, сары өрік хош иісі, магний стеараты, күн батар түстес сары (Е 110).
Сипаттамасы
Диаметрі 7.0 мм жуық, сары өріктің жеңіл иісімен, беті тегіс, бір жағында ойығы мен төртке бөлетін сызығы бар боз қызыл-сары түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Нематодозды емдеуге арналған препарат. Имидазотиазол туындылары.
Левамизол.
АТХ коды Р02 СЕ 01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Левамизол асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы қабылдағаннан кейін, орта есеппен, 1,5-2 сағаттан соң айқындалады.
Левамизол бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды, оның негізгі метаболиттері – п-гидрокси-левамизол және оның глюкуронидті туындысы.
Организмнен жартылай шығарылу кезеңі 3-6 сағат құрайды. Өзгермеген күйде енгізілген дозаның 5%-дан азы несеппен, 0,2%-дан азы нәжістермен бөлініп шығады.
Фармакодинамикасы
Декарис құрттарға қарсы препараттарға жатады. Ішек құрттарына қарсы әсер ету механизмі нематод үшін аса маңызды фумараттың қалпына келу реакциясының бөгелісін және ішек құрттарының биоэнергетикалық үдерістері ағымының бұзылуын туғызатын сукцинатдегидрогеназаның спецификалық тежелісіне негізделген. Салданған құрттар препарат қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң әдеттегі ішек перистальтикасының арқасында организмнен шығарылады.
Қолданылуы
- аскаридоз (Ascaris lumbricoides)
- некатороз (Necator americanus)
- анкилостомидоз (Ancylostoma duodenale).
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: 50 мг-ден 3 таблетка (150 мг) кешкілік тамақтанудан кейін аздаған су мөлшерімен іше отырып, бір рет қабылдаған дұрыс.
Іш жүргізетін дәрілер қабылдау және арнайы емдәм ұстану қажет емес.
Қажет болған жағдайда 7-14 күндік үзілістен соң емдеуді қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері
- бас ауыру, ұйқысыздық, бас айналу
- жүректің қатты соғуы
- құрысулар
- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту
- аллергиялық тері реакциялары
Сирек
- емделуден соң 2-5 аптадан кейінгі энцефалопатия
Мүмкін
- үлкен дозаларды ұзақ уақыт қабылдау кезіндегі лейкопения, агронулоцитоз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық
- липофильді дәрілермен, мысалы тетрахлорметанмен, тетрахлорэтиленмен, кеноподий майымен (chenopodium oil), хлороформмен және эфирмен бір мезгілде қабылдау
- емделу кезінде және одан кейін алғашқы 24 сағат ішінде спиртті ішімдіктер қабылдау
- 18 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кумариндік антикоагулянттармен бір мезгілде қабылдаған кезде ішуге арналған антикоагулянт дозасын реттеу қажет болады, өйткені протромбин уақыты ұзаруы мүмкін. Қан түзілуіне әсер ететін дәрілермен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу қажет.
Декарис қан плазмасындағы фенитоин деңгейін арттыра алады, сондықтан олар бір мезгілде қолданылғанда қандағы фенитоин деңгейін бақылау қажет.
Айрықша нұсқаулар
Декариспен емделу үдерісінде әлсін-әлсін қан талдауын (3 аптада 1 реттен кем емес) жасаған жөн.
Көпшілік жағдайларда энцефалопатия қайтымды болады және кортикостероидтық дәрілерді ертерек қолдану жағдайдың жақсаруына алып келеді.
Декарис қабылдаумен себептік байланыстың болуын анықтаудың сәті түскен жоқ.
Педиатрияда қолданылуы
Декарис препараты құрамында “күн батар түстес сары” бояғышының болуына орай 18 жастан кіші емделушілерде қолданылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат қабылдау кезінде жеңіл және қысқа мерзімді бас айналуы мүмкін, сондықтан автокөлік жүргізу және жоғары жарақат алу қаупімен байланысты жұмыстар орындау кезінде сақтық шараларын қадағалау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: үлкен дозаларды (> 600 мг) қабылдағаннан кейінгі жүрек айну, құсу, іш өту, бас айналу, мәңгіру, летаргия, конвульсиялар.
Емі: асқазанды шаю, белгісіне қарай емдеу. Артық дозаланған кезде у қайтарғы ретінде атропин тағайындауға болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
15ºС-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы және елі
Гедеон Рихтер, Румыния А.Қ., Румыния
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
“Гедеон Рихтер” ААҚ, Будапешт, Венгрия
Лицензияның атауы және ұстаушысы
Janssen Pharmaceutica, Бельгия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі
E-mail: info@richter.kz
Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23