- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Тенотен
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Гомеопатия
- Тенотен
Тенотен
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Материа Медикал |
---|---|
Өндіруші елі | Ресей |
Форма | таблетки |
Саны | 40 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Дәрілік шөптер, негізгі | 10 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 2190 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
Тенотен
Саудалық атауы
Тенотен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Гомеопатикалық таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар –ми ақуызына спецификалық қарсы денелер S-100 аффинді тазартылған - С12, С30, С200сұйылтылуындағы гомеопатикалық қоспалар
– 0.003г
қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты
Сиаттамасы
Ақтан ақшыл қоңыр реңді немесе сұр реңді аққа дейінгі жалпақ цилиндрлі сызығы мен ойығы бар таблеткалар. Сызығы бар жалпақ бетінде MATERIA MEDICA деген жазуы бар, екінші жағында TENOTEN деген жазуы бар.
Фармакотерапиялық тобы
Аксиолитиктер және басқалары
АТЖ коды N05BX
Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың анксиолитикалық, жабығуға қарсы, ноотропты, стресс-протекторлы, астенияға қарсы, амнестияға қарсы, гипоксияға қарсы, нейропротекторлы әсері бар. Мидағы синапстық (ақпараттық) және метаболиздік үдерістердің түйісуін жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалды белсенділігін өзгертеді.
ГАМК-миметикалық және нейротрофикалық әсер ете отырып, стресс-шектейтін жүйелердің белсенділігін арттырады. Нейрональді иілгіштік үдерістерінің қалпына келуіне ықпал етеді.
Бұлшықетті босаңсытатаны, холинолитикалық тыныштандырушы әсер туғызбайды. Уыттану, гипоксия жағдайында, ми қан айналымы жедел бұзылғанда нейропротекторлы әсер етеді, зақымдану аймағын шектейді, ОЖЖ үйрену және жады үдерісін қалпына келтіреді.
Липидтердің асқын тотығу үдерісін тежейді.
Қолданылуы
- алаңдау немесе үрей белгілері байқалатын невротикалық және невроз тәрізді бұзылуларда
- астеничялық жай-күйлерде
- эмоционалды ширығыс, озбырлық, вегетативті бұзылулар, қорқыныш, апатия, белсендіктің төмендеуі, қатар жүретін ауруларда
- ОЖЖ-ның органикалық зақымдануларында, ми қан айналымының жедел бұзылуларынан кейінгі жай-күйлерде (инсульттрде)
- энцефалопатияларда
-бас сүйек-ми жарақаттарында
- Паркинсон ауруында
- инттеллектуальды-мнестикалық қызметтің бұзылуы (оның ішінде деменция) қатар жүретін ОЖЖ ауруларында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Бір рет қабылдауға ауызға салып бір, ал ауыржай-күйлерде – екі таблетканы сору керек (толығымен ерігенше ауызда ұстау керек) .
Бұзылулардың айқындығына қарай препаратты күніне 1-ден 6 ретке дейін қабылдау керек.
Емдеу курсы 1-3 ай; қажет болғанда емдеу курсын 6 айға дейін жалғастыруға болады немесе 1-2 айдан кейін қайталау керек.
Жағымсыз әсерлері
- аталған көрсетілімдер бойынша қолданған кезде жағымсыз әсерлері байқалмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне дербес жоғары сезімталдықта.
Дәрілермен өзара әркеттесуі
Басқадай дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Препарат көлік құралдарын жүргізу және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету етпейді
Артық дозаланғанда
Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.
Шығарылу түрі
Гомеопатикалық таблеткалар. Поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұялы қаптамада 20 таблеткадан. 1,2 немесе 3 пішінді ұялы қаптама қолданылу жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамадылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецптісіз
Өндіруші
«НПФ «Материа Медика Холдинг» ААҚ
127473 Ресей, Мәскеу
3-й Самотечный бұр., 9 үй, тел\факс (495)684-43-33