Тенотен балалар арналган

Тенотен балалар арналган

Өнім мәліметтері
ӨндірушіМатериа Медикал
Өндіруші еліРесей
Форматаблетки
Саны40
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Дәрілік шөптер, негізгі10 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2090 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Саудалық атауы

Балаларға арналған Тенотен

 

Халықаралық патенттелмеген атауы      

Жоқ 

 

Дәрілік түрі       

Гомеопатиялық таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар   – Аффинді түрде тазартылған миға арнайы  S-100 ақуызына деген антидене   С12, С30 және  С50 гомеопатиялық  сұйылтулар қоспасы  – 0.003г   

қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза,  магний стеараты.

 

Сипаттамасы 

Ақтан ақшыл қоңыр реңді немесе сұр реңді аққа дейінгі жалпақ цилиндрлі сызығы мен ойығы бар таблеткалар. Сызығы бар жалпақ бетінде MATERIA MEDICA деген жазуы бар, екінші жағында TENOTEN деген жазуы бар.  

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқадай анксиолтиктер.

АТЖ  коды N05BX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы 

Препарат құрамында белсенді ингредиенттерге дозасының аз болуына байланысты, фармакокинетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жоқ. 

Фармакодинамикасы

Препараттың анксиолитикалық, жабығуға қарсы, ноотропты, стресс-протекторлы,  астенияға қарсы, амнестияға қарсы, гипоксияға қарсы, нейропротекторлы әсері бар. Мидағы синапстық (ақпараттық) және метаболиздік үдерістердің түйісуін жүзеге асыратын S-100 ақуызының функционалды белсенділігін  өзгертеді.  

ГАМК-миметикалық және нейротрофикалық әсер ете отырып, стресс-шектейтін жүйелердің белсенділігін арттырып, нейрональді иілгіштік үдерістерінің қалпына келуіне ықпал етеді.  

Липидтердің асқын тотығу үдерісін тежейді.  Уыттану,  гипоксия жағдайында, ми қан айналымы жедел бұзылғанда   нейропротекторлы әсер етеді,  зақымдану аймағын шектейді және  ОЖЖ қызметін қалпына келтіреді.  Үйрену және жады үдерісін жақсартады. Бұлшықетті босаңсытатаны, холинолитикалық тыныштандырушы әсер туғызбайды. 

 

Қолданылуы

- невротикалық және   невроз тәрізді бұзылуларда, оның ішінде стрестік жағдайлардан  пайда болған қобалжуларда, көңіл-күй төмендегенде

- көңіл-күйдің тұрақсыздығымен жалғасатын ОЖЖ-ның бір қалыпты айқын қызметтерінің органикалық зақымдануларында, қорқыныш, апатия, жадының төмендеуі, шаршағыштықтың жоғарлауы, назардың бұзылуы, вегетативтік немесе қозғалтқыштық бұзылғанда. 

 

Қолдану тәсілі және  дозалары

3 жастан асқан балаларға бір рет қабылдауға – тамақтануға қарамастан  1 таблеткадан (толығымен ерігенше ауызда ұстау керек).  Қажет болған кезде таблетканы бөлме температурасындағы қайнатылған судың аздаған мөлшерімен ерітуге болады. Жағдайдың ауырлығына қарай 1-3 ай бойы 1 таблеткадан тәулігіне 1-3 рет. Қажет кезде емдеу курсын 6 айға дейін немесе 1-2 ай аралығында ұзартуға болады. 

 

Жағымсыз әсерлері 

-  препараттың құрамдас бөліктеріне жеке жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін  

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жеке  жоғары сезімталдықта.

 

Дәрілермен өзара әркеттесуі

Осы уақытқа дейін басқадай дәрілік заттармен үйлесімділігі тіркелмеген.   

 

Айрықша нұсқаулар 

Препараттың құрамында лактоза бар болғандықтан,  оны туғаннан галактоземиясы, мальабсорбция глюкоза синдромы немесе галактозасы, не болмаса туғаннан лактазасы жетіспейтін науқастарға ұсынылған  дозадан асыруға болмайды. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Препарат автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. 

 

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін препаратты қабылдаған кезде  кездейсоқ артық дозалану анықталмаған.

 

Шығарылу түрі мен қаптамасы 

Гомеопатиялық таблеткалар. Поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 20 таблеткадан.  1,2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптама медицинада  қолданылу жөніндегі  мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған. 

 

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден  аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін  жерде сақтау керек!

 

Сақтау  мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

 «ҒӨФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ЖШҚ; 127473, Ресей, Мәскеу 

қаласы, 3-й Самотечный қысқа көшесі., 9 үй.  Тел./факс: (495) 684-43-33.

 

Тұтынушылардан өнім  сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын  ұйымның атауы  және  мекен-жайы 

Қазақстан Республикасындағы «ҒӨФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ЖШҚ өкілдігі 

Алматы қ-сы, Жібек жолы к-сі 64, 1 кеңсе

Тел./факс: 2734713

E-mail: materiamedica.kz@mail.ru   

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.