Анаферон балаларға арналған

Анаферон балаларға арналған

Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары

«Анаферон балаларға арналған» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 1832 ₸ (қалыпты баға: 2290 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.

Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.

Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.

Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.

Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.

Тапсырыс беруге болады: 916 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).

Ең аз тапсырыс сомасы:

  • жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
  • заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸

* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Өнім мәліметтері
ӨндірушіМатериа Медикал
Өндіруші еліРесей
Форматаблетки
Саны20
Қаптамасықорап
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Белсенді ингредиенттер
Белсенді затДоза
Адамның гамма-интерферонына антиденелер, негізгі3 мг
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 2290 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада 1 н.
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйіҚол жетімді
Тапсырыс бағасы 1703 ₸  587 ₸
Мерзімнің өту күні 22.04.2025

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

 

 

 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі Mедициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

20_ жылғы “____” ___________

№ _____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық

 

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АНАФЕРОН 

 

Препараттың саудалық атауы

Балаларға арналған Анаферон 

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар 

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: адамның гамма интерферонына аффинді тазартылған антиденелер - 0,003 г*.

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.

* лактоза моногидратына құрамы 10-16 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.

 

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар тегіс жағында MATERIA MEDICA жазуы, екінші тегіс жағында ANAFERON KID жазуы салынған. 

 

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар.

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар.

Вирусқа қарсы басқа да препараттар.

АТХ коды J05AX

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Талдаудың осы заманғы физика-химиялық әдістерінің сезімталдығы биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндерде антиденелердің шамадан тыс аз дозасы құрамын бағалауға мүмкіндік бермейді, сондықтан Балаларға арналған Анаферон препаратының фармакокинетикасын зерттеу техникалық тұрғыда мүмкін емес.  

Фармакодинамикасы

Тұмау вирустарына, паратұмауға, 1 және 2 типті қарапайым герпес вирустарына (лабиальді герпес, генитальді герпес), басқа да герпес-вирустарға (желшешек, жұқпалы  мононуклеоз), энтеровирустарға, кене энцефалиті вирусына, ротавирусқа, коронавирусқа, калицивирусқа, аденовирусқа, респираторлық-синцитиальді (PC вирусына) қатысты тәжірибелік және клиникалық тұрғыда тиімділігі анықталған. Препарат зақымданған тіндерде вирус концентрациясын төмендетеді, эндогенді интерферондар және олармен ілесетін цитокиндер жүйесіне әсер етеді, эндогенді "ертеректегі" интерферондардың (ИФН а/β) және  гамма-интерферондардың (ИФН γ) түзілуін индукциялайды. 

Гуморальді және жасушалы иммунды жауапты көтермелейді. Антидене өнімін (секрециялық IgA қоса) жоғарылатады, Т-эффекторлар, Т-хелперлер (Тх) қызметін белсендіреді, олардың арақатынасын қалпына келтіреді. Иммунды жауапқа қатысатын Тх және басқа да жасушалардың функционалдық резервін жоғарылатады. Араласқан Txl және Тх2-типті иммунды жауаптың индукторы болып саналады: Txl (ИФНγ, ИЛ-2) және Тх2 (ИЛ-4, 10) цитокиндердің өңделуін жоғарылатады, Тх1/Тх2 белсенділігінің теңгерімін қалпына түсіреді (түрлендіреді). Фагоциттердің және табиғи киллер-жасушалардың (ТК жасушалар) қызметтік белсенділігін жоғарылатады. Антимутагенді қасиеттері бар.

.

Қолданылуы

- Жедел респираторлық вирустық жұқпалардың (оның ішінде тұмаудың) алдын алуда және емдеуде

- Герпес-вирустары туғызған жұқпаларды (жұқпалы мононуклеоз, желшешек, лабиальді герпес, генитальді герпес) кешенді емдеуде

- Қайталанған созылмалы герпесвирусты жұқпаларда, оның ішінде лабиальді және генитальді герпесті кешенді емдеуде және алдын алуда

- Кене энцефалиті вирусы,  энтеровирус, ротавирус, коронавирус, калицивирус туындатқан басқа да жедел және созылмалы вирустық жұқпаларды кешенді емдеуде және алдын алуда

- Бактериялық жұқпаларды кешенді емдеудің құрамында қолдануда

- Этиологиядағы әртүрлі екіншілік иммунтапшылық жағдайын кешенді емдеуде, оның ішінде вирустық және бактериялық жұқпалар асқынуының алдын алуда және емдеуде

 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. 6 жастан асқан балалар мен ересектерге: бір қабылдауға – 1 таблетка (ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек – тамақтану кезінде болмайды). 

1 айдан 6 жасқа дейінгі балаларға: препаратты жасы кіші балаларға тағайындаған кезде (1 айдан 6 жасқа дейінгі) қайнаған судың бөлме температурасындағы аздаған мөлшерінде (1 ас қасық) таблетканы еріту ұсынылады. 

ЖРВЖ, тұмау, ішек жұқпалары, герпесвирусты жұқпалар, нейрожұқпалар. Жедел вирусты жұқпалардың алғашқы белгілері пайда болған кезде мынадай сызба бойынша - емдеуді неғұрлым ерте бастаған жөн: алғашқы 2 сағатта препарат әр 30 минут сайын қабылданады, одан кейін алғашқы тәулік ішінде уақыт аралығын тең етіп тағы үш рет қабылдайды. Екінші тәуліктен бастап және одан әрі қарай толық сауыққанға дейін 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды. 

Жедел респираторлық вирустық жұқпалар мен тұмауды препаратпен емдеудің үшінші күнінде жақсаруы байқалмаса, дәрігерге көріну керек.  Эпидемиялық маусымда алдын алу мақсатында препаратты 1-3 ай бойы күнделікті күніне 1 рет қабылдайды.

Генитальді герпесте. Генитальді герпес жедел пайда болған кезде препараттың уақыт аралықтарын тең етіп мынадай сызба бойынша  қабылдайды: 1-3 күні –1 таблеткадан күніне 8 рет, одан әрі 1 таблеткадан күніне 4 рет  3 аптадан кем емес. 

Созылмалы герпесвирусты жұқпа қайталануларының алдын алу үшін – күніне 1 таблеткадан. Алдын алу курсының ұсынылатын ұзақтығы әр адамға жекелей анықталады және 6 айға дейін болуы мүмкін.

Препаратты иммунтапшылық жағдайын емдеу мен алдын алу үшін қабылдағанда, бактериялық жұқпаларды кешенді емдеуде – күніне 

1 таблеткадан қабылдау керек. Қажет болған кезде препаратты басқа да вирустарға қарсы және симптоматикалық дәрілермен бірге қолдануға болады.

 

Жағымсыз әсерлері

Препаратты көрсетілген нұсқаулары және көрсетілген дозасы бойынша пайдаланған кезде жағымсыз әсерлері анықталмаған.

Препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдықтың байқалуы мүмкін.

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық 

- 1 айға дейінгі балаларға.

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқа да дәрілік заттармен үйлесімсіздігі анықталған жоқ. 

Қажет болғанда препаратты басқа да вирустарға қарсы, бактерияларға қарсы және симптоматикалық дәрілермен бірге қолданады.

 

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамына лактоза моногидраты  кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза мальабсорбция синдромы, не болмаса туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар науқастарға тағайындау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Балаларға арналған Анаферон препаратын жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген. Препарат қабылдау қажет болғанда қауіп/пайда арақатынасын ескерген жөн. 

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Балаларға арналған Анаферон көлік құралдарын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін артық дозалану оқиғалары тіркелмеген.

Симптомдары: диспепсиялық құбылыстар.

Емі: симптоматикалық.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Соруға арналған таблеткалар. 20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминилі фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 

1 немесе 2  пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.  

 

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Препаратты қолдану кезеңі ішінде пішінді ұяшықты қаптаманы өндіруші қарастырған картон қорапшада сақтау керек. 

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. 

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей, 127473, 

Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа к-сі, 9 үй. Тел./факс: (495) 684-43-33.

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей.

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі 

Алматы қ., Жібек жолы к-сі 64, 206 кеңсе.

Тел./факс: 2734713

 

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.