- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Поллезин
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Иммундық жүйе
- Поллезин
Поллезин
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Эгис |
---|---|
Өндіруші елі | Венгрия |
Форма | таблетки |
Саны | 14 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Левоцетиризин/левоцетиризина дигидрохлорид, негізгі | 5 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 3530 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
2010 жылғы “_31” _08____
№ _480_ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
ПОЛЛЕЗИН
Саудалық атауы
Поллезин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Левоцетиризин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 5мг таблетка
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді (ол 4,21 мг левоцетиризинде тең),
қосымша заттар:
ядросы: кремнийды микрокристалды целлюлоза (микрокристалды целлюлоза, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы), лактоза моногидраты, орын басу дәрежесі төмендетілген гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC 11), магний стеараты,
қабығы: ақ Opadry II 33G28523 (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы, лактоза моногидраты макрогол 3350, триацетилглицерин).
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ түсті дерлік, бір жақ бетінде ойық жазуы – стилизденген «Е» әрпі және басқа жақ бетінде «281» нөмірі бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек, екі жағы дөңес таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Гистаминге қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Пиперазин туындылары.
АТЖ коды R06AE09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін левоцетиризин асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Ас қабылдау толық сіңуіне, оның жылдамдығы төмендесе де, ықпалын тигізбейді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға ішке бір рет қабылдағаннан кейін 0,9 сағаттан соң жетеді. Тепе-тең жағдайға 2 күннен кейін жетеді. Бір рет және қайталап (күн сайын 5 мг) енгізгеннен кейін ең жоғары концентрациясы, тиісінше, 270 нг/мл және 308 нг/мл құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 90%. Препараттың тіндерге таралуы және гематоэнцефалиялы бөгет арқылы өтуі жөнінде деректер жоқ. Таралу көлемі әр кг дене салмағына шаққанда 0,4 л құрайды. Енгізілген дозаның 14%-дан азы бауырда ароматты сақинаның тотығуы, N- және O-деалкилдену жәе тауринмен коньюгация арқылы метаболизденеді. Деалкилдену көбінесе CYP 3A4 арқылы катализденеді, ал ароматты сақинаның тотығуына CYP изоформасы қатысады. Левоцетиризин 5 мг-ды ішіп қабылдаған кезде ең жоғары концентрациядан көп артып кететін концентрацияларда CYP IA2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изоферменттерінің белсенділігіне ықпалын тигізбейді. Аздаған метаболизм салдарынан және метаболикалық басылудың жоқтығынан левоцетиризиннің басқа заттармен өзара әрекеттесуі неғайбыл. Жартылай шығарылу кезеңі 7,9 ± 1,9 сағатты құрайды. Жалпы клиренсі 0,63 мл/мин/кг құрайды. Левоцетиризин және оның метаболиті көбіне бүйректер арқылы (қабылданған дозаның 85,4%-ы), шумақтық сүзілу және белсенді өзекшелік секреция жолымен шығарылады. Ішек арқылы шығарылуы 12,9% құрайды. Емшек сүтіне өтеді. Левоцетиризиннің фармакокинетикасы желілік, дозаға және уақытқа байланысты емес және әртүрлі зерттелушілерде аздаған айырмашылығы бар. Жалғыз жеке энантиомердің және цетиризиннің фармакокинетикалық профилдері ұқсас. Сіңген немесе шығарылған кезде хиарльды инверсия болмайды
Бүйрек қызметінің бұзылуы
Левоцетиризиннің организмнен көрінетін клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланысады. Сондықтан бүйрек қызметінің бұзылуы орташа немесе айқын емделушілерде креатинин клиренсінің негізінде левоцетиризинді қабылдау арасындағы аралықты нақтылап алу керек. Бүйрек ауруларының несеп шықпай қалу сатысында бүкіл организмнен жалпы клиренсі, дені сау адамдардікімен салыстырғанда, шамамен 80%-ға төмендейді. 4 сағаттық гемодиализдің стандартты емшарасында левоцетиризиннің 10%-дан азы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Поллеззин препаратының белсенді заты - левоцетиризин, (R) цетиризин энантиомері, шеткергі H1-рецепторлардың күшті іріктелген антагонисі болып табылады.
Левоцетиризиннің (Ki = 3,2 нмоль/л) гистаминді H1-рецептормен ұқсастығы цетиризиндікінен (Ki = 6,3 нмоль/л) 2 есе жоғары. Дені сау адамдарда фармакокинетикасын зерттеу дозаның жартысын мұрынның шырышты қабығына және теріге тамызған кезде левоцетиризиннің белсенділігі цетиризиндегіге ұқсас болатындығын көрсетті. Левоцетиризин тері және өкпе жасушаларында эозинофилдердің эотаксин-индуцирленген трансэндотелиальды миграциясының белсенділігін басады. Фармакодинамикалық зерттеулер тозаңдықпен байланысқаннан кейін алғашқы 6 сағатта 5 мг доза девоцетиризиннің үш негізгі басым әсерін көрсетті: VCAM-1 шығарудың басылуы, өантамырөткізгіштігіінң өзгеруі және эозинофилдер белсенділігінің азаюы. Цетиризиндегідей, гистамин-индуцирленген тері реакцияларына қатысты әсері препараттың плазмалық концентрациясына байланысты болмайды.
Поллезин аллергиялық реакциялардың дамуына жол бермейді және барысын жеңілдетеді, антиэкссудативті, қышуға қарсы әсер етеді; антихолинергиялық және антисеротониндік әсер етпейді.
Левоцетиризин 5 мг дозада, 10 мг дозадағы цетиризиндегідей, гистаминге қабыну-экссудативті реакциялардың басылуына мүмкіндік береді. ЭКГ левоцетиризиннің QT аралығына елеулі әсерін көрсеткен жоқ.
Қолданылуы
- жыл бойғы және маусымдық аллергиялық ринит белгілерін (оның ішінде персистирленетін аллергиялық ринитті) және аллергиялық конъюнктивитті: түшкіруді, ринореяны, көзден жас ағуды, конъюнктива гиперемиясын емдеуге
- сенна қызбасында (поллинозда)
- есекжемде, оның ішінде созылмалы идиопатиялы есекжемде
- қышытатын және бөртпе қоса қабаттасқан басқадай аллергиялық дерматоздарда
- Квинке ісінуінде
Қолдану тәсілдері және дозасы
Таблеткаларды ішке қабылдайды, ас қабылдауға қарамай-ақ, аздаған су мөлшерімен тұтастай жұтады. Тәуліктік дозасын бір рет қабылдау керек.
6 жастан асқан балалар және ересектер: тиісті доза тәулігіне 1 таблетка.
Егде жастағы емделушіерге бүйрек қызметінің бұзылуы орташа немесе айқын болған кезде нақты дозалар ұсынылады.
Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда енгізу мерзімін бүйрек қызметіне сәйкес жекелей белгілерген жөн. Төменде келтірілген кестеде дозаның қажетті өзгертулері көрсетілген. Осы кестені қолдану үшін емделушілердің (мл/мин) креатинин клиренсіне (Clcr) баға берген жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/ұз) анықтағаннан кейін Clcr (мл/мин) мәнін келесі формула бойынша бағалауға болады:
Еркектер үшін: [140 – жасы(жыл)] ´ салмағы (кг)
Clcr = ———————————————
0,82 ´ сарысу креатинині (мкмоль/л)
Әйелдер үшін: алынған мән ´ 0,85
Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде дозаны түзету:
Тобы
Креатинин
клиренсі
(мл/мин)
Дозасы және қабылдау жиілігі
Бүйрек қызметі қалыпты
80
тәулігіне 5 мг-нан
Бүйрек қызметінің жеңіл бұзылуы
50 – 79
тәулігіне 5 мг-нан
Бүйрек қызметінің орташа бұзылуы
30 – 49
күнара 5 мг-нан
Бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы
< 30
5 мг-нан 3 күнде 1 рет
Бүйрек ауруының соңғы сатысы – диализдегі емделушілер
< 10
Қолдануға болмайды
Бауыр қызметі бұзылған науқастар
Препаратты бауыр қызметінің жеке оқшау бұзылуына шалдыққан науқастарға тағайындаған кезде дозаға қандай да болсын өзгерістен енгізу қажет емес. Бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы біріккен емделушілерге нақты дозалар қажет.
Емдеу ұзақтығы ауру белгілерінің түріне, ұзақтығына және барысына байланысты болады. Сенна қызбасын емдеу 3-6 аптаны қажет етеді, ал тозаңдықтардың қысқа уақыттық әсері кезінде препаратты 1 апта бойы қабылдау жеткілікті. Қазіргі таңда үлбірлі қабықпен қапталған левоцетиризин таблеткаларын 6 ай бойы қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Рацематты созылмалы есекжемде және созылмалы аллергиялық ринитте 1 жыл бойы, сондай-ақ атопиялық дерматитке байланысты болатын қышуда 18 айға дейін қолдану тәжірибесі бар.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: (<1/10 и >1/100)
- бас ауыру, ұйқышылдық, қатты қажығыштық
- ауыз ішінің құрғақтығы
Жиі емес (<1/100 и >1/1000)
- астения
- іштің ауыруы
Өте сирек (<1/10000)
- аллергиялық реакциялар, оның ішінде анафилаксия
- ангионевротикалық ісіну, қышу, тер бөртпесі, есекжем
- дене салмағының артуы
- диспноэ
- жүрек айнуы
- бауыр қызметі сынамасының бұзылуы
Егер жоғарыда келтірілген қандай да болсын әсерлер клиникалық тұрғыдан маңызды қарқындылыққа жеткен кезде, ал оның себебін нақты анықтау мүмкін болмаса, препаратты қабылдауды тоқтатқан жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- левоцетиризинге, пиперазиннің басқа туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша бөліктеріне сезімталдық жоғары болғанда
- бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден төмен)
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Поллезиннің басқа препараттармен (оның ішінде CYP3A4 индукторларымен) өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен клиникалық тұрғыдан жағымсыз өзара әрекеттесу болған жоқ.
Цетиризин клиренсінің (16%) азаюы теофиллинді (тәулігіне бір рет 400 мг) бірнеше рет енгізген кезде байқалды; мұндайда цетиризинді бір мезгілде енгізген кезде теофиллиннің фармакокинетикасы өзгерген жоқ.
Сезімтал емделушілерге цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ қызметін төмендететін басқа дәрілерді бір мезгілде қолдану орталық жүйке жүйесіне ықпалын тигізе алады.
Айрықша нұсқаулар
Қабықпен қапталған әрбір таблеткада лактоза бар, сондықтан оны галактозаның тұқым қуалаған жақпаушылығы сирек, лактозаның тұқым қуалаған тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның сіңбеу синдромы бар емделушілерге тағайындамаған жөн.
Поллезин препаратын қолдану кезінде алкогольді қабылдауды тоқтатқан жөн.
Жүктілік және лактация
Левоцетиризинді жүктілік кезінде клиникалық зерттеу жөнінде деректер жоқ. Сондықтан препаратты әйелдерге жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде тағайындамау керек.
Көлікті басқару және өте қауіпті механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал етуі
Салыстырмалы клиникалық зерттеулерде левоцетиризиннің тиісті дозаларын қабылдағаннан кейін сергектік деңгейінің, көлікті басқару қабілетінің және әрекет ету уақытының бұзылу белгілері орын алған жоқ. Алайда кейбір емделушілерде препаратты қабылдау кезінде ұйқышылдық, қажығыштық немесе астения болуы мүмкін. Автокөлікті басқаратын және психомоторлы және қимылдау реакцияларының шапшаңдығын қажет ететін адамдарға тағайындағанда сақ болған жөн.
Артық дозаланғанда
Белгілері: ересектерде ұйқышылдық, балаларда алдымен қозу және мазасыздық болуы мүмкін, ол ұйқышылдықпен ауысады.
Емдеу: Левоцетиризиннің өзіне тән арнайы у қайтарғысы жоқ.
Белгілеріне қарай және демеуші ем ұсынылады. Препаратты ішке қабылдап қойғаннан кейін қысқа уақыт аралығында асқазанды шайып тазалауға болады. Левоцетиризиннің гемодиализ арқылы шығарылмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қабықпен қапталған 5 мг таблеткалар. Қабықпен қапталған 7 немесе 10 таблетка пішінді ұяшықты қаптамада. 10 таблеткалық 1, 2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптама, немесе 7таблеткалық 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге.
Сақтау шарттары
30oС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін алмайтын жерде сақтау қажет!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босату шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ ААҚ
1106 БУДАПЕШТ, Керестури көшесі, 30-38 ВЕНГРИЯ
Телефон: (36-1) 265-5555, факс: (36-1) 265-5529
Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы және мекен-жайы:
ЭГИС Фармацевтикалық зауыты ААҚ ҚР өкілдігі
050010, Алматы, қ. Бекхожин көшесі, 11А