- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Полиоксидоний
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Иммундық жүйе
- Полиоксидоний
Полиоксидоний
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Петровакс Фарм |
---|---|
Өндіруші елі | Ресей |
Форма | суппозиторий |
Саны | 10 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Азоксимер бромиды, негізгі | 12 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 0 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
Полиоксидоний®
Саудалық атауы
Полиоксидоний®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Азоксимер бромиді
Дәрілік түрі
Қынаптық және ректальді суппозиторийлер, 6 мг және 12 мг
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – азоксимер бромиді 6 мг және 12 мг
қосымша заттар: маннитол, повидон, какао майы
Сипаттамасы
Торпеда пішінді, какао майының өзіне тән аздаған иісі бар, ашық сары түсті суппозиторийлер. Суппозиторийлер бір текті болуы тиіс. Кесіндісінде ауа стерженьдері немесе шұңғыма тәрізді ойықтар болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуномодуляторлар.
АТХ коды L0З
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Азоксимер бромиді суппозиторийлерін тік ішекке енгізген кездегі биожетімділігі жоғары (70 %-дан аз емес), енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң қанда ең жоғары концентрацияға жетеді. Жартылай таралу кезеңі – 0.5 сағатқа жуық, жартылай шығарылу кезеңі – 36.2 сағат. Организмде олигомерлерге дейін гидролизденеді, олар көбіне бүйрек арқылы шығарылады. Кумулятивтік әсері жоқ.
Фармакодинамикасы
Азоксимер бромиді кешенді әсерге ие: иммуномодуляциялайтын, уытсыздандыратын, антиоксидантты, орташа қабынуға қарсы.
Азоксимер бромидінің иммуномодуляциялаушы әсерінің механизмі негізі фагоциттеуші жасушаларға және табиғи киллерлерге тікелей ықпалы, сондай-ақ антидене түзілуді, интерферон-альфа және интерферон-гамма синтезін стимуляциялау болып табылады.
Азоксимер бромидінің уытсыздандыратын және антиоксидантты әсері көбінесе препараттың құрылымымен және жоғары молекулалық табиғатымен анықталады.
Азоксимер бромиді бактериялық, зеңдік және вирустық этиологиядағы жергілікті және жайылған инфекцияларға қатысты организмнің резистенттілігін ұлғайтады. Түрлі инфекциялар, жарақаттар, хирургиялық операциялардан кейінгі асқынулар, күю, аутоиммунды аурулар, қатерлі жаңа түзілімдер, химиотерапиялық дәрілер, цитостатиктер, стероидты гормондар қолданудан туындаған салдарлы иммунодефициттік жағдайларда иммунитетті қалпына келтіреді.
Азоксимер бромиді еритін уытты заттар мен микробөлшектерді бөгейді, организмнен токсиндерді, ауыр металл тұздарын шығару қабілетіне ие, бос радикалдарды ұстау есебінен, сондай-ақ катализдік белсенді Fe2+ иондардың элиминациясы арқылы липидтердің асқын тотығуын тежейді. Азоксимер бромиді про- және қабынуға қарсы цитокиндер синтезін қалпына келтіру арқылы қабыну реакциясын төмендетеді.
Азоксимер бромиді жақсы көтерімді, митогенді, поликлональді белсенділігі, антигенді қасиеттері жоқ, аллергия беретін, мутагенді, эмбриоуытты, тератогенді және канцерогенді әсерлер көрсетпейді.
Қолданылуы
Инфекциялық-қабыну ауруларын (вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы) емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады.
Емдеу үшін (кешенді емде):
- вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан асқыну сатысындағы жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну аурулары;
- урогенитальді жолдың қабыну аурулары (уретрит, цистит, пиелонефрит, простатит, сальпингоофорит, эндомиометрит, кольпит, цервицит, цервикоз, бактериялық вагиноз);
- өкпе туберкулезінің түрлі формалары;
- созылмалы қайталанатын бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит);
- иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артрит;
- регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойықжара) белсендіру үшін;
- дәрілік препараттардың нефро- және гепатоуытты әсерін төмендету үшін химия және сәуле емін жүргізу кезінде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде.
Профилактика үшін (монотерапия):
- урогенитальді жолдың қайталанатын герпестік инфекциясы
- созылмалы инфекциялар ошақтарының асқынуы
- иммунокомпрометирленген адамдарда эпидемия алды және эпидемиялық кезеңде тұмау және басқа да жедел респираторлық инфекциялар
- қартаю салдарынан немесе жағымсыз факторлардың ықпалынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес қолданыңыз.
Егер емнен кейін жақсару басталмаса немесе симптомдар шиеленісіп кетсе немесе жаңа симптомдар пайда болса дәрігермен кеңесу қажет.
Ректальді және вагинальді күнделікті тәулігіне 1 рет, күнара немесе аптасына 2 рет.
Қажет болса 3-4 айдан кейін қайталама емдеу курстарын өткізуге болады. Препаратты қайта тағайындағанда оның тиімділігі төмендемейді.
Препараттың ұсынылған емдеу сызбасы
Ересектерді емдеу үшін:
– ректальді, ішекті тазартқаннан кейін тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден;
– вагинальді, гинекологиялық ауруларда тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден (түнге қарай) жатқан күйде қынапқа енгізіледі.
- асқыну сатысында созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий, сосын күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- жедел инфекциялық үдерістерде және регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойықжара) белсендіру үшін күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- гинекологиялық ауруларда 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий, сосын күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- урологиялық аурулар (уретрит, пиелонефрит, цистит, простатит) асқынғанда күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- туберкулездің өкпедегі формасында 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий, сосын күнара. Емдеу курсы 20 суппозиторий. Әрі қарай 2-3 айға дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг суппозиториймен демеуші емді пайдалануға болады;
- химия- және сәуле емін жүргізгенде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде химия- және сәуле емінің курсы басталғанға дейін 2-3 күн бұрын күнделікті 12 мг суппозиторий. Әрі қарай 20 суппозиторийге дейінгі курспен аптасына 2 рет 12 мг;
- инфекциялық синдроммен асқынған аллергиялық ауруларда күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- ревматоидты артритте күнара 12 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий.
Профилактика үшін (монотерапия):
- созылмалы инфекция ошақтарының, урогенитальді жолдың қайталанатын герпестік инфекцияының асқынуы күнара 12 мг суппозиторий. Курс 10 суппозиторий;
- тұмау және ЖРВИ тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий. Курс 10 суппозиторий;
- қартаю салдарынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы аптасына 2 рет 12 мг суппозиторий. Курс жылына 2-3 рет 10 суппозиторий.
6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін:
6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге суппозиторийлер ішекті тазартқаннан кейін тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторийден тек ректальді енгізіледі.
- асқыну сатысындағы созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий, сосын күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- жедел инфекциялық үдерістерде және регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойықжара) белсендіру үшін күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- урологиялық аурулар (уретрит, пиелонефрит, цистит, простатит) асқынғанда күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- туберкулездің өкпедегі формасында 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий, сосын күнара. Емдеу курсы 20 суппозиторий. Әрі қарай 2-3 айға дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг суппозиториймен демеуші емді пайдалануға болады;
- химия- және сәуле емін жүргізгенде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде химия- және сәуле емінің курсы басталғанға дейін 2-3 күн бұрын күнделікті 6мг суппозиторий. Әрі қарай 20 суппозиторийге дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг;
- инфекциялық синдроммен асқынған аллергиялық ауруларда күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- ревматоидты артритте күнара 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий.
Профилактика үшін (монотерапия):
- созылмалы инфекция ошақтарының, урогенитальді жолдың қайталанатын герпестік инфекцияның асқынуы күнара 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- тұмау және ЖРВИ тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий.
Иммуносупрессиялық емді ұзақ қабылдап жүрген, онкологиялық, сәулемен ем алған, АИТВ иммундық жүйесінің жүре пайда болған ақауы бар науқастар үшінПолиоксидониймен 2-3 айдан 1 жылға дейінгі ұзақ демеуші ем (ересектерге 12 мг, 6 жастан асқан балаларға аптасына 1-2 рет 6 мг) қолданылады.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек (< 1/10 000)
– қызару,ісіну, перианальді аймақтың қышынуы, препарат компоненттеріне жекелей сезімталдыққа байланысты қынаптық қышыну түріндегі аллергиялық реакциялар, жергілікті реакциялар болуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялар, сондай-ақ медициналық қолдану нұсқаулығында ескертілген жағымсыз реакциялар пайда болғанда емдеуші дәрігерге қаралу қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық;
- жүктілік және лактация кезеңі (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ);
- балаларда қолдану: 12 мг дозада балаларға қолданбайды, 6 мг дозада 6 жасқа дейінгі балаларға қолданбайды;
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Емдеуді бастар алдында дәрігерге Өзіңіз қабылдаған барлық дәрілік препараттар туралы хабарлаңыз.
Азоксимер бромидi CYP1A2, CYP2С9, CYP2С19, CYP2D6, Р-450 цитохромы изоферменттерін тежемейді және көптеген дәрілік заттармен, соның ішінде антибиотиктермен, вирусқа қарсы, зеңге қарсы және гистаминге қарсы препараттармен, глюкокортикостероидтармен және цитостатиктермен үйлеседі.
Айрықша нұсқаулар
Бұл дәрі рецептісіз босатылады. Тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін нұсқаулықта баяндалған барлық ұсыныстарды қатаң түрде орындай отырып, пайдалану керек.
Сіз емделіп отырған дәрілік зат жеке Өзіңізге арналған және оны басқа адамдарға беруге болмайды, өйткені онда, тіпті Сіздегідей симптомдар болғанда да оларға зиян келтіруі мүмкін. Егер сізде сұрақтар туындаса дәрігерге жүгініңіз.
Аллергиялық реакция дамығанда Полиоксидоний® препаратын қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.
Препаратты қолдануды тоқтату қажеттілігінде бірден, дозаны біртіндеп азайтпастан тоқтатуға болады.
Препараттың кезекті дозасын енгізуді жіберіп алғанда оны барынша ертерек қабылдау қажет, бірақ егер келесі дозаны қабылдау уақыты келген болса қабылдау дозасын ұлғайтпайды.
Емдеуші дәрігермен кеңеспей көрсетілген дозаларды және емдеу курсының ұзақтығын арттыруға болмайды.
Оның сыртқы белгілерінде жарамсыздық (қаптама ақауы, суппозиторийлер түсінің өзгеруі) табылса препаратты пайдаланбаңыз.
6-18 жас аралығындағы балаларға 6 мг дозада суппозиторийлер тек ректальді түрде енгізіледі.
Жүктілік және лактация
Полиоксидоний® препаратын жүкті және емшек емізіп жүрген әйелдерге қолдануға болмайды (қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ).
Полиоксидоний® препаратын қолданар алдында егер Сіз жүкті болсаңыз немесе Сіз жүкті болуыңыз мүмкін деп болжамдасаңыз немесе жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз дәрігермен кеңесу қажет.
Емшек емізу кезеңінде Полиоксидоний® препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Полиоксидоний® препаратын қолдану аса зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметтің аса қауіпті түрлерін (оның ішінде көлік құралдарын басқару, қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу) орындау қабілетіне ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалануы жағдайлары тіркелмеген.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Екі пішінші ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
2оС-ден 15°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз.