- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Терафлекс
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Сүйектер мен буындар
- Терафлекс
Терафлекс
Қолдану көрсеткіштері
Тапсырыс беру шарттары
«Терафлекс» алдын ала тапсырыс беріңіз және арнайы баға алыңыз - 12916 ₸ (қалыпты баға: 16145 ₸). Алдын ала тапсырысты орындаудың болжалды күні* – 23.04.2025, егер тапсырысты 22.04.2025 14:15 дейін орналастырсаңыз және төлесеңіз.
Орындау мерзімі Рудный-дегі біздің дистрибьюторлық орталықта алу шарттарына сәйкес есептеледі. Сайттың жоғарғы жағындағы қаланы өзгертуге болады, содан кейін болжалды жеткізу күні өзгеруі мүмкін.
Тауарды алғаннан кейін оны пр-т Комсомольский, д. 34 бойынша алуға немесе ыңғайлы уақытта курьер арқылы тегін жеткізуді ұйымдастыруға болады.
Арнайы баға бойынша алдын ала тапсырыс беру тек алдын ала төлеу үшін қол жетімді. Тапсырыс үшін кез келген банктің Visa/MasterCard картасымен 20 минут ішінде төлеу керек.
Жеке және заңды тұлғаларға тапсырыс беруге болады.
Тапсырыс беруге болады: 53 бірлік өнім (әр 15 минут сайын жаңартылады).
Ең аз тапсырыс сомасы:
- жеке тұлғалар үшін – 12 000 ₸
- заңды тұлғалар үшін – 250 000 ₸
* Тауарды жеткізудің болжамды күні технологиялық себептер бойынша өзгертілуі мүмкін, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Байер |
---|---|
Өндіруші елі | Германия |
Форма | капсулы |
Саны | 120 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Хондроитинсульфат, негізгі | 400 мг |
Глюкозамин, негізгі | 500 мг |
Бұл өнім екі нұсқада тапсырыс беруге болады: дәл қазір жеткізу немесе алдын ала тапсырыс бойынша. Тапсырыс берген кезде себет ішіндегі тапсырыс опциясын таңдауыңыз керек.
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 16 145 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Тапсырыс беру күйі | Қол жетімді |
---|---|
Тапсырыс бағасы | 14 257 ₸ 1888 ₸ |
Мерзімнің өту күні | 22.04.2025 |
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
Терафлекс®
Саудалық атауы
Терафлекс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар - D-глюкозамин гидрохлориді 500 мг, натрий
хондроитин сульфаты 400 мг
қосымша заттар: желатин, стеарин қышқылы, магний стеараты, марганец сульфаты.
Сипаттамасы
Өлшемі № 00, елеусіз ақ реңді немесе ашық-ақсары түсті кристалл бөлшектері бар ұнтақпен толтырылған, мөлдір, қатты желатинді капсулалар.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды М09АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Хондроитин сульфаты – бір реттік емдік дозаны пероральді енгізгеннен кейін қан плазмасында ең жоғары деңгейіне 3-4 сағат ішінде, синовиальді сұйықтықта – 4-5 сағат ішінде жетеді. Биожетімділігі 13 % құрайды. 24 сағаттық кезең ішінде негізінен бүйрек арқылы шығарылады
Глюкозамин гидрохлориді – ішке қабылдағаннан кейін ішекте 90 % сіңеді. 25 % астамы плазмадан шеміршек тініне және синовиальді буын сұйықтығына түседі. Бауырда препараттың бір бөлігі мочевинаға, көмірқышқыл газы мен суға дейін метаболизденеді. Глюкозаминнің биожетімділігі 25 % құрайды. Глюкозаминнің ең жоғары концентрациясы бауырда, бүйректе және шеміршек тінінде анықталады. Енгізілген дозаның 30 % жуығы сүйек және бұлшықет тінінде ұзақ уақыт бойы сақталады. Глюкозамин гидрохлориді негізінен бүйрек арқылы өзгермеген күйінде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 68 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Хондроитин сульфаты шеміршек тінінің құрылысына және қалпына келуіне қатысатын жоғары молекулалық мукополисахарид болып табылады. Буын шеміршектерін бұзатын ферменттердің белсенділігін төмендетіп, олардың регенерациясын (глюкозаминогликандардың биосинтезін) көтермелейді. Хондроитин сульфаты қабыну үдерістерінің ерте кезеңдерінде шеміршек тіндерінің дегенерациясын баяулатады. Қабынуға қарсы әсері бар, ауыру синдромының қарқындылығын төмендетуге, буын функциясын жақсартуға ықпал етеді.
Глюкозамин гидрохлориді хондропротекторлық және остеотроптық қасиеттері бар, ағзадағы гликозаминогликандардың тапшылығын төмендетеді, протеогликандар мен гиалурон қышқылының биосинтезіне қатысады, сүйек тіндерінде кальцийдің жиналуын қалпына келтіреді. Шеміршек тіндеріне троптылыққа ие бола отырып, глюкозамин гидрохлориді хондроитин күкірт қышқылының синтезінде күкірттің орнығу үрдістеріне қатысады. Глюкозамин гидрохлориді шеміршек тіндерін зақымдайтын супероксидтік радикалдар мен ферменттердің (коллагеназа және фосфолипаза) түзілуін басады, глюкокортикоидтардың және қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың хондроциттерге зақымдаушы әсерінің және гликозаминогликандар биосинтезі бұзылуының алдын алады.
Хондроитин сульфатын және глюкозамин гидрохлоридін біріктіргенде айтарлықтай және клиникалық тұрғыдан ұзақ тиімділікті қамтамасыз етеді.
Қолданылуы
_ остеоартрозда
_ остеопорозда
_ иық жауырын периартритінде
_ остеохондрозда, омыртқа жотасының дегенеративті-дистрофиялық ауруларында
_ спондилезде
_ тізетобық хондромаляциясында
_ сынуларда (сүйек сүйелінің түзілуін жылдамдату үшін).
12 жастан асқан балаларға, ересектерге, егде жастағы емделушілерге, тірек-қимыл аппаратының ауруларын, жарақаттан кейінгі және буын шеміршегі тіндерінің дегенеративті-дистрофиялық өзгерістермен қатар жүретін басқа жай-күйлері кешенді емі құрамында ұсынылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға алғашқы үш аптада 1 капсуладан тәулігіне 3 рет тағайындайды; одан кейінгі күндері –1 капсуладан тәулігіне 2 рет. Қабылдаудың ең аз курсы 2 айды кұрайды. Емдеу курстарын 3 ай аралықпен немесе дәрігердің кеңесімен қайталайды.
Жағымсыз әсерлері
- жүрек айнуы
- асқазанның ауыруы
- ішектің кебуі
- диарея немесе іш қату
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары жеке сезімталдық (аллергиялық реакциялар)
- фенилкетонурия
- жүктілік, лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препарат тетрациклиндердің сіңуін жақсартады және пенициллиндер мен хлорамфениколдың сіңуін азайтады.
Терафлекс® антиагреганттар, фибринолитиктер, сондай-ақ кумаринді антикоагулянттардың (мысалы, варфариннің) әсерін күшейтеді, олармен бір мезгілде қабылдағанда коагулограмма (МНО) көрсеткіштерінің өзгеруі және қан кету қаупінің жоғарылауы мүмкін.
Терафлекс® қабылдау аясында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің қажеттілігі төмендейді.
Айрықша нұсқаулар
Автокөлікті және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары мәлімделмеген. Артық дозалану кезінде жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Емі: асқазанды шаю және симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30, 60, 120 капсуладан ақ полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтилен құтыда. Құтының мойнын біріктірілген материалдан: алюминий фольга/қағаздан, ламинацияланған полиэтиленнен жасалған фирмалық жарғақшамен, қақпақтың үстін - мөлдір полиэтиленнен жасалған қорғаныш үлбірмен мөрлеп тастайды. Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
Контракт Фармакал Корпорейшн, АҚШ
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
Контракт Фармакал Корпорейшн, АҚШ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Байер КАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.
050057 Алматы, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 727 258 80 40 (148)
Факс: +7 727 244 70 01
e-mail: kz.claims@bayer.com