- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Ортофен-Здоровье
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Сүйектер мен буындар
- Ортофен-Здоровье
Ортофен-Здоровье
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Здоровье-фармацевтическая компания |
---|---|
Өндіруші елі | Украина |
Форма | таблетки |
Саны | 30 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Диклофенак, негізгі | 25 мг |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 406 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | жоқ |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық
ОРТОФЕН-ЗДОРОВЬЕ
Саудалық атауы
Ортофен-Здоровье
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған 25 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – натрий диклофенагы (100 % затқа шаққанда) 25 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы;
қабығы: «Acryl-eze white» құрғақ қоспасы (тальк, титанның қостотығы (Е 171), метакрилатты сополимер (С типі), натрий лаурилсульфаты, натрий гидрокарбонаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы), макрогол 6000, қанық-қызыл 4R бояғышы «Понсо 4R» Е 124, күн батар түстес сары FCF бояғышы Е 110.
Сипаттамасы
Қызыл сары-қызғылттан қызғылт қызыл-сары түске дейінгі, қабықпен қапталған таблеткалар. Таблеткалардың бетінде аздаған мәрмәрлікке жол беріледі. Көлденең қимасында екі қабаттан тұратыны көрініп тұрады.
Фармакотерапиялық тобы
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Сірке қышқылының туындылары. Диклофенак
АТХ коды М01АВ05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі. Ішке қабылдағаннан кейін диклофенак тез және толығымен сіңеді. Бір мезгілде тамақтану сіңірілетін әсер етуші заттың мөлшерін өзгертпестен сіңірілу жылдамдығын азайтады.
Диклофенакты 50 мг дозада бір рет ішке қабылдаудан кейінгі қандағы ең жоғарғы концентрациясына (Сmax) шамамен 2 сағат өткенде жетеді және 1,5 мкг/мл (5 мкмоль/л) құрайды. Сіңірілген әсер етуші заттың мөлшері дозаға пропорционал болады.
Диклофенак дозасының шамамен жартысына жуығы бауырдан алғашқы өтуі кезінде метаболизденеді («алғашқы өту» әсері). Дозалаудың ұсынылған аралығы сақталған жағдайда препараттың жинақталып қалуы байқалмайды.
Таралуы. Плазма ақуыздарымен байланысуы –99 % астам. Таралуының айқын көлемі 0,12-ден 0,17 л/кг дейін құрайды. Диклофенак синовиальді сұйықтыққа өтіп, мұндағы ең жоғарғы концентрацияларына 3-6 сағат өткенде жетеді. Қан плазмасындағы концентрациясының шыңына жеткеннен кейін 2 сағат өткенде синовиальді сұйықтықтағы белсенді заттың деңгейлері плазмадағыға қарағанда жоғары болады және 12 сағатқа дейін едәуір жоғары күйінде қалады.
Биотрансформациясы. Бастапқы молекуланың глюкуронизациялануы жолымен ішінара бауырда метаболизденеді, бірақ бұл негізінен бір реттік және көп реттік гидроксилдену және метоксилдену есебінен жүреді, бұлардың көпшілігі глюкуронидты конъюгаттарға конвертацияланатын бірнеше фенольді метаболиттер түзілуіне әкеледі. Бұл фенольді метаболиттің екеуі биологиялық тұрғыда белсенді болады, бірақ диклофенакқа қарағанда аз дәрежеде байқалады.
Элиминация. Диклофенактың плазмадан жалпы жүйелік клиренсі – 263 мл/мин құрайды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі (T½)– шамамен 2 сағат, синовиальді сұйықтықтан – 3-6 сағат. Бүйрекпен (40-65 %), өтпен және нәжіспен (35 %) шығарылады.
Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасы. Препараттың сіңірілуінде, метаболизмінде немесе шығарылуында пациенттің жасына байланысты айырмашылықтар байқалмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өзгермейтін әсер етуші заттың жинақталуына жол берілмейді.
Созылмалы гепатиті бар пациенттерде немесе декомпенсацияға дейінгі бауыр циррозы бар емделушілердегі диклофенактың фармакокинетикалық параметрлері бауыр аурулары жоқ пациенттердегідей болады.
Фармакодинамикасы
Қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қызу қайтаратын дәрі.
Диклофенактың әсер ету механизмі циклооксигеназалардың (ЦОГ-1 және ЦОГ-2) тежелуіне, нәтижесінде арахидонды каскад реакциясының бөгелуіне және простагландиндер (ПГЕ2 мен ПГF2альфа), тромбоксан А2, простациклин, лейкотриендер синтезінің бұзылуына және лизосомальді ферменттердің лықсытылуына, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуіне байланысты болады. Диклофенак қабыну симптомдарының айқындығын жояды немесе елеулі азайтады; қабыну ошағында түзілетін биологиялық белсенді заттарға жүйке ұштарының простагландиндер индукциялаған жоғары сезімталдығын төмендетеді; дене температурасын (термореттеудің гипоталамустық тізбегіне простагландиндер әсерінің алдын ала отырып) төмендетеді; етеккір қанындағы простагландиндер концентрациясын және бастапқы дисменореяда ауырудың қарқынын төмендетеді.
Ревматизмдік ауруларда диклофенактың қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттері тыныштық күйіндегі және қозғалыстағы ауыру, таңертеңгі қозғала алмау, буындар домбығуы сияқты симптомдар мен шағымдардың айқындығының елеулі төмендеуін туындатады, сондай-ақ буындардың функциясын жақсартады.
Жарақаттардан және операциядан кейінгі қабыну құбылыстары кезінде диклофенак өздігінен болатын, сондай-ақ қозғалғанда болатын ауыруды басады қабыну ісінуін және операциядан кейінгі ісінуді басады.
Жасушалық өскіндерде жүргізілген зерттеулерде натрий диклофенагі емделушілерді емдеген кезде жететінін деңгейіне баламалы концентрацияларда шеміршек тіні протеогликандарының биосинтезін бәсеңдетпейді.
Диклофенак шығу тегі ревматизмдік емес орташа және қатты ауыруларда (соның ішінде бас сақинасы ұстамаларында) айқын ауыруды басатын тиімділік байқатады; бастапқы дисменореяда ауыру сезімдерін жоюға және қан жоғалту айқындығын төмендетуге қабілетті.
Қолданылуы
- ревматизмдік аурулардың қабынбалы және дегенерациялық формалары (ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит, остеоартроз, спондилоартриттер), омыртқада орныққан ауыру синдромдарында; буыннан тыс ревматизмде
- подаграның жедел ұстамаларында
- жарақаттардан және операциядан, мысалы стоматологиялық және ортопедиялық араласулардан кейінгі қабынумен және ісінулермен қатар жүретін ауыру синдромдарында
- ауыру синдромымен және қабынумен қатар жүретін гинекологиялық ауруларда, мысалы, бастапқы дисменорея немесе аднексит
- ауырумен қатар жүретін ЛОР-ағзаларының ауыр қабыну ауруларында (фаринготонзиллит, отит және басқаларында) біріктіріп емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге тамақтану кезінде немесе тамақтанудан кейін дереу шайнамастан, жеткілікті мөлшердегі сумен ішуге тағайындайды.
Дозаны жекелей таңдау, сондай-ақ мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде ең төменгі тиімді дозасын қабылдау.
Ересектер үшін ұсынылатын бастапқы тәуліктік дозасы 100-150 мг құрайды. Жеңіл жағдайларда, ұзақ мерзімді емдеу кезіндегідей әдетте 75-100 мг тағайындау жеткілікті болады.
Ересектерге арналған жалпы тәуліктік доза әдетте 2-3 қабылдауға бөлінеді. Препараттың тәуліктік дозасы 150 мг-ден аспауы тиіс.
Бастапқы дисменореяда дозаны жекелей таңдайды және әдетте ол 50-150 мг құрайды. Бастапқы доза 50-100 мг құрауы мүмкін, бірақ қажет болғанда бірнеше етеккір оралымында оны арттыруға болады, бірақ тәулігіне 200 мг-ден арттырмайды. Препаратты қолдануды мүмкіндігінше бірінші ауыру синдромы байқалғаннан кейін-ақ бастау керек; симптоматикасына байланысты ұзақтығы бірнеше тәулікке дейінді құрайды.
Бір реттік және тәуліктік дозасы, сондай-ақ емдеу ұзақтығын дәрігер жеке белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі ( >1/100-ден <1/10 дейін)
- бас ауыру, бас айналуы
- вертиго
- жүректің айнуы, құсу, диарея, диспепсия, абдоминальді ауыру, метеоризм, анорексия
- трансаминаза деңгейлерінің жоғарылауы
- бөртпе
Сирек ( >1/10000-нан <1/1000 дейін)
- аса жоғары сезімталдық реакциясы, анафилактикалық/анафилактоидтық реакциялар, гипотензияны және шокты қоса
- ұйқышылдық
- демікпе (диспноэ қоса)
- гастрит, асқазан-ішектен қан кету (қан құсу, мелена, қан аралас диарея), асқазан мен ішектің ойық жарасы, қан кетумен немесе тесілумен қатар жүретін немесе онсыз
- гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы
- есекжем, тері тітіркенуі
Өте сирек (<1/10000)
- тромбоцитопения, лейкопения, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, агранулоцитоз
- ангионевроздық ісіну
- бағдардан адасу, депрессия, ұйқысыздық, шым-шытырық түстер, ашушаңдық, психоздық бұзылыстар
- парестезия, жадының нашарлауы, құрысулар, үрей, тремор, асептикалық менингит, дисгевзия, ми қан айналымының жедел бұзылуы
- көрудің бұзылуы, көрудің бұлыңғырлануы, диплопия
- құлақтағы шуыл, естудің бұзылуы
- жүрек қағуының жиілеуі, кеудедегі ауыру, жүректің жеткіліксіздігі, миокард инфаркті
- гипертензия, васкулит
- пневмония
- колит (геморрагиялық колит және ойық жара колитінің асқынуы немесе Крон ауруын қоса), іш қату, стоматит, глоссит, өңеш тарапынан бұзылыстар, диафрагма тәрізді интестинальді стриктуралар, панкреатит
- шұғыл дамыған гепатит, некрозданған гепатит, бауыр жеткіліксіздігі
- буллезді дерматит, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативті дерматит, алопеция, фотосезімталдық реакциялары, пурпура, Шенлейн-Генох пурпурасы, қышыну
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, папиллярлы некроз
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- диклофенакқа және препараттың басқа да ингредиенттеріне жоғары сезімталдықта
- асқазан мен ішектің ойық жарасы, қан кету немесе тесілу
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза - галактоза мальабсорбциясы
- жүктілік және лактация кезеңі
- бауыр, бүйрек және жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі
-ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдаудан болған сыртартқыдағы демікпе ұстамалары, есекжем, жедел ринит
- қан түзілуі жүйесінің аурулары
- қан айналымының жасанды аппаратын қолданудан немесе коронарлы шунттау операциясынан кейінгі операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін
- 18 жасқа дейінгі балаларға (бояулар болуына байланысты)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Диклофенак қан плазмасында литий мен дигоксиннің концентрациясын жоғарылатады. Қан плазмасында соңғыларының мониторингі ұсынылады. Диклофенак, басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), сияқты диуретиктермен немесе гипертензияға қарсы препараттармен (мысалы, β-бөгегіштермен, АӨФ тежегіштерімен) бірге қолданғанда, олардың гипертензияға қарсы тиімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан мұндай препараттардың біріктірілімін абайлап тағайындау, ал пациенттер (әсіресе егде жастағылар) артериялық қысымды мезгіл-мезгіл бақылап отырулары тиіс. Пациенттер суды жеткілікті мөлшерде қабылдаулары, ал қатар жүретін емді бастаудан және аяқтаудан кейін, атап айтқанда диуретиктер мен АӨФ тежегіштерін қолданғанда нефроуыттылықтың пайда болу қаупі жоғарылауы салдарынан бүйрек функциясын мезгіл-мезгілбақылап отыруы керек.
Калийжинақтаушы диуретиктерді бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін (дәрілік заттарды осылайша үйлестірген жағдайда бұл көрсеткішті жиі бақылап отыру керек).
Диклофенакты және басқа да жүйелік қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе кортикостероидтарды біріктіріп қолдану ас қорыту жолы тарапынан болатын жағымсыз әсерлердің жиілігін арттыруы мүмкін.
Диклофенакты, анткоагулянттарды және тромбозға қарсы препараттарды бір мезгілде қолданатын пациенттерде қан кету қаупі жоғарылауы мүмкін. Сондықтан дәрілік заттар осындай үйлесімде қолданылғанда науқастарды мұқият және ұдайы қадағалау керек.
Жүйелік стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін бір мезгілде қолдану асқазан-ішек жолдарынан қан кету қаупін жоғарылатуы мүмкін.
Диклофенакты және диабетке қарсы препараттарды бір мезгілде қолданғанда соңғыларының тиімділігі өзгермейді. Алайда мұндай жағдайларда гипогликемияның да, гипергликемияның да дамуы мүмкін, бұл қант төмендететін препараттардың дозасын төмендетуге түрткі болады. Осы себеппен емдеу кезінде қандағы глюкоза деңгейін бақылау ұсынылады.
Метотрексатты қабылдауға дейін немесе одан кейін 24 сағат ішінде препаратты қолданғанда абай болу керек, өйткені мұндай жағдайларда қандағы метотрексаттың концентрациясы жоғарылауы және оның уытты әсері күшеюі мүмкін.
Диклофенакты, колестиполды немесе холестираминді бір мезгілде қолдану диклофенактың сіңірілуін тиісінше шамамен 30 %-ға және 60 %-ға азайтады. Препараттарды бірнеше сағаттық аралықтармен қабылдау керек.
Бауырдың микросомальді ферменттерін көтермелейтін препараттар, мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенитоин, шайқурай(Hypericum perforatum) теориялық тұрғыда диклофенактың қан плазмасындағы концентрациясын төмендетуге қабілетті.
Диклофенактың бүйректегі простагландиндер синтезіне ықпал етуі циклоспориннің нефроуыттылығын күшейтуі мүмкін. Сондықтан препаратты циклоспорин қабылдамайтын пациенттерге тағайындалатын дозадан аз дозада тағайындау керек.
Бактерияға қарсы дәрілерді хинолон туындыларын және диклофенакты бір мезгілде қабылдайтын науқастарда сирек жағдайда құрысулардың дамуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Асқазан-ішек жолына әсері
Диклофенакты қоса барлық ҚҚСП қолданғанда асқазан - ішектен қан кетуінің дамуы, ойық жара немесе тесілу жағдайлары белгілі, олар өлімге әкеп соқтыруы және осының алдында симптомдары бар немесе жоқ, сыртартқысында елеулі асқазан - ішек аурулары бар пациенттерде кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін Сыртартқысында әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы бар, сондай-ақ егде пациенттерде ҚҚСП дозасын арттырғанда асқазан-ішектен қан кету қаупі жоғары болады. Сыртартқысында асқазан-ішек жолдарының аурулары, асқазанның ойық жаралы зақымдануы, ойық жаралы колиті немесе Крон аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ егде емделушілерде асқазан-ішектің уыттануын төмендету үшін препараттың ең аз тиімді дозасын пайдалану және мұқият медициналық бақылау жүргізу керек. Жүйелі кортикостероидтар, антикоагулянттар, антитромбоцитарлы дәрілер немесе серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштері сияқты ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыратын дәрілік заттарды бір мезгілде алып жүрген пациенттерде айрықша сақ болу ұсынылады. Асқазан-ішек асқынуларының даму қаупі жоғары емделушілер үшін, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларымен ем алатын науқастар үшін диклофенакпен емдеуді, мысалы, протонды сорғы тежегіштерімен немесе мизопростолмен біріктірілген емімен қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Пациенттерде асқазан-ішек қан кетуі жағдайы өршіген жағдайда немесе тесілгенде Ортофен-Здоровье препаратын тоқтату керек.
Сыртартқысында асқазан-ішектен қан кетуі бар емделушілер, әсіресе егде пациенттер кез-келген абдоминальді симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кетулер) туралы хабарлауы тиіс.
Тыныс жолдарының ауруы бар пациенттер
Демікпесі, маусымдық аллергиялық риниті, мұрын шырышты қабығының ісінгіштігі, өкпесінің созылмалы обструктивті аурулары немесе тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары бар пациенттерде (әсіресе егер олар аллергиялық ринитке ұқсас симптомдармен байланысты болса), басқа пациенттермен салыстырғанда Квинке ісінуі немесе есекжем жиі байқалады. Бұл пациенттерге, сондай-ақ басқа препараттарға аллергиясы (бөртпе, қышыма немесе есекжем) бар пациенттерге Ортофен-Здоровье препаратын тағайындағанда абай болу керек.
Тері реакциялары
Диклофенакты қоса ҚҚСП қолданғанда елеулі тері реакциялары (соның ішінде өлімге әкелетін (эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермальді некролиз) пайда болуы мүмкін. Пациенттерде мұндай реакциялардың пайда болу қаупі көптеген жағдайларда емдеудің бірінші айы ішінде жоғары болады. Тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа да белгілері пайда болғанда Ортофен-Здоровье препаратын қолдануды тоқтату керек.
Ортофен-Здоровье препаратын қолданғанда басқа да ҚҚСП-мен болатын жағдайдағыдай анафилактикалық/анафилактоидты реакцияларды қоса, аллергиялық реакциялар бұрын диклофенакқа аллергиялық реакция байқалған пациенттерде сирек өршуі мүмкін.
Бауырға әсері
Ортофен-Здоровье препаратын бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тағайындағанда мұқият медициналық қадағалау жүргізу қажет, өйткені олардың жай-күйі нашарлауы мүмкін.
Ортофен-Здоровье препаратымен ұзақ емдеу барысында сақтық шарасы ретінде бауыр функциясына ұдайы мониторинг жүргізу керек. Басқа да ҚҚСП сияқты диклофенак бауыр ферменттерінің белсенділігін жоғарылатуы мүмкін. Бауыр ферменттерінің белсенділігі сақталғанда немесе одан ары қарай жоғарылағанда, бауыр функциясы бұзылуының клиникалық симптомдары өршігенде немесе басқа симптомдар (мысалы, эозинофилия, бөртпе) пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Диклофенакты қабылдау аясында гепатит бұдан бұрынғы симптомсыз дамуы мүмкін екенін қаперде ұстау керек.
Ортофен-Здоровье препаратын бауыр порфириясы бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек, өйткені препарат порфирия ұстамасына түрткі болуы мүмкін.
Бүйрекке әсері
Диклофенакты қоса ҚҚСП-ен емдегенде сұйықтықтың іркілуі мен ісінулердің болу жағдайлары белгілі болғандықтан жүрегінің немесе бүйрегінің функциясы бұзылған, сыртартқысында гипертензиясы бар пациенттерге, егде пациенттерге, диуретиктермен немесе бүйрек функциясына елеулі әсер ететін дәрілік препараттармен қатар ем алатын пациенттерге, сондай-ақ ауқымды операцияға дейін немесе одан кейін кез-келген себеппен жасушадан тыс сұйықтықтың көлемі елеулі азайған пациенттерге айрықша сақ болу қажет. Ортофен-Здоровье препаратын осындай жағдайларда қолданғанда сақтық шарасы ретінде бүйрек функциясының мониторингін жүргізу ұсынылады. Препаратты қолдануды тоқтату әдетте бүйрек функциясының бастапқы деңгейге дейін қалпына келуіне әкеледі.
Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері
Диклофенакты қоса ҚҚСП-ен жоғары дозаларда және ұзақ уақыт емдеу елеулі жүрек-қан тамыр тромбоздық құбылыстарының (миокард инфаркты мен инсультті қоса) аздап артуымен астасуы мүмкін. ҚҚСП қабылдайтын емделушілерде, әсіресе жүрек-қан тамыр факторларының қаупі болуында жүрек-қан тамыр жағымсыз құбылыстарының әлеуетті қауіптерін барынша азайту үшін мүмкін болатын ең қысқа кезең ішінде ең аз тиімді дозасы пайдаланылуы тиіс.
Гематологиялық әсерлері
Диклофенакпен ұзақ емдеу барысында, басқа да ҚҚСП сияқты, қанның жалпы клиникалық талдауына бақылау жүргізу ұсынылады. Басқа ҚҚСП сияқты диклофенак тромбоциттер агрегациясын уақытша азайтуы мүмкін. Гемостазы бұзылған пациенттер мұқият қадағалануы керек, шеткергі қан көрінісін жүйелі бақылау қажет.
Гериатрия
Препаратты егде пациенттерге тағайындағанда абай болу керек. Атап айтқанда, әлсіреген егде пациенттерге немесе дене салмағы төмен пациенттерге ең аз тиімді дозаны тағайындау ұсынылады.
Диклофенак, өзінің фармакодинамикалық қасиеттерінің арқасында инфекциялық - қабыну ауруларына тән шағымдар мен симптомдарды бүркемелеуі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Диклофенакты жүкті әйелдерге тағайындалуы зерттелмеген. Сондықтан егер оны қолданудың пайдасы ұрық үшін болар қауіптен аспаса, жүктіліктің бастапқы екі триместрінде Ортофен-Здоровье препаратын тағайындамау керек. Басқа да ҚҚСП сияқты, жатырдың босану қызметі әлсіздігінің және/немесе артериялық түтіктің мезгілінен бұрын жабылу қаупінің өршуі салдарынан препаратты жүктіліктің үшінші триместрі ішінде қолдану қарсы көрсетілімде.
Басқа да ҚҚСП сияқты диклофенак аздаған мөлшерде емшек сүтімен бөлініп шығады. Сондықтан, балада жағымсыз әсерлерді болғызбау үшін Ортофен-Здоровьені бала емізу кезінде қолданбау керек.
Басқа да ҚҚСП сияқты диклофенак әйел фертильділігіне жағымсыз ықпал етуі мүмкін, сондықтан препаратты жүкті болуды жоспарлап жүрген әйелдерге тағайындау ұсынылмайды. Ұрықтану проблемалары бар немесе бедеулік жөнінен тексеріліп жүрген әйелдерде Ортофен-Здоровье препаратын тоқтатудың тиімділігін қарастыру керек.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Ортофен -Здоровье препаратын қабылдау кезінде бас айналуын, немесе көрудің бұзылуын қоса орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа да жағымсыз сезінулерді өткеретін пациенттерге автокөлікті жүргізуге немесе механизмді басқаруға болмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: құсу, асқазан-ішектен қан кету, диарея, бас айналу, құлақтағы шуыл немесе құрысулар. Айқын уыттану жағдайында жедел бүйрек жеткіліксіздігі мен бауырдың зақымдануы дамуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, адсорбенттерді қабылдау. Қажет болғанда артериялық гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, құрысулар, ас қорыту жолы тарапынан болатын бұзылулар мен тыныс алудың бәсеңдеуі сияқты асқынулар кезінде көрсетілімде болатын демеуші және симптоматикалық ем. Қарқынды диурез, гемодиализ немесе гемоперфузия диклофенактың шығарылуы үшін пайдалы болатыны неғайбыл, өйткені қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың белсенді заттары қан плазмасының ақуыздарымен елеулі дәрежеде белсенді байланысады және қарқынды метаболизмге ұшырайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 немесе 30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамада 30 таблеткадан немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Здоровье» фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ.
Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Здоровье» фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ, Украина.
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Фарм-Евро» ЖШС
050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер
Тел.: +7(727) 271-10-17
Факс: +7(727) 271-84-97
E-mail: farmevro@mail.ru