- Рудный
Сіздің қалаңыз
Тауарлардың болуы, жеткізу мерзімдері және төлем әдістері туралы ақпаратқа әсер етеді.
Троксерутин Ветпром
- Үй
- Дәрі-дәрмектер
- Сүйектер мен буындар
- Троксерутин Ветпром
Троксерутин Ветпром
Қолдану көрсеткіштері
Өнім мәліметтері
Өндіруші | Ветпром |
---|---|
Өндіруші елі | Болгария |
Форма | гель |
Саны | 1 |
Қаптамасы | қорап |
Түр | дәрі-дәрмек |
Дәріханалардан босатылу шарттары | рецептсіз |
Белсенді ингредиенттер
Белсенді зат | Доза |
---|---|
Троксерутин, негізгі | 2 % |
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекен | Рудный |
---|---|
Бөлшек бағасы | 640 ₸ |
Болжалды жеткізу уақыты Перевод (тәулік бойы) | 60 минутқа дейін |
Қоймада | 1 н. |
Тапсырыс бағасы
Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.
Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.
Қолдану нұсқаулығы
Дәрілік препаратты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
Саудалық атауы
Троксерутин Ветпром
Халықаралық патенттелмеген атауы
Троксерутин
Дәрілік түрі, дозасы
Сыртқа қолдануға арналған гель, 2 %
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-тамыр жүйесі. Вазопротекторлар. Капиллярлық тұрақтандырғыштар. Биофлавоноидтар. Троксерутин.
АТХ коды С05СА04
Қолданылуы
- созылмалы веналық жеткіліксіздікке байланысты ауыру мен ісінулерде
- аяқта ауырлық пен ауыруды сезіну, тобықтың ісінуінде
- шаршау, домбығу, құрысулар, парестезияларда
- жедел беткейлік тромбофлебит және перифлебитте
- варикоздық дерматитте
- жарақат сипатындағы ауырулар мен ісінулерде (оның ішінде байламдардың зақымдануы, бұлшықеттің созылуы немесе соғылуы)
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуында
- 15 жасқа дейінгі балаларға
- жүктіліктің I триместрінде, лактация кезеңінде
Бүйрек жеткіліксіздігінде (ұзақ пайдалануда) сақтықпен қолдану керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Троксерутин Ветпром жергілікті қолданғанда дәрілермен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Арнайы ескертулер
Шырышты қабық пен ашық жараға жағуға болмайды!
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрінде, егер анасы үшін болжамды пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен артық болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат айрықша зейін қою мен жылдам реакцияны талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқаруға әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Қажеттілігіне қарай гелді бинт немесе эластикалық шұлықтың астына жағуға болады.
Емдеу ұзақтығы ісінулер мен басқа да симптомдары толық жойылғанға дейін белгіленеді.
Енгізу әдісі мен жолы
Гель сыртқа қолдануға арналған.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
Сирек
- қызару, қышыну, бөртпе, дерматит
- бас ауыруы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
белсенді зат – троксерутин 2,0 г;
қосымша заттар: карбомер, троламин, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Иіссіз, сарыдан сарғыш-жасылға дейінгі біркелкі мөлдір гель.
40 г препараттан ішкі лакты жабыны, литографияланған сыртқы беткейі, жарғақша мен тығыздайтын сақинасы, бұрандалы полиэтилен қақпағы бар алюминий сықпаға салынады.
Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
ВЕТПРОМ АД, Болгария
2400 2400 Радомир қ., Отец Паисий к-сі, 26
Тел.: +35924519300.
E-mail: office@vpharma.bg
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
ВЕТПРОМ АД, Болгария
2400 2400 Радомир қ., Отец Паисий к-сі, 26
Тел.: +35924519300.
E-mail: office@vpharma.bg
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Қазақстандағы «ДАНСОН-БГ» ООД өкілдігі
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі, 46-18
Тел/Факс: +7 (727) 395 91 13
Моб. тел: +7 (701) 718 25 92
e-mail: layka16@mail.ru