Траумель С

Өнім мәліметтері
ӨндірушіБиологиш Хеилмиттел Хил Biologishe Heilmittel Heel
Өндіруші еліГермания
Форматаблетки
Саны50
Қаптамасыбанка
Түрдәрі-дәрмек
Дәріханалардан босатылу шарттарырецептсіз
Дәл қазір жеткізу құны
Елді мекенРудный
Бөлшек бағасы 0 ₸
Болжалды жеткізу уақыты
Перевод (тәулік бойы)
60 минутқа дейін
Қоймада жоқ
Тапсырыс бағасы

Препаратты алдын ала тапсырыс беруге болмайды.

Қолданар алдында препаратқа қоса берілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл беттегі ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген. Препаратқа қоса берілген нұсқаулық басымдық болып саналады.

Қолдану нұсқаулығы

Дәрілік препаратты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)

 

Саудалық атауы

Траумель С

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі, дозасы

Таблеткалар

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар. 

АТХ коды V03AX

Гомеопатиялық дәрілік препарат.

 

Қолданылуы

Тірек-қимыл аппаратының жеңіл немесе орташа жарақаттарының, сондай-ақ тірек-қимыл аппаратының жеңіл ауыратын және қабыну ауруларының демеуші емінде.  

 

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің бір де бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтуға байланысты күтілмейді.

Арнайы ескертулер

Егер симптомдары сақталса немесе нашарласа, сіз дәрігерден немесе кәсіби медицина қызметкерінен кеңес алуыңыз керек.

 

Бұл өнім құрамында лактоза бар. Бұл препаратты галактозаның тұқым қуалайтын көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды. 

Бұл препарат құрамында эхинацея болғандықтан, келесі аурулардың қайсы-бірі болған жағдайда дәрігермен кеңесіңіз:

прогрессивті жүйелік бұзылыстар, аутоиммунды аурулар, иммунитет тапшылығы, иммуносупрессия және лейкоциттер жүйесі аурулары.

Жүктілік немесе лактация кезінде 

Препарат құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың жүктілік және емшек емізу кезіндегі уыттылығы белгісіз. Басқа дәрілердегі сияқты жүктілік және емшек емізу кезінде қолданар алдында дәрігерден кеңес алу қажет.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне  әсер етпейді.

 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі 

Стандартты доза:

Ересектер (және 12 жастан асқан балалар):

1 таблеткадан күніне 3 рет.

Педиатрияда:

6-11 жастағы балалар: 1 таблеткадан күніне 2 рет.

Бастапқы доза   немесе жедел жағдайда:

Ересектер (және 12 жастан асқан балалар):

Әр ½ -1 сағат сайын 1 таблеткадан – күнделікті 12 таблеткаға дейін, содан соң стандартты дозада жалғастыру керек.

Педиатрияда:

6-11 жастағы балалар: әр 1-2 сағат сайын 1 таблетка, күнделікті 8 таблеткаға дейін, содан соң стандартты дозада жалғастыру.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 2 апта. Бұл препараттың  құрамында эхинацея болғандықтан, дәрігердің кеңесінсіз үзіліссіз 8 аптадан артық пайдаланбаңыз.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке.

Траумель С таблеткаларын тамақтануға дейін 30 минут бұрын қабылдаған жөн. Таблетканы ауыз қуысында ерітіп, содан кейін жұтқан дұрыс. Балалар үшін таблетканы ұсатып және судың аздаған мөлшеріне себуге болады. Бұл препарат тамақтану арасындағы аралықтарда қабылдануы тиіс.  

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Бір де бір артық дозалану жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтуға байланысты күтілмейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер 

Егер сізде осы препаратты қолдану туралы сұрақтарыңыз болса, дәрігеріңізден немесе медициналық қызметкерден сұраңыз.   

 

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Терінің аллергиялық реакциялары (аса жоғары сезімталдық) өте сирек жағдайларда пайда болуы мүмкін.

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

 

Қосымша мәліметтер 

Дәрілік препараттың құрамы 

Бір таблетканың құрамында  

белсенді заттар:

Arnica montana D2

                                    15.0 мг

Calendula officinalis D2

                                    15.0 мг

Hamamelis virginiana D2

                                    15.0 мг

Achillea millefolium D3

                                    15.0 мг

Atropa bella-donna D4

                                    75.0 мг

Aconitum napellus D3

                                    30.0 мг

Mercurius solubilis Hahnemanni D8

                                    30.0 мг

Hepar sulfuris D8

                                    30.0 мг

Matricaria recutita D3

                                    24.0 мг

Symphytum officinale D8

                                    24.0 мг

Bellis perennis D2

                                      6.0 мг

Echinacea D2

                                      6.0 мг

Echinacea purpurea D2

                                      6.0 мг

Hypericum perforatum D2

                                      3.0 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы 

Дөңгелек пішінді, иіссіз немесе аздап тәтті иісі, ойығы бар, жалпақ беткейлі, ақтан сарғыш-ақ түске дейінгі таблеткалар. Жекелеген жағдайларда қызғылт сары теңбілденуіне жол беріледі.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 таблеткадан полипропиленнен жасалған қақпақ-тығыны бар полипропилен контейнерге  салынады. 

1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

 

Сақтау мерзімі

5 жыл

Контейнерді алғаш ашқаннан кейін 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды! 

   

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.  

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз 

 

Өндіруші туралы мәлімет

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тел.: +49 7221 501-00

Факс: +49 7221 501-210

info@heel.com

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы  

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тел.: +49 7221 501-00

Факс: +49 7221 501-210

info@heel.com

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«AEM Services» ЖШС

050040, ҚР, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 75А үй, 102-103 кеңсе

Эл. пошта: aemservices@mail.ru

Тел.: +7 707 798 83 99

Қаржылық ақпарат

Сайтта VISA / MasterCard арқылы тауарларды төлеуге болады. Интернет-эквайрингті банк ForteBank қамтамасыз етеді. Төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты ресейлік банктердің карталарына уақытша қызмет көрсетілмейді.